*Ерін аурулары. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеуі *3*18*2*
#664
*!18 жастағы қыз, студент төменгі ерінінің құрғақтығы мен кедір-бұдырлығына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерінде Клейн белдеуінен еріннің қызыл жиегінің ортасына дейін, ауыздың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін жолақ ретінде созылған жұқа қабыршақтар бар.
Келтірілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Манганотти хейлиті
*Экзематозды хейлит
*Еріннің түлей қабынуы
*+Метеорологиялық хейлит
*Аллергиялық хейлит
#665
*!17 жастағы жасөспірім ерініндегі және айналасындағы терінің құрғақтығына, қышуына шағымданады. Бала күнінде ауыздықтар болған. Әртүрлі жақпалар қолданғанда уақытша жазылған. Ауру тарихында: цитрустарға және ақуыздың кейбір түрлеріне аллергиясы бар. Қарап тексергенде: мұрын-ерін үшбұрышының терісінде көлемді эритема, еріннің қызыл жиегі құрғақ, майда қабыршақтармен жабылған. Тіліктің айналасындағы тері 3 см-дей радиуста пигменттелген және лихенизацияланған. Ауыз бұрышында тіліктер бар.
Келтірілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+еріннің түлей қабынуы
*актиндік хейлит
*гландулярлы хейлит
*метерологиялық хейлит
*экзематозды хейлит
#666
*!20 жастағы қыз төменгі ерініндегі, әсіресе ерінін түйістіргендегі ауыру және күйдіру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің қызарған, ісінген қызыл жиегі ауыздың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін «фартук» тәрізді салбыраған, сарғыш-қоңыр түсті қабықтармен жабылған. Айналасындағы терінің түрі қалыпты жағдайда. Келтірілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*еріннің түлей қабынуы
*еріннің актиндік қабынуы
*еріннің гландулярлы қабынуы
*метерологиялық хейлит
*+экзематозды хейлит
#667
*!48 жастағы ер адам төменгі ерініндегі тағам қабылдағанда, сөйлегенде күшейетін ауру және күйдіру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерінде, Клейн белдеуіне жақын, 42,43 тістер аймағында диаметрі 0,8 см терең ақау анықталды. Ақаудың негізінде инфильтрация, жиектері көтеріңкі, мүйізгектелген, табаны тегіс,беті фибринді қақпен жабылған, ауырады, аздап тығыздалған.
Келтірілген қосымша тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*серологиялық
*+цитологиялық
*биохимический
*бактериоскопиялық
*рентгенологиялық
#668
*!36 жастағы әйел адам ерінінің құрғақтығына, тартылып тұрғандай сезінетініне, кейде күйдіру сезіміне шағымданады. Жыл мезгілімен байланыстырады. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі көптеген алынбайтын қабыршақтармен жабылған.
Келтірілген препараттардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+А дәруменінің майлы ерітіндісі
*гидрокортизонды эмульсия
*«Актовегин» жақпасы
*«Солкосерил» желесі
*мырыш жақпасы
#669
*!36 жастағы ер адам жоғарғы ерініндегі, тағам қабылдауды және аузының ашылуын қиындататын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру 10 жыл бұрын басталған. Қарап тексергенде: аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Төменгі қызыл ерін жиегінде, орталық сызықтың оң жағында, беті қанды қабықпен жабылған көлденең сызықтық ақау анықталды. Ақаудың ұзындығы 15мм, жиектерінің мүйізгектенуі байқалады. Ақаудың негізінде – қабыну инфильтраты бар.
Келтірілген қосымша тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*бактериоскопиялық
*серологиялық
*биохимиялық
*+цитологиялық
*рентгенологиялық
#670
*!36 жастағы ер адам жоғарғы ерініндегі, тағам қабылдауды және аузының ашылуын қиындататын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру5 жыл бұрын жылдың суық мезгілінде басталған. Қарап тексергенде: жоғарғы еріннің құрғақ қызыл жиегінде, орталық сызықтың оң жағында, беті қанды қабықпен жабылған көлденең сызықтық ақау анықталды. Ақаудың ұзындығы 15мм, жиектерінің мүйізгектенуі байқалады. Ақаудың айналасындағы қызыл жиек күңгірттенген және мүйізгектелген. Ақаудың негізінде – қабыну инфильтраты бар.
Келтірілген қосымша тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*бактериоскопиялық
*серологиялық
*+цитологиялық
*биохимиялық
*рентгенологиялық
#671
*!52 жастағы ер адам төменгі ерініндегі жараға шағымданады. Ауру тарихынан: 25 жыл бойы тас қалаушы болып жұмыс атқарған. Жоғарғы және төменгі ерінінің қызыл жиегіндегі құрғақтық пен түлеуді бұрыннан байқайды, 3 жыл бұрын төменгі ерінде жазылмайтын тілік пайда болған, 2 ай бұрын тілік жараға айналып жақпалармен ем нәтиже бермейді. Науқас темекі шегеді.
Қандай емдеу тәсілі НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+хирургиялық
*антибиотиктермен ем
*антигистаминді
*кереатопластиктер
*дәрумендермен емдеу
#672
*!35 жастағы әйел адам ерінінің құрғақтығына және аздап түлеуіне, қышу мен күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: 3 күн бұрын жаңа ерін далабын қолданып бастаған. Бұл белгілерді алғаш рет байқайды. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегінде шектелген эритемалар анықталды. Эритемалар аумағында майда күлбіреуіктер мен ылғалданған бөліктер бар. Бет және денесінің тері жабындылары өзгеріссіз.
Қандай емді тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+антигистаминді ем
*дәрумендермен ем
*криодеструкция
*бактериаға қарсы ем
*электрофорез
#673
*!52 жастағы ер адам төменгі ерінінде пайда болған жараларға шағымданады. Ауру тарихынан: 25 жыл бойы тас қалаушы болып жұмыс атқарған. Жоғарғы және төменгі ерінінің қызыл жиегіндегі құрғақтық пен түлеуді бұрыннан байқайды, 3 жыл бұрын төменгі ерінде жазылмайтын тілік пайда болған, 2 ай бұрын тілік жараға айналып жақпалармен ем нәтиже бермейді. Науқас темекі шегеді. Тұқымқуалаушылық белгілері анықталған жоқ.
Емдеу тәсілінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*хирургиялық
*антибиотиктермен емдеу
*антигистаминді
*+кератопластиктер
*дәрумендер
#674
*!22 жастағы жас жігіт аузының ашылуының шектелуіне, сөйлеуінің және тағам қабылдауының қиындауына шағымданады. Қышып, тартылып, керіліп тұрғандай сезінеді. Ауыру 15 жасында басталған. Қарап тексергенде: төменгі ерінінде ашық қызыл түсті эритема ошақтары, майда күлбіреуіктер, беті қабықпен жабылған ылғалды эрозиялар бар, кілегей қабық патологиялық өзгеріссіз.
Емдеу тәсілінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*антигистаминді ем
*дәрумендер
*+седативті препараттар
*бактериаға қарсы ем
*электрофорез
#675
*!17 жастағы қыз дерматолог дәрігерге ерініндегі құрғақтық пен қышу сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: ауырғанына бір ай болған. Өзінің ауыруын ерін далабымен байланыстырады (осы уақыт ішінде әртүрлі үш ерін далабын пайдаланған). Өздігімен емделмеген. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі құрғақ, майда тіліктері бар.
Емдеу тәсілінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+антигистаминді ем
*дәрумендермен ем
*седативті препараттар
*бактериаға қарсы ем
*электрофорез
#676
*!40 жастағы әйел адам төменгі ерініндегі ауыру және күйдіру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде төменгі еріннің қызыл жиегі қызарған және ісінген. Клейн белдеуі аймағында көптеген қабыршақтар және сарғыш-қоңыр түсті қабықтар көрінеді. Қабыршақтарды алғаннан кейін ашық қызыл түсті ошақ ашылады, эрозиялар жоқ.
Қай дәрілік препаратты тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+А дәруменінің майлы ерітіндісі
*гидрокортизонды эмульсия
*«Актовегин» жақпасы
*«Солкосерил» жақпасы
*мырыш жақпасы
#677
*!35 жастағы әйел адам, ерінінің құрғақтығына, аздап қабыршақтануына, қышу және күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихында: 3 күн бұрын, бұрын қолданбаған ерін далабын пайдаланған. Бұл белгілерді алғаш рет байқайды. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегінде шектелген эритема аумағында ұсақ көпіршіктер және ылғалды бөліктер көрінеді. Бет терісі және денесінің тері жабындылары өзгеріссіз.
Қай дәрілік препаратты тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+А дәруменінің майлы ерітіндісі
*гидрокортизонды эмульсия
*«Актовегин» жақпасы
*«Солкосерил» жақпасы
*мырыш жақпасы
#678
*!55 жастағы ер адам ерініндегі тіліктерге шағымданады. Науқастың сөзіне қарағанда соңғы жарты жыл ішінде тіліктер үлкейген, ауыру сезімі басылған, бірақ жара жазылмаған. Науқас темекі тартады. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз, сипағанда аздап ауырады, айналасындағы тіндерге қосылып кеткен. Төменгі еріннің орта бөлігінде гиперкератоз белгілері бар терең тілік бар. Тіліктің жиегі мен негізі сипағанда тығыз, қозғалмайды.
Емдеу тәсілінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+хирургиялық
*антибиотиктермен ем
*антигистаминді ем
*кератопластиктер
*дәрумендермен ем
#679
*!62 жастағы әйел адам төменгі ерінінің түрінің қалыпты еместігіне шағымданады. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегінде дөңгелек пішінді ақау көрінеді. Ақаудың беті ашық-қызыл түсті, тегіс, жылтыр. Ақаудың бетінде жұқа қабық түрінде сақталған жасушалар қабаты бар.
Келтірілген қосымша тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*бактериоскопиялық
*серологиялық
*биохимиялық
*рентгенологиялық
*+гистологиялық
#680
*!29 жастағы қыз, ерінінің құрғақтығына, аздап қабыршақтануына, қышу және күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихында: 3 күн бұрын, бұрын қолданбаған ерін далабын пайдаланған. Бұл белгілерді алғаш рет байқайды. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегінде шектелген эритема аумағында ұсақ көпіршіктер және ылғалды бөліктер көрінеді. Бет терісі және денесінің тері жабындылары өзгеріссіз.
Қай препараттарды тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+стероидты жақпалар
*трипсин, химопсин
*кристалды резорцин
*30% күміс нитратының ерітіндісі
*1% лидокаин ерітіндісі
#681
*!22 жастағы жас жігіт дәрігер-стоматологқа ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келген. Қарап тексергенде: төменгі еріннің кілегей қабығында, Клейн белдеуінің аймағында, сілекей бездерінің кеңейген түтіктері көрінеді, түтіктерден тамшы түрінде сілекей бөлініп тұр.
Қай препараттарды тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*антибиотиктер
*антигистаминді
*саңырауқұлаққа қарсы
*+кортикостероидтар
*антибактериалды ем
Достарыңызбен бөлісу: |