Дәрістік кешен Дәріс. Кіріспе дәріс



бет10/38
Дата21.01.2022
өлшемі230 Kb.
#113059
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА Дәріс

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бала үлкендердің іс-әрекетін қайталаумен шектелген. Негізгі қалыптастырылған қасиет үйрену, дағды, салт-дәстүр болатын. Тәрбие қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты болғандықтан, таптық сипат алды. Үстем тап тәрбиесі (аристократтық) қарапайым халық тәрбиесі болып бөлінді. Сол себептен тәрбиенің мақсаты өзгерді және оны іске асыратын әдіс-тәсілдер де өзгеріп отырды. Жалпы әр ұлттың тәрбие ерекшеліктеріне байланысты, адамзат тәрбиесі кеңейтілді.

Ежелгі дүниенің Қытай, үнді, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдырды сол ғылыми аумақта дүниеге келді.

Конфуцийлық кезеңде (б.э.д. 1 мыңжылдықтың ІІ жартысы білімді адам бейнесі гуманитарлық біліміне байланысты теориялық қортындысында болды. Бұл кезең атақты Кун-фоу-цзының есіміне байланысты аталған.

Қытай елінің атақты философы Кун-фу-цзы б.э.д. 551-479 жылдар арлығында өмір сүрген. 15 жасынан бастап білімге құштарлығын танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырған. Кун-фу-цзы шәкірттері ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын «әңгімелер мен пікірлер» (Лунь юй) деген конфуцийшылдық ілімнің негізі болған шығармаға жинақтады. Кон-фу-цзы жоғары жаратушы күш аспан деп танып, ол жерде әділеттің (әділдіктің) болуын қадағалап отырады деп тұжырымдаған. Ол, негізінен, адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін қарастырған. Ол «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік» ұғымдарына көңіл бөлген. Ал адамгершіліктің негізі – «СЯО» - «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау» жалпы үлкендерді сыйлау. «өзара сүйіспеншілік»- арқылы қарым-қатынас жасауда конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзегі ретінде қарастырады.

Кун-фу-цзының тағы бір тоқталған мәселесі білім, білу, оқу болды. Білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу деп есептейді. Білу дегеніміз тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі деп түсіндірген.

Қытай, Египет, Индия, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер ашылып, онда үстем таптың балалары оқып, тәрбиеленген. Алғашқы кезеңде діни мектептер және т.б.

Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Грециямен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізген. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттерден құралған. Олардың ішіндегі ілгерілері Аттика (орталығы – Афина) және Лаконея (орталығы – Спарта) т.б. ертедегі грек ғалымдары мен философтары өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер айтып, өсиет қалдырған. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымдарының дамуына себеп болды. Атап айтқанда: Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтиллин және т.б.

Олардың педагогикалық көзқарастары:



    1. Тәрбиенің мақсаты – белгіленген әлеуметтік функцияларды орындауға даярлау.

    2. Жеке адам болып қалыптасу. Табиғат пен тәрбиеге байланысты.

    3. Талап: бала тәрбиесіне ерте кезеңнен қарау керек.

    4. Қоғамдық тәрбие идеясын бекіту.

Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – Ежелгі Греция философия өкілі- Демокрит (460-370) өзінің атомдық теориясына негізделген жеке адам дамуының матералистік көзқарасын ұсынды.

Демокрит – балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «табиғат және тәрбие негізі. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзетеді. Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».

Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон, Аристотель, Тертуллиана (160-222жж.б.э.д.) еңбектерінде жарияланған. Олардың идеяларында адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы тұжырымдалды.

Сократ өзінің шәкірттеріне диалог жүргізуді, логикалық ойлауды үйреткен. Оның «Сократтық сүхбат әдісі» атты ақиқатты анықтау тәсілі бүгінгі ұрпаққа жеткен. Ол әдіс сұрақ-жауап жүйесі негізінде логикалық ойлау арқылы дұрыс жауап табуға үйретеді.

Платонның педагогикалық теориясының негізінде білім алу адамға қуаныш әкелу керек, таным мен шаттану бірегей үдеріс деген идея жатыр. Платонның педагогикалық мұрасын жалғастырушы оның шәкірті, кейіннен әріптесі болған Аристотель мектебінде адамның жалпы мәдени деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді және білім беру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру, білім берудің мемлекеттік сипатта болып, азаматтардың бірдей білім алу қажеттігіне, тәрбиенің дене, ақыл-ой тәрбиесі бірлігінде жүзеге асырылуы керек деген идеяаны ұстанады. .

Платон өзінің философиясы арқылы алғаш рет тәрбиенің негізін қалаған. Ол тәрбиені мемлекет тарапынан ұйыдастыру керек деп есептеді. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтаған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде балалар тәрбиешінің басқаруымен ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбиеде ол ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Білім беру жүйесін ұсынған. Білім берудің жоғары сатысына философияны, арифметиканы, геометрия, астрономия, музыка теориясын жатқызды.

Атақты грек философы және ғалымы Аристотель мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтаған. Аристотель дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйрету қабілеттігін атап өткен. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, математиканы, музыканы оқуы керек деп есептеді.

Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнекті өкілі Марк Фабий Квинтеллиан болды. Ол – «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы.

Аудиторизм (констонтиннопольдық мектеп ІХ ғ. ортасында Макпарга деп аталды) жоғары мектеп. Бұл кезеңде жоғары заңгер, медицина, философия т.б. мектептер болған.

ХІІғ. аяғында университеттер құрылған. Ортағасырлық университеттерді: дайындық, құдай сөзі, заңгер және медицина факультеттері құраған.

Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік утопистер және гуманистердің білім беру және тәрбие туралы (қайта өрлеу дәуірі ХІV-ХVІ) ойлары сипат алған. Қайта өрлеу дәуіріндегі өкілдер Франсуа Рабм (1494-1553), Мишель де Монтень (1533-1592), Томос Мор (1478-1535), Эразм Роттердамский (1466-1536), Роберт Оуэн (1771-1858).

Франсуа Рамб «Гаргон Тюа және Пантагрюль» еңбегін жазған. Ол шығармашылық белсенділік, өзіндік ойлауды дамыту, жан-жақты білім алу идеясын ұсынды. Мишель де Монтень «Тәжірибелер» еңбегінің авторы. Ол білім берудің мақсаты – «өзін-өзі» танып білу, әдемі өмір сүріп, әдемі өмірден қайту, сонымен бірге ақыл-ойды дамыту, балалардың кез-келген тұлғаға, көзқарастарға сын көзбен қарауын, өзінше ойлауын қалаптастырған. Монтень діни тәрбиеге қарсы болды және мұғалімнің моральдық қасиеті жоғары болуы, балаларға қайырымды іс-әрекет көрсетуі қажет деп санаған.

Томас Мор «Жаңа утопия аралы және мемлекеттің ең жақсы құрылымының қасиеттілігі, қызықтылығы туралы алтын кітап» еңбегінің авторы. Ол барлық балаларға алғашқы білім беру және қоғамдық тәрбиені кең түрде іске асыруды жақтады. Оқыту ана тілінде жүргізілуін және негізгі мектепте оқу, жазу, арифметика, геометрия, астрономия, музыка, диалектика, жаратылыстану, жер шаруашылық теориясы пәндерін енгізу қажет деп санаған.

Эразм Роттердамский «Оқытудың әдісі туралы», «Ерте және лайықты бала тәрбиесі туралы» және т.б. Ол балаға діни, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру қажет және оның физикалық дамуына көңіл бөлуді ұсынған.

Жаңа дәуір кезеңінің көрнекті өкілдері ретінде Я.А.Коменский (1592-1670), Джон Локк (1632-1704), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Генрих Пестасоции (1746-1827), Ф.В.А.Дистерврг (1790-1866) т.б. атауға болады. ХVІІғ. бастап ХVІІІғ. аралықтарында педагогика ғылымының және ектептердің дамуына үлкен үлес қосты.

Орыс педагогикасында тәрбие туралы ой-пікірлер мен қолданылмаған тең қалыптасқан. Ерте заманның өзінде Руста мектептер ашылды. 1030жылдың өзінде Новгородта 300 балалық мектеп ашылды. ХІІ ғасырдағы «Князь Владимир Монахтың балаларды үйретуі» атты педагогикалық трактатты, өз кезінде кең тарады. Бұл трактатта - өз Отаныңды сүю және қорғау туралы, адамдарға көмек көрсету және қайырымдылық құрметті болуы және үлкендерге, құдастарға, жасөспірімдерге сыйлы болуы, сауаттылыққа ынталылықпен жету т.б озық ойлар басым болды.

ХVІІ ғасырда Ешфаний Славинецкий және Симон Полоцкий тәрбие мәселелерін қарастырды. Орыстың педагогикалық ойының дамуына М.В.Ломоносов үлкен үлес қосты. Ол «Риторика», «Россия громатикасы» т.б. бірнеше оқу кітаптарын жазды. Ресей педагогикасында өлшеусіз із қалдырған Н.И.Новиков болды. Ол «Жүрек және ақыл үшін балалар кітабы» атты Ресейде бірнеше рет журнал шығарды.

Орыстың ағартушы демократтары, философтары және жазушылары – Б.Т.Белинский, А.Н.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов еңбектері мектепте ұдайы оқытылып келеді. Бұлар сословиялық мектептерді сынады, халықтың тәрбиесін қайта өзгерту ұрандарды көтерген.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский есімі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарында бірінші орын алады. Ол ресейдегі педагогика ғылымының және орыс мектебінің іргеатасын қалаушылардың бірі. Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антохопология» атты еңбектері балалар мен мұғалімдер үшін таптырмайтын, қайталанбас, педагогикалық әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар болды. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.

А.С.Макаренконың негізгі идеялары: ұжымда тәрбиелеу, еңбек арқылы тәрбиелеу, отбасында тәрбиелеу, саналы тәртіп қалыптастыру. А.С.Макаренко балалар ұжымын педагогикалық тұрғыдан басқарудың принциптерін ұсынды. Еңбек тәрбиесінің әдістемесін жасау арқылы баланы отбасында тәрбиелеуге және саналы тәртіп қалыптастыруға болады деген ой тұжырымдаған.

В.А.Сухомлинский (1918-1970) негізгі еңбектері: «Жүрегімді балаларға арнаймын», «Ұжымды тәрбиелеу әдісемесі», «Оқушының рухани әлемі» және т.б. Негізгі идеялары: баланы сүю – басқа адамның рухани әлеміне ықпал ету ; баланы қорғау қажеттігі; тәрбиенің мәні баланы түсінуде; оқуға үйрету қажет; тәрбиеге жеке дара тұрғыдан келу қажет; баланың өзіндік іс-әрекетін шығармашылық тұрғыдан дамыту – педагогикалық жүйенің өзегі; патриоттық, азаматтық тәрбие – жеке тұлғаның қажетті қасиеттерінің бірі. Баланы 6 жастан оқыту қажет деп шешкен. Оқыту баланың танымдық қызығушылығын санасын дамыту процесі деген ойды тұжырымдаған.

В.Ф.Шаталов белгілі педагог – ғалым, жазушы. Шаталов педагогикалық процестің мақсаты – барлығын оқытып, барлығына берік білім беру, оның ұраны – білім барлығына. Педагогикалық процестің басты принципі – ашық болашақ.

Сапалы білім, сапалы тәртіп. В.Ф.Шаталов педагогикасы – оқушыларды ойлау іс-әрекетіне, психологиялық тірек жасайды. Ол оқу процесіндегі үлгерім, саналы еңбек, тұрақты білім беруде көптеген еңбектер жазған.

Синтетикалық-антропологиялық ағым. Бұл ағым – философия, өнер, ғылым және діндегі адам туралы мазмұндалатын білімдер жиынтығы. Бұл ағым өкілдеріне М.Мак-Милан, М.Монтессори, О.Декроли Я.Корчаг, П.Ф.Лесгафт, М.М.Рубинштейн және т.б. жатады.

Жаратылыстану ғылымдары ағымы Оның өкілдеріне: В.П.Вахтеров, А.П.Нечаев, Н.Е.Румянцев, В.Анри, В.Штерн, Л.Термен, С.с.Корсаков және т.б.

Әлеуметтік ағым. Өкілдері: Э.Дюркгейм, Г.Спенсер, М.Вебер, Н.В.Чехов және т.б. Философиялық ағым, діни ағым, тоталитарлық ағым т.б ағымдар педагогиканың дамуына үлкен үлес қосты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет