«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата21.12.2022
өлшемі17,38 Kb.
#163530
Байланысты:
БЖБ2, 9 сынып


«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары:



9.2.2.1 – инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
9.2.2.2– Ньютонның бірінші және екінші заңдарын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.3 – ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
9.2.2.5 – Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану



Бағалау критерийі



Білім алушы
Инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіреді
Ньютонның бірінші заңын тұжырымдайды
Ньютонның екінші заңын қолданып, есептер шығарады
Ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші формулаларын қолданып, есептер шығарады
Ньютонның үшінші заңына мысалдар келтіреді



Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

30 минут


Тапсырма

1. Санақ жүйесі лифтімен тығыз байланысты. Төменде келтірілген жағдайлардың ішіндегі инерциалды санақ жүйесі: Лифт


1) еркін құлайды
2) бірқалыпты жоғары қозғалады
3) үдемелі жоғары қозғалады
4) баяу жоғары қозғалады
5) бірқалыпты төмен қозғалады
[2]

2. Ньютонның бірінші заңын тұжырымдаңыз


___________________________________________________________________________


[1]

3. Еңіске қарай 0,8 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан велосипедшіге әрекет ететін күшті анықтаңдар. Велосипедшінің велосипедімен қоса есептегендегі массасы 50 кг.


[2]

4. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?


[2]
5.
а) Жаңбыр тамшысын Жерге құлататын күш
А) кері итеруші күш
B) үйкеліс күші
C) ауырлық күші
D) серпімділік күші
[1]
ә) Дене көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты қозғалады. Денеге 30 Н үйкеліс күші және 40 Н тіреуіштің реакция күші әсер етеді. Үйкеліс коэффициентін анықтаңыз
[2]

6. Ньютонның үшінші заңына екі мысал келтіріңіз


___________________________________________________________________________


[1]



Жалпы балл: 11



Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіреді

1

Инерциялық санақ жүйесін сипаттай алады

2



Ньютонның бірінші заңын тұжырымдайды

2

Ньютонның екінші заңына анықтама береді

1



Ньютонның екінші заңын қолданып, есептер шығарады

3

Есептің шартын құрады

1

Қажетті формуланы қолданып, есепті шығарады

1

4

Есептің шартын құрады

1

Қажетті формуланы қолданып, есепті шығарады

1

Ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші формулаларын қолданып, есептер шығарады

5

а) Механикалық күштерге мысал келтіре алады

1

ә) Есептің шартын құрады

1

ә) Қажетті формуланы қолданып, есепті шығарады

1

Ньютонның үшінші заңына мысалдар келтіреді

6

Ньютонның үшінші заңына екі мысал келтіреді

1

Жалпы балл

11


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет