– науқастардың шағымы: жалпы әлсіздік, қозғыштығының жоғарылауы, нервісінің жұқаруы, ұйқысының бұзылуы, кейде ұйқысыздық. Тершеңдік, жүрек соғуы, кейде жүрек аймағында шаншитын немесе басатын ауырсыну, тәбетінің жоғарылауы, жүдеу, диарея. Қалқанша безінің ұлғаю дәрежесіне бірнеше классификациялар бар.
О – қалқанша безі (пальпацияланбайды) сипағанда анықталмайды.
І-дәрежесі – сипағанда қалқанша безінің мойыншығының ұлғаюы анықталады.
ІІ-дәрежеде – сипағанда қалқанша безінің бүйір бөліктерінің ұлғаюы анықталады.