Тон дегеніміз периодтық толқындық үдерістер түріндегі дыбыс.
Тонның биіктігі тербелістің жиілігімен анықталады.
Жиілік неғұрлым көп болса, тон соғұрлым жоғары болады.
Дыбыстың биіктігі неге тәуелді болатынын анықтау үшін екі камертон алып, оларды дыбыс шығаруға мәжбүр етеді. Егер олардың тербеліс графиктерін салса, онда кішірек камертонның тербеліс жиілігі үлкенірек камертондыкінен көп болатынын байқауға болады. Демек, дыбыс биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.