Десмургия – дененің жарақаттанғған не ауырған жеріне қозғалмайтындай жағдай жасау. Әсіресе, қол, аяқ, омыртқа жотасына қолданылады. Сүйек сынғанда жасаса, сүйектің ұсақ сынықтары қан тамырын, нерв талшықтарын т.б. тканьдерді зақымдамайды және сүйек тез бітеді. Сондай–ақ, жараны инфекциятүсуден қорғайды. Қол–аяқ жарақаттанғанда (сынық, буын шығу, буын аурулары т.б.) сырқырап ауруын басады.
Десмургия
Иммобилизацияның уақытша, тұрақты, емдік түрлері болады. Уақытша иммобилизация жасағанда арнайы таңғыш пайдаланылады. Емдік иммобилизация – гипстеп таңу, тартып түзеті, ортопедиялық аппараттар және корсет кигізу. Иммобилизация жұмсақ және тез қататын гипс таңғышты бекітетін апараттардың көмегімен жасалады. Қазір хирургирияда жиі қолданылатын Иммобилизацияның бір түрі остеосинтез.