Тұрақты (резидентті) – микроорганизмдердің тұрақты құрамымен сипатталады;
Транзиторлы (уақытша) – тері мен шырышты қабаттарға қоршаған ортадан келіп түсіп, ауруларды тудырмайды.
Қалыпты жағдайда дені сау адамның ішкі мүшелері мен тіндерінде микроорганизмдер болмайды. Оларға келесі мүшелер жатады: * ішкі мүшелер; * бас миы мен арқа жұлыны; * лимфа; * өкпе альвеоласы; * жатыр қуысы; * бүйрек; * несеп жолы мен несеп қапшығы.
Терінің қалыпты микрофлорасы
1. Тұрақты (облигатты):
аэробты және анаэробты дифтероидтар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
тері стафилококы.
2. Факультативті (транзиторлы):
іріңді стафилококк пен стрептококк;
фекальді стрептококк;
ішек таяқшасы, т.б.
Көздің қалыпты микрофлорасы (конъюнктивтер)
1. Тұрақты (облигатты):
патогенді емес коринобактериялар;
нейссериялар;
тері стафилококы;
сарциналар.
2. Транзиторлы (уақытша):
патогенді стрептококк пен стафилококк;
микоплазмалар;
ішек бактериялары.
Тыныс алу жолдарының қалыпты микрофлорасы
1. Облигатты:
дифтериодтар;
микрококктар;
нейссериялар;
тері стафилококы;
гемолитикалық емес стрептококк.
2. Факультативті:
пневмококктар;
патогенді стафилококк;
клебсиеллалар;
Құлақтың қалыпты микрофлорасы
Ортанғы құлақ
Мұнда микробтар аз мөлшерде кездеседі, себебі күкірт бактерицидті қасиетке ие.