Ортаңғы топтарындағы таным білім беру саласы қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің дидактикалық ойындары
«Сәлеметсіз бе, мынау менің тобым»
Дидактикалық ойын: «Не көрдің, не білдің?»
Мақсаты: Тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздары мен ойыншықтарды дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру және салыстыруға үйрету.
Шарты: Экскурсияда не көргендерің естеріне түсіріп айтып беру керек. Заттарды өз ара салыстырып беру керек.
Дидактикалық ойын: «Кімнің құралы?»
Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Құралдар: балабақша қызметкерлерінің жұмысына арналған құралдар
Шарты: Балалардың алдында кескінді ұсақ суреттер жатады.
Тапсырма: Тәрбиеші балабақша қызметкерлерінің суреттерін көрсете отыра балалардан олардың жұмыстарына керекті құралын тауып беруін талап етеді.
Дидактикалық ойын «Болады болмайды»
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра сөздік қорын молайту.
(балалар шеңберде тұрады)
Балалар мен сеңдерге қала көшелеріңде не істеуге болады, болмайтының туралы сұрақтар қоямын.
Балалар жауаптарың қолындағы жалаушамен көтеріп жауап береді.
Көшені бағдаршамның қызыл көзі жанғанда?
Гүлзардағы гүлдерді жұлуға?
Гүлзардағы өсіп тұрған гүлге сүйсініп қарау.
Ағаш пен гүл отырғызу?
Кәмпиттің қағазын жерге тастау?
Жаяу жүргінші жолмен бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өтуге?
Қоғамдық орындарында бақырып, шулауға?
Адамдармен әдепті түрде әңгімелесу?
Дидактикалық ойын: «Адамдар мен көлік жүргізушілері»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндерін одан ары қарай дамыту.
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бірі адамдар, бірі көлік жүргізушілері болады. Арнай баскиім маскалары киіледі. Тәрбиеші бақылаушының рөлін атқарады. Тәрбиешінің белгісімен (екі рет қоңырау соғады) адамдар тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүреді. Ал көлік жүргізушілер аялдамада тұрады.
Тәрбиешінің белгісімен (бір рет қоңырауға соғады) адамдар тоқтайды, көлік жүргішілер жүреді.
(аялдама не екенің түсіндіреді)
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»
Мақсаты: сөздік қорын толықтыра отыра, шапшаңдылыққа баулу.
Шарты: сұрақтар қойылып балалар жауап береді.
«Күзгі» деп нені айтуға болады?
Күзді неге жомарт күз деп айтады?
Күзде егістікті жинайды деп түсіндіріп суретін көрсетеді
Күзде нелер ұшып кетеді?
Күзде неге ағаштарда жапырақтар азаяды?
Күзде не жиі болады?
Күзде жие жауын - шашын болады деп суреттерді көрсетіп түсіндіреді
Дидактикалық ойын: «Ағашты тап»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ағаштардың атауын анық айтуға үйрету.
Құралдар: Шырша, қайың, емен, терек
Шарты: Үстел үстіне төрт өсімдіктердің шырша, қайың, емен, терек, олардың жапырақтарының сүреттерін қояды. Жапырақтарына қарай ағаш түрін тауып алу керек.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Мақсаты: Тыңдау, есті қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.
Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары (торғай, сауысқан, тоқылдақ, көгершін,)
Шарты: таспа қосылып құстардың дауыстары кезек - кезек қойылады. Балалар таныс құстарды естеріне түсіріп, атауын айтып беру керек. Тәрбиеші дұрыс табылған құстың суретін тақтаға қояды.
Дидактикалық жаттығу: «Зейінді бол»
Мақсаты: тыңдау, есту қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.
Шарты: Тәрбиеші дала құстары туралы жұмбақтап айтып отырады, балалар қандай құс туралы байқап алда жатқан тиісті суретті көтеріп көрсетеді.
Дидактикалық ойын «Айтшы қандай?»
Мақсаты: Балаларды заттың белгілерін анықтауға үйрету
Шарты: Тәрбиеші (немесе бала) қорапшаның ішінен, заттарды алып шығады, балалар заттың атауы мен белгісін айтады
Дидактикалық ойын: «Кім көп айтады?»
Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын дамыта отыра, сөздік қорын молайту.
Құралдар: жануарлардың суреттері мен мекендеп жүрген суреттері, өнімдері «сүт, май, айран, ірімшік, сүзбе, құрт)
Шарты: балалар екі топқа бөлініп: бірі жануарлардың қайда мекендеп, немен көріктеніп жүретінің айтып суреттер (ұсақ) арқылы жауаптарын дәлелдейді. Екіншілері сурет арқылы жануарлардың адамға бере пайдасымен өнімдері туралы суреттер (ұсақ) арқылы жауап беріп түсіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Төлін тауып бер»
Мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдерінің ажыратуға үйрету.
Құралдар: Үй жануарлары мен төлдерінің кесінкі лото карточкалары.
Шарты: Әр баланың алдында үй жануарлардың суреті жатады. Үстелдің ортасында үй жануарларының төлдері.
Тапсырма: Жануарлар (балалармен бірге атап шығады) күнде жайлауға, өріске шағады, төлдері үйде (қорада) қалады. Төлдері ойнап жүргенде шатасып кетті. Төлдерді енелеріне тауып қою керек. Жауабын түсіндіреді.
Тақырып: «Аппақ, аппақ бәрі аппақ» Қар қандай
Сөздік ойын "Қар қандай?"доп арқылы
Тәрбиеші допты лақтырып қарға байланысты сөздер айтқызады, қар туралы. Балалар допты ұстап алып айтады, балалардың жауабы: әдемі, үлпілдек, ақ, суық керемет, мамық, жылтыр, тамаша, жабысқақ, дымқыл.
Дидактикалық ойын: «Салыстыр неге ұқсайды»
Қар үлпілдек...... мақта сияқты, ұлпа сияқты
Қар жұмсақ.... төсек сияқты, көрпе сияқты
Қар нәзік... жібектей
Жел тікенекті.... мұздай
Жел суық.... шыныдай
Мұз жылтыр.... жұлдыздай, жалындай, жаңа сауған сүттей
Ұлпақкарлар айналады... мұз сүңгісіндей, балмұздақтай
Қар ериді... баладай, бүлдіршіндей жылайды
Мұз сүңгісі...
Дидактикалық ойын: «Қысқы болжамдар»
Қысқы болжамдарды білесіңдер ме, қәне ойнайық
-«Түн аязды, тыныш және жұлдыздар аспанда,
Қатты аяз болғандықтан үйлердің түтіні тік шығып тұр...
-« Жел оң түстік жақтан, қар ұлпалары бар, аяз ақырындады... - Күндіз күн ашық болады
-« Балық мұз астында құйрықтарымен тарсылдатса қысқы күнде... - боран болады»
-«Әйнекте аяз оюлар салса, ағаштың бұтақтарында қырау болса..... - Күндер жылынады
-«Қыс қарлы болса... - Күн ашық, аязды болады
-«Қыс аязды болса... - Ұйытқып боран болады.
Дидактикалық ойын: «Шатаспақ»
Мынау ненің құйрығы?
- Мынау ненің басы?
- Ненің көлеңкесі?
- Мақсаты: Қыстап қалған жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, ойлау қабілеттерің дамыту.
Шарты: балалар суреттерге қарап, ормандағы қателерін, тауып алып, дәлелдеу керек мысалы: «Қасқыр алақаның сорып жатыр»
- Ертегі орманда қандай қате көріп тұрсыңдар? - Қыста кірпі мен аю ұйықтау керек.
- Балалар, қандай аң өз іздерін сыпырып жүрген? - тиын тоқсары, қыста сұр болады.
- Түлкі аң аулауға қай уақытта шығады? - Түлкі аң аулауға түнде шығады.
- Ал, қыста ненің іздерін көрмейміз? - Аю, кірпі, борсықтың
- Кім біледі, аю алақаның неге сорады? - Аюдың алақанының терісі өзгеріледі, сондықтан ол оны солай жылытады
- Ал қандай аң із тастайды?