«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық


Стерильді жедел араласуларға арналған қатты



бет21/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#183045
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
!

Стерильді жедел араласуларға арналған қатты
эндоскоптарды өңдеу

Стерильді жедел араласуларға арналған қатты эндоскоптарды өңдеу мынадай процестерді қамтиды: алдын-ала тазалау, дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау, стерилизациялау.


Қатаң эндоскоптар және олардың керек-жарақтарын дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау қол тәсілімен немесе ЖДМ-да механикалық тәсілмен жүргізіледі.
Эндоскопты қол тәсілімен дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау процесі келесі қадамдарды қамтиды:
- жуу-дезинфекциялау ерітіндісіне эндоскопты толық батырумен және арналарды мәжбүрлеп толтырумен дезинфекциялық ұстау;
- тиісті мөлшердегі щеткалар мен сым тазартқыштары көмегімен ішкі арналарды және эндоскоптың алмалы-салмалы бөліктерін механикалық тазалау;
- ішкі арналарды арнайы құрылғылардың (спринцевальды түтіктер, жуғыш шприцтер немесе шүмегі бар жуғыш пистолет) көмегімен жуу;
- эндоскопты, оның ішінде арналарды арнайы құрылғылар көмегімен ауыз су сапасындағы және дистильденген сумен шаю;
Эндоскоптың сыртқы беттері жұмсақ шүберекпен, арналары - ауалық пистолеттер көмегімен ауамен кептіріледі. Оптикалық беттер қосымша 70% спиртпен кептіріледі, егер ол өндірушінің нұсқаулығында көрсетілген болса.
Механикалық тәсілмен дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау ЖДМ-да эндоскопиялық жабдық өндірушімен рұқсат етілген химиялық құралдармен немесе химиялық құралдар және термиялық әдіспен орындалады.
Дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау аяқталғаннан кейін тазалау сапасы тексеріледі; пайдалану нұсқаулығына сәйкес функционалдық сынақтар жүргізіледі, сурет сапасы тексеріледі, эндоскоптың жылжымалы бөліктерінің крандары мен топсалы механизмдері майланады.
Автоматты стерилизация циклының алдында эндоскоп мұқият кептіріледі және таңдалған стерилизация әдісі үшін ұсынылған стерилизациялы контейнеріне сақталады.
Эндоскопты қол тәсілімен стерилизациялау процесі стерильді эндоскопиялық араласу үшін иілгіш эндоскоптарды стерильдеуге ұқсас жолмен жүзеге асырылады.
Видеокамераның басқару блогын және видеоголовка блогын (оптикалық адаптермен (объектив), интеграцияланған видеоголовка блогын, бұрандалы қосылымы және оптикалық адаптері бар видеоголовка немесе онсыз, сонымен қатар оптикалық адаптердің өзі) өңдеу (қосқыш желісінен) электр желісінен ажыратылғаннан кейін дереу басталады.
Видеокамераның басқару блогы альдегидтерді, спирттерді немесе басқа биологиялық ластану компоненттерін бекітпейтін дезинфекциялау құралдарына батырылған бір реттік майлықтармен сүртіледі.
Видеоголовка, объектив және видеоголовка кабелін сыну және жарылуға визуалды тексеруден кейін, бейтарапты жуғыш құралдарының ерітіндісінде алдын ала тазалаудан өтеді.
Эндоскопиялық жабдықтарды дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау процессі келесі кезеңдерді қамтиды:
- дезинфекциялау ұстау уақытында жуу-дезинфекциялау ерітіндісіне батырылады;
- видеоголовка мен объективтен жұмсақ щеткамен (шүберекпен) ластануды жою;
- дистильденген сумен шаю.
Эндоскопиялық жабдықты стерилизациялау, өндіруші ұсынымдарына сәйкес бу, газ немесе плазма әдістерімен жүргізіледі. Стерилизация алдында камераның оптика және қосқышының тазалығы тексеріледі, шыны беттері 70% спиртпен құрғатылады, зақымдануына тексеріледі.
Видеоголовка мен кабельдің сақталуын арттыру үшін бір реттік чехолдарды пайдалану алдында, оперативті араласуларды жүргізу уақытында бұл медициналық өнімдер өндіруші нұсқауларына сәйкес барлық өңдеу процестерінен өтеді.
Шыныталшықты (сұйық) жарық бағыттаушылар дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау қол немесе механикалық тәсілдермен жүргізіледі. Стерилизация алдында шыны беттері қосымша 70% спиртпен кептіріледі, функционалдық сынақ жүргізіледі. Шыныталшықты жарық бағыттаушылар келесідей стерилизацияланады:
- булы, газды және плазмалық әдістермен;
- спороцидтік концентрацияда құрамында альдегиді бар, белсенді оттектік және кейбір құрамында хлоры бар құралдардың ерітінділерімен. Сұйық жарық бағыттағыштары газ әдісімен немесе химиялық заттардың ерітіндісінде стерилизацияланады.
Сорғыштардың керек-жарақтары (шайғыш сорғылар немесе помпа) болып табылатын аспирациялық банкалар және көп реттік силикон түтікшелерінің жиынтығын дезинфекциялаумен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау әрбір эндоскопиялық операциядан кейін қол немесе механикалық тәсілмен, стерилизация – өндіруші ұсынған режим бойынша бу әдісімен жүргізіледі.
Помпа желіден ажыратылғаннан кейін, құрамында спирті жоқ, дезинфекция құралдарының ертіндісіне батырылған майлықпен сүртіледі.
Инсуффляциялық құрылғыны керек-жарақтарымен өңдеу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

  • құрылғы желіден ажыратылғаннан кейін, құрамында спирті жоқ, дезинфекция құралдарының ертіндісіне батырылған майлықпен сүртіледі. Қолданылған бір реттік антибактериалды СО2-газды фильтр Б классындағы медициналық қалдықтарына жатады;

  • көп реттік силиконды түтікшелер жиынтығы өтеді;

  • жуу құралының ерітіндісінде алдын ала тазалау;

  • дезинфекциямен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау қол немесе механикалық тәсілмен арнайы құрылғыларды пайдалана отырып, түтікшелердің ішкі қуыстарын жуу-дезинфекциялау құралдарының ағынымен кедергісіз жуу үшін; қол тәсілімен өңдеуде қуыс кеңістіктерді щеткамен механикалық тазалау міндетті;

  • дистильденген сумен шаю;

  • ішкі қуыстарды ауамен және сыртқы беттерді шүберекпен кептіру;

  • герметикалық қарау және тексеру;

  • бу әдісімен стерилизация.

Артроскопияға арналған түтікшелер жиынтығы бір рет пайдаланылады және қайта өңдеуге жатпайды.
Эндоскоп жабдықтарын хирургиялық эндоскопиялық араласуларға дайындау кезінде пациенттерге инфекцияны жұқтыруды және құрылғыда ластануды болдырмау мақсатында, әрбір инсуффляция қосқышына бір реттік стерильдік антибактериальдық СО2-газы орнатылады.
Стерилденген эндоскоптар мен олардың аспаптарын сақтау мерзімі таңдалған стерилизация әдісімен, қаптама материалының түрі мен сақталу мерзімімен анықталады.



Стерильді эндоскопиялық араласуларды жүргізу үшін арналған медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің үй-жайларына, стерильді араласуларға арналған эндоскоптар мен аспаптарын өңдеуге



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет