https://countrymeters.info/ru/World#religion сайтынан алынған дерек
Дінге қатысты философия діни философия және дін философиясы болып екіге бөлінеді.
(1) Діни философия – діни дүниетанымның өзінің ішінен қалыптасқан, яғни белгілі бір дін жүйесінде қалыптасқан философиялық ілім
(2) Дін философиясы – адамды дінге сенуші тіршілік иесі есебінде қарайтын дін туралы философия саласы
“Дін” латынның “religare” – “байланыс” деген сөзі
Діндердің пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар:
1. Прамонотеистік көзқарас
2. Эволюциялық көзқарас
Діндер “Құдай ашылған” және “Құдай ашылмаған” діндер болып бөлінеді. “Құдай ашылмаған” діндерге буддизм, даосизм, конфуцийшілдік жатады. “Құдай ашылған” діндер политеистік (көпқұдайлық: индуизм, брахманизм...); генотеистік (құдайлар арасында бір басты құдайы бар: ертедегі мемлекеттік діндер) және монотеистік (бірқұдайлық: ислам, христиан, иудаизм, сикхизм...) көзқарастарға негізделген