Тезистің түрлері
Басқа автордың жарияланымы бойынша құрылған тезис.
Автордың өз материалының негізінде жазылған тезис.
Бірінші жағдайда тезис авторы материалмен алдын ала таныс болмайды, сондықтан оны мұқият оқуы керек. Оқи отырып, мәтінді бірнеше бөлікке бөледі. Әрі қарай мәтіннің бөлінген бөліктерінен негізгі ойды тауып, оны көшіреді немесе сол мәтінде белгілеп қояды. Содан кейін бөлінген бөліктер бойынша жекелеген тұжырымдар жасайды. Міне, осылар тезис болады.
Екінші түріне баяндама, мақала, таныстырылым сияқты ғылыми жұмыстардың тезистері жатады. Бұл жағдайда автор мәтінде қозғалып отырған мәселені жақсы біледі, сол себепті осы мәселені жазбаша түрде қысқа әрі нұсқа беру автордың міндеті болып табылады. Соңғы типтегі
тезисті жазу әрдайым оңай бола бермейді. Тезис жазып отырып, жаңа идеялардың келуі де мүмкін. Авторға өз жұмысының мәнін басқаша түсіндіру керек болады. Осы міндеттерді жеңілдету үшін төмендегі нұсқаулықты беріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |