Бөлім, ортақ тақырыптарбойынша жиынтық бағалау Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы әр бөлімді/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі.Аталған жиынтық бағалаудың нәтиіжесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім, ортақ тақырып тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны меткептер өз бетінше құрастырады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
тілдік пәндер – сөйлеу әрнекетінің түрлері бойынша; тыңдалым мен айтылы, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (төмендегі кесте) пәндерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұзақ мерзімді жоспарына (математика, 2 сынып) бөлім, бөлімше, мақсаттары, ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлері бойынша жасалған талдау 1-кестеде берілген.
Кесте - 1. Бөлім, бөлімше, мақсаттары, ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлері бойынша жасалған талдау