Газтәріздесдиэлектриктер Ауа және газдар иондалу процессіне дейін идеалды диэлектрик болып табылады. Космостық радиация әсерінен олардың электризоляциялау қасиеті төмендей түседін Ауаның электрлік беріктігі нормалды қысымда 2,1 МВ/м. Ауаның электрлік беріктігі электр өрісінің жиілігіне тікелей тәуелді. Жоғары қысымдағы ауаның электрлік беріктігі фарфор және трансформаторлық майдың беріктілігінен асып түседін.
Сұйык диэлектриктер
3 топқа бөлінеді:
1) мұнайлық майлар;
2) синететикалық сұйықтықтар;
3) өсімдік майлары.
Сұйық диэлектриктерді жоғарғы кернеу кабельдеріне сіңіру үшін, конденсаторларда, трансформаторларда, өшіргіштерде және кірістерде пайдаланады. Сонымен қатар, олар трансформаторда жылу алып жүргіштер ретінде, өшіргіштерде доғаөшіргіштер ретінде т.б. пайдаланылады.