3.5 Үлкен мәтінді құрылымдық жақтан реттестіру
Оқырман жұмысыңыздың бес бетін оқып шығып, бірде-бір бөлім, тарау, тарауша кездестірмесе, мәтін құрылымдық тұрғыдан дұрыс ресімделмеген болып саналады. Жазбаша жұмыста мәтіннің басты бөліктерін ажырататын.жаңажолданжазылғантараушааттарынан басқа, абзацтың басында қою әріптермен берілетін мәтінішілік тараушаларды да қолданған дұрыс. Тұтас
мәтінді ғана емес, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерді де бөліп көрсету керек. Мысалы, бір жарым бетті алатын абзац немесе он жолдан тұратын сөйлемнен құралған мәтінді оқып-түсіну қиындық тудырады, оларды мағыналық бөлшектерге бөлу қажет.
Үлкен мәтіннің құрылымын жақсартудың тәсілдері ретінде мәтін ішіндегі түрлі бөліністерді, белгілерді атауға болады. Олардың жиі қолданылатындары мыналар: шрифтілер, тізімдер, түрлі форматтар.
46
Қою шрифт, курсив немесе басқа өлшемдегі шрифтіні маңызды сөздер мен сөйлемдерді, терминдерді, басқа мәтіннен алынған дәйексөзді, құжаттардың атауларын т.б. жазған кезде қолдануға болады, басты ереже - бірізділікті ұстану.
Тізімдік ресімдеуге сызықша, жұлдызша, нүкте, реттік нөмір қолдану тәсілі жатады. Мысалы:
Немесе
Немесе
Немесе
а) сөз, сөйлем;
ә) сөз, сөйлем.
Бұл көрсетілгендер мәтініңізде қатаң логикалық жүйе бар екенін көрсетеді және мәтінге аяқталған, жүйелі сипатбереді.
Мәтінқұрылымындатүрліформаттарды: интервалды, шрифтөлшемін, жаңа жолды өзгертулер мысалдарды, түрлі кейстерді, есептерді, бет соңындағы сілтемелерді ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |