Ньютонның бірінші заңы. Қандай да бір санақ жүйелерінде денеге басқа денелер әсер етпесе немесе әсерлер компенсацияланса, дене тыныштық күйде (= 0) немесе түзу сызықты бірқалыпты ( қозғалыста болады. Сыртқы әсерлер компенсацияланған кезде, дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын санақ жүйелері инерциялы санақ жүйелері деп аталады. Мысалы, поездағы жолаушы өзін поезға қарағанда тыныштық күйдемін деп есептесе, жол жағасындағы үйлерге қарағанда қозғалыстамын деп ойлайды. Сондықтан дене қозғалысын зерттегенде оның қандай жүйеде қарастырылып отырғанын анықтап алуымыз керек. Көптеген тәжірибелер екі дене өзара әсерлескенде олардың үдеулерінің абсолют шамаларының қатынасы тұрақты болатынын көрсетті: