Диктанттар жинағы


Тапсырма: көмектес септікте тұрған сөздердің астын сыз. Шахмат үйірмесі



бет6/16
Дата22.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#187374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Диктант жинағы

Тапсырма: көмектес септікте тұрған сөздердің астын сыз.
Шахмат үйірмесі

Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш- төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы- болашақта шахмат ойынының шебері болу.


Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат шебері болатынына сенімді.
(63 сөз)
Тапсырма: «шахмат» сөзін септендер.

Қымыз
Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған. (63 сөз)

Тапсырма:синоним сөздердің астын сызу.
Интернет туралы ұғым
Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
(65 сөз)
Тапсырма: сан есімдердің астын сыз.

Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев мың сегіз жүз қырық алтыншы жылы ақпан айында дүниеге келген. Оның әкесі Жабай, шешесі Ұлдан баласының атын өздерінің ата қоныстары Жамбыл тауының атымен атаған. Жамбыл он төрт жасынан бастап өлең айтқан. Он бес жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Жамбылдың , әсіресе екі өнері ерекше биік дәрежеге көтерілген. Біріншісі-айтыс. Жамбыл айтыстың қанатты құсы атанды. Екіншісі-ұзақ жырларды жатқа айту. Ол жүз жасаған –ақын.
(65 сөз)
Тапсырма: реттік сан есімдердің астын сызу .

Киіз үй
Киіз үй-Орталық және орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықты. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үйді біздің заманымыздан бұрынғы жетінші ғасырда кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналады. Киіз үйдің сол кезден бастап кең таралғанын сол заманда тасқа түсірілген суреттерден айқын байқауға болады. Көшпенді скифтердің киіз үйде тұратынын алғаш рет грек тарихшылары жазды.
(66 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет