РЕВМТИЗМДІ ЕМЕС КАРДИТТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ - Кардиттің ауырлығына байланысты:
- Жеңіл;
- Орташа ауыр;
- Ауыр.
- Жүрек жеткіліксіздігінің түрі мен дәрежесіне байланысты:
- сол қарыншалық I, IIa, IIb, III дәрежелі;
- оң қарыншалық I, IIa, IIb, III дәрежелі;
- барлығы.
НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН АСҚЫНУЛАРЫ: - Кардиосклероз, миокард гипертрофиясы, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуы, өкпе гипертензиясы, қақпақшалардың бұзылуы, конструктивті миоперикардит, тромбоэмболиялық синдром.
ЕРТЕ ТУА ПАЙДА БОЛҒАН КАРДИТТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ - Экстракардиальды симптомдар:
- Туған кезде дене салмағының төмен болуы және болашақта салмақтың нашар өсуі;
- Летаргия;
- Тершеңдік;
- Мазасыздық;
- Жеңіл цианоз;
- Тамақтану кезінде шаршау.
- Жүрек ауруының белгілері:
- Жүрек шекаралары солға қарай кеңейтілген;
- Апикальды импульс әлсіреген;
- Жүрек тондары тұйық немесе саңырау;
- Шу болмауы мүмкін;
- Толық жүрек жеткіліксіздігі.
ЭКГ – синусты тахикардия, ригидті ритм, жоғары тар QRS комплекстері, сол жақ жүрекшенің шамадан тыс жүктелуі, сол жақ қарыншаның миокард гипертрофиясы, сол жақ өзектерде ST сегментінің төмен ығысуы. - ЭКГ – синусты тахикардия, ригидті ритм, жоғары тар QRS комплекстері, сол жақ жүрекшенің шамадан тыс жүктелуі, сол жақ қарыншаның миокард гипертрофиясы, сол жақ өзектерде ST сегментінің төмен ығысуы.
- Жүрек УДЗ – сол жақ қарыншаның жиырылу функциясының төмендеуі, жүрек камераларының кеңеюі, фиброз аймақтары.
- Рентгендік тексеру – кардиомегалия, жүрек пішіні сфералық немесе сопақша.
- Лабораториялық қан талдауы – өзгеріссіз..
- БОЛЖАМЫ – нашар, себебі, жүрек жеткіліксіздігі дамиды, балалар ерте жаста өледі. Мұндай жағдайларда тек жүрек трансплантациясы толық көмектесе алады.
- Ерте туа біткен кардиті бар балалар өмірінің соңына дейін үнемі жүрек гликозидтерін алуға мәжбүр. Қажет болса, диуретиктер мен калий препараттары қосылады.
- Олар үнемі кардиологтардың есебінде тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |