Дыбыстың табиғаты, физикалық сипаттамалары


Инфрадыбыстар, олардың медицинада қолданылуы



бет6/6
Дата24.05.2020
өлшемі162,58 Kb.
#70935
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АКУСТИКА

4.4 Инфрадыбыстар, олардың медицинада қолданылуы

Инфрадыбыстар – жиілігі, адам құлағы қабылдайтын жиіліктерден, яғни 16 Гц-тен төменгі механикалық (серпімді) толқындар.

Инфрадыбыстардың көзі табиғи (теңіз, жер сілкіністері, найзағай разрядтары және т.б.), сол сияқты жасанды (жарылыстар, автомашиналар, станоктар және т.б.) нысандар болып табылады.

Инфрадыбыс көбінесе естілетін дыбыстармен бірге таралады, сондықтан оларды өлшеу және зерттеу кезінде біршама қиындықтар туындайды.

Инфрадыбыстар әртүрлі орталарда аз жұтылады, сондықтан ол өте үлкен қашықтықтарға тарала алады. Бұл инфрадыбыстың жер қыртысындағы таралуын пайдалана отырып, жарылыс көзін алыс қашықтықтардан бақылауға, өлшенілген инфрадыбыстық толқын арқылы цунамиге болжау жасауға және т.б. мүмкіндік береді. Инфрадыбыстың толқын ұзындығы естілетін дыбыстың толқын ұзындығынан үлкен болғандықтан , олар жақсы дифракцияланады және бөгеттерді айналып өту арқылы ғимаратқа ене алады.



Олардың ең басты қасиеті – тітіркендіргіштігі. Сондықтан оларды өмір сүруін тоқтатуға жақын ұлпаларды қайта тірілтуге қолданады. Инфрадыбыс ауада жылдам өшеді, алайда серпімді орталарда , дербес жағдайда суда, жақсы таралады. Инфрадыбыстың ағзаның беткі қабатына әсері бұлшық еттер мен нерв талшықтарында діріл сезімін тудыру арқылы байқалады. Бұл олардың әсер ету жиіліктерінің ағза жиіліктерімен сәйкес келуі кезіндегі резонанстық құбылысқа негізделген. Адам денесі меншікті тербелістерінің жиіліктері жатқан кезде (3-4 Гц), түрегеп тұрғанда (5-12 Гц), кеуде жасушасының меншікті тербелістерінің жиілігі (5-8 Гц), құрсақ қуысыныкі (3-4 Гц) және т.б. инфраыбыс жиіліктеріне сәйкес келеді.

Инфрадыбыс ағзаның функционалды жағдайына кері әсер етеді: шаршау, бас ауру, ұйқы келу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет