Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігі, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. «Девиантты мінез-құлықты бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзінің еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді.С.Т.Холлдың пікірі бойынша, «Бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны келтіріп отырған себебіміз, баланың «Девиатты мінез-құлықты бала» атауына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен тәрбиеленбеуі.
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.)
ауытқушылықты білдіреді.
Девиантты іс-әрекеттің қалыптасу себептері:
1. Отбасында берекенің болмауы; 2. Түсінбеушіліктер мен ата-ана тарапынан қамқорлықтың жетіспеуі;
3. Тәрбие берудегі кемшіліктер; 4. Қоғамдық міндеттер мен күйзелістерді жеңе алмау; 5. Өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбы-құрдастарымен жиі тіл табыса алмауы; 6. Өз бетінше шешім қабылдай алмау; 7. Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмау проблемалары.