Көшіру диктанты.
Қыс.
Ақ қар басқан дала әлі,
Жазылмаған парақтай.
Қоян қорқып қарады,
Жан – жағына алақтай.
“Қыс” туралы шағын әңгіме құрастыр.
Сөз және оның құрамы
Бақылау диктанты.
Әжесінің баласы.
Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайтынына қызығады. (36 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
“Ертегілерді” сөзін тасымалда.
Бақылау диктанты.
Желге мінген желөкпе.
Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
“Таудан” сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Сөйлем және оның түрлері
Гүлді баптау.
Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып, баптап күтуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерді баптағысы келіп кетті. Анасы жұмысқа кеткенде дастархандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді. Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді. (41 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
Диктант.
Орман тамашасы.
Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыздан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық. Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)
Бақылау диктанты.
Доп.
Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін - өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Сұлтан есін жиды. (38 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |