Диссертация мазмұнындағы және рәсімделуіндегі кемшіліктер.
97
Ж.Маханованың зерттеу еңбегінің теориялық және практикалық жақтарына баға бере келіп, мынадай талап-тілектер айтқымыз келеді:
Қытайдағы қазақ шоғырының тілін, лексикалық қорын, тілдік жағдаятты әлеуметтік-диалектологиялық аспектіде зерттеуде жүйелілік сақтала бермеген деп ойлаймыз, жұмыстағы мол тілдік материал тіл білімінің когнитивтік, прагмалингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, этнолингвистикалық салаларына қатысты нақты тілдік талдауларға негізделгені дұрыс болар еді.
Диссертацияның өн бойында талданған тілдік бірліктер жұмыстың соңында қосымша ретінде берілсе, Қытай қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді жүйелеп түсінуге де жеңілірек болып, жұмыстың салмағы бүдан да арта түседі деп ойлаймыз.
|