Мақсаты: Түстер туралы ұғымдарын кеңейту Барысы: Тәрбиеші қызыл,жасыл,сары түсті ыдыстарды полотноға орналастырып былай деп әңгімелейді: Дүкенге алдымен тәрелкелерді әкелді. Дүкеншілер оларды сөрелерге орналастырды.Жоғарғы сөреге сары түсті ,ортаңғы сөреге жасыл түсті,төменгі сөреге қызыл түсті тәрелкелерді орналастырды.Балаларға сұрақ қойып қайталатады.Сонан соң кеселерді әкелді. Қане, балалар дүкеншілерге кеселерді тәрелкелерге түстеріне қарай орналастыруға көмектесейікші-деп балаларды ойынға шақырады. Көрнекілігі: Картоннан қырқылып полотноға орналастырылған әр түсті кеселер мен тәрелкелер