985 мл суға 15 мл деконнексті қосады. Мұқият араластырады. Ерітіндінің
концетрациясы 1,5% - зарарсыздандыру уақыты-120 мин; кандидоздар
кезінде-ерітіндінің концентрациясы 1,5% - зарарсыздандыру уақыты-90
минут
1,5% концентрациядағы құралдың жұмыс ерітіндісі медициналық мақсаттағы
бұйымдарды стерильдеу алдында әр түрлі материалдардан-шыныдан,
резеңкеден, пластмассадан, металдардан, соның ішінде хирургиялық
(скальпельдер, пинцеттер, қайшылар, қысқыштар, корнцангтар және т.б.)
және стоматологиялық (қатты балқитын тіс борлары, стоматологиялық алмас
бастары, тіс дрильбордары, каналонаполниторлар, пульпоэкстракторлар,
тамыр бұрандары, фрездер, зондтар, тегістегіштер, экскаваторлар) тазалау
үшін қолданылады. Бұйымдарды стерильдеу алдындағы тазартуды осы
мақсаттар үшін рұқсат етілген кез келген құралмен жүзеге асырылған
дезинфекциялаудан кейін жүргізеді.
7. Медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін 2% ерітіндіні
дайындау: 20 мл деконексті (дезэфект, лизоформин) 980 мл суға
араластыру
Вирустық инфекциялар (АИТВ-инфекциясын, гепатиттерді қоса алғанда)-
ерітіндінің концентрациясы 2,0%, зарарсыздандыру уақыты — 30 мин.
Барлық манипуляциялар жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып
жүргізілуі тиіс — міндетті түрде қолғап киеді, ал қажет болған жағдайда
кӛзілдірігі бар респираторлар да киіледі. Дезқұралдарды дайындау және
сақтау бӛгде адамдар үшін қол жетпейтін жеке техникалық бӛлмеде
жүргізіледі.
Ең алдымен, ыдысты дайындау керек, бұл эмальданған, пластикалық немесе
шыны ыдыс болуы мүмкін. Ыдысқа 980 мл суық ауыз су құйылады. Содан
кейін суға 20 мл деконект қосып, оны ӛлшеуіш қалпақшамен немесе
стақанмен ӛлшейді. Дезинфекциялау құралының дайын су ерітіндісі бар
ыдысты қақпақпен жабады және жапсырмада барлық ақпаратты:
ерітіндінің атауы мен концентрациясын, жарамдылық мерзімімен оны
дайындау күнін, сондай-ақ дайындаған қызметкердің аты-жӛні кӛрсетеді.
8
Достарыңызбен бөлісу: