Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет49/50
Дата07.10.2024
өлшемі4,69 Mb.
#205764
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
УМКД2

Мұғалімдерге

1.

Сапалы нәтиже алуға мүмкіндік беретін критерийлерді құрастыруға;

2.

Өз іс-әрекетіне талдау жасап, жоспарлау үшін жедел ақпараттануға;

3.

Оқыту сапасын арттыруға;

4.

Әр білім алушының оқудағы жеке траекториясын оның жеке қабілеті мен ерекшеліктеріне қарай құруға;

5.

Бағалаудың түрлі құралдары мен тәсілдерін қолдануға;

6.

Нормативтік, әдістемелік құжаттардың мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

2-кесте. Білім алушылар үшін:



р/с

Білім алушыларға

1.

Өзінің түсінгенін жеткізу үшін қабілеттерін, ойлау әрекеттері түрлерін, оқудың түрлі стильдерін қолдануға;

2.

Өзінің оқу нәтижелерін жоспарлау, жетістігін сезіну үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

3.

Өзін, өзінің құрдасын бағалай отырып, рефлексияға қатысуға;

4.

Сыни ойлау, өзінің түрлі көзқарасын білдіру, нақты мәселені шешу үшін білімін қолдануға.

3-кесте. Ата-аналар үшін:



р/с

Ата-аналарға

1.

Өз баласының білім деңгейіне қатысты нақты дәлелдер алуға;

2.

Баласының оқудағы ілгерілеуін қадағалауға;

3.

Оқу үдерісінде баласына қолдау көрсетуге;

4.

Мектеп әкімшілігі, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5.

Мектепте, сыныпта өз баласының жайлы жағдайына сенімді болуға мүмкіндік береді.



Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды енгізу, кез келген жаңалықтағы сияқты белгілі бір қиындықтар туындатуы мүмкін.Сондықтан үйлестірушілерге қатысты болуы мүмкін қатерлерді, оның алдын алу шараларын есепке алып, дер кезінде шара қолдануы қажет (4-кесте).




Кесте - 4. Үйлестірушілерге қатысты болуы мүмкін қатерлерді,оның алдын алу шаралары



Қауіп қатер мүмкіндігі

Алдын алу шаралары

Критериалды бағалаудың негізгі
сұрақтарына қатысты мұғалімдердің теориялық дайындықтарының жеткіліксіздігі, тәжірибелерінің,
қажетті тәжірибелік дағдыларының аздығы



- Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарындаоқуын қамтамасыз ету.

- Мұғалімдердің пост-курстық әдістемелік қолдау көрсету мүмкіндіктерін пайдалану.

- Бейінді оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру.

- Тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

- Тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мен сәйкес тәжірибелерді жинақтау үшін мұғалімдерге қажетті уақыт беру.
- Мұғалімдер арасында ашық ынтымақтастық пен өзара көмек беру ахуалын құру.

- Қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік материалдар кешеніне қолжетімділікті ұсыну.

- Мұғалімдердің онлайн қолдау көрсету мүмкіндіктерін пайдалану (бейнересурстар, форумдар және т.б.).

- Бағалау құралдарын құрастыру кезінде мұғалімдердің топтық жұмыстарын ұйымдастыру.

- Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына сыртқы онлайн сараптама жүргізу.

- Білім алушылардың жұмыстарын модерациялауға қатысу.

Критериалды бағалау жүйесін енгізу кезіндегі адаптациялық кезеңнің аздығы



-Тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мен сәйкес тәжірибелерді жинақтау үшін мұғалімдерге қажетті уақыт беру.



Критериалды бағалауға қажеттіматериалды, құралдарды құрастыруда, нәтижелеріне талдау жүргізуде мұғалімдердің немқұрайлылық танытуы

- Қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік материалдар кешеніне қолжетімділікті ұсыну.
- Білім алушылардың жұмыстарын модерациялауға қатысу.

- Мұғалімдердің онлайн қолдау көрсету мүмкіндіктерін пайдалану (бейнересурстар, форумдар және т.б.).

- Бағалау құралдарын құрастыру кезінде мұғалімдердің топтық жұмыстарын ұйымдастыру.

- Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына сыртқы онлайн сараптама жүргізу.
- Мұғалімдер арасында ашық ынтымақтастық пен өзара көмек беру ахуалын құру.

- Тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мен сәйкес тәжірибелерді жинақтау үшін мұғалімдерге қажетті уақыт беру.

- Мұғалімдер арасында ашық ынтымақтастық пен өзара көмек беру ахуалын құру.

- Қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік материалдар кешеніне қолжетімділікті ұсыну.

- Мұғалімдердің онлайн қолдау көрсету мүмкіндіктерін пайдалану (бейнересурстар, форумдар және т.б.).

- Бағалау құралдарын құрастыру кезінде мұғалімдердің топтық жұмыстарын ұйымдастыру.

- Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына сыртқы онлайн сараптама жүргізу.

- Білім алушылардың жұмыстарын модерациялауға қатысу.

- Тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мен сәйкес тәжірибелерді жинақтау үшін мұғалімдерге қажетті уақыт беру.

- Мұғалімдер арасында ашық ынтымақтастық пен өзара көмек беру ахуалын құру.

Ата-аналардың критериалды бағалаужүйесін түсінбеуі

- Мектептегі ата-аналармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

- Ата-аналар үшін жеке кеңестер, оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастыру.

- Ата-аналарды балаларының оқу үдерісіне қатыстыру деңгейін кері байланыс сапасынжақсарту арқылы арттыру.

Критериалды бағалау жүйесін
енгізу кезінде мектеп әкімшілігі,
үйлестірушілердің тарапынан
лайықты қолдау көрсету мен бақылау жасаудың болмауы

- Үйлестірушілердің өзін-өзі ұстай білуін, ынтасын, белсенділігін дамыту.

- Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасында ашық өзара қарым-қатынас орнатуға көмектесу.

Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнында қазір орын алып келе жатқан сапалы өзгерістер салдары ретінде бағалау жүйесіндегі өзгерістерге жетелейді. Білім алушылар жетістіктерін бағалауда оқудағы жағымсыз сәттерді жоюға мүмкіндік беріп, оқу үрдісін жекелендіруге, білім алушылардың оқу мотивациясын және оқу дербестігін көтеретін көзқарастар талапқа ие болып шығуда.


Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үрдісіндегі мұғалімнің өзінің де рөлі өзгеріп отырғанына ықпал етеді. Тұлғалық-бағдарлы білім беру оқу үрдісін субъектілер арасындағы әріптестік (бірлескен қызмет) негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім мен білім алушылардың өзара әреткеттесуі үзілмей, оған қоса, көтермелеумен қолдау тауып отырады. Бағалау үздіксіз жүреді, сапалы нәтижеге қозғалыс үрдісінің өзі бағаланады. Білім алушылар өзінің біліміндегі ақаулықтарын өз бетінше және саналы анықтап, мұғаліммен бірге оларды жою бойынша жұмыс жүргізеді, бұл бастауыш мектепте әсіресе маңызды.
Мұғалім мен білім алушының осындай өзара әрекеттерінің үлкен құндылығы олардың білім беру үрдісінде белсенді әрекеттесуінде, қажет кезінде бір-бірінің пікірлеріне сыйластықпен қарап, ауысуында түйін тауып отыр. Өздігінен бағалау нәтижеге емес, білім үрдісіне, оның сапасына бағыт алғаны маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет