Диссертацияға қойылатын талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері.
Диссертация құрылымы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан уұрады. Соңында пайдаланылған әдебиет тізімі берілген. Жұмыстың тараулары мен бөлімдеріндегі нәтижелерді жинақтап айтқанда, Ж.Т.Маханованың «Қытай қазақтары тілін тарихи зерделеу және синхрондық талдау» атты диссертациялық зерттеуінің қорытындысы бойынша мынадай ғылыми нәтйжелерге қол жеткізілген:
Қытайдағы біржарым миллионғажуыққазақтардыңтіл ерекшеліктері ондағы аймақтық ерекшеліктердің молдығымен әрі күрделілігімен көзге түсетіндігі нақты тілдік деректермен дәлелденген.
Қазақтілініңшығыссөйленістертобынажататын Қытай қазақтарының тіліне толыққанды тарихи талдау жасалған.
Шыңжаңдағы қазақтардың тіліндегі диалектілік, аймақтық құбылыстардың этномәдени және прагматикалық сипаты, тілдік бірліктердің семантикасы мен жасалу уәждері, этимологиясы ашылған.
Бұлар жұмыстың қол жеткен табыстарын танытып, философия докторы (РҺО) дәрежесін алу үшін қорғалатын диссертацияға қойылатын талаптардың деңгейіне сәйкестігін көрсетеді.
|