Динамика твердого тела


Механика және оның құрылымы



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#118036
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция № 1

Механика және оның құрылымы

  • Механика және оның құрылымы
  • Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және сол қозғалысты тудыратын немесе өзгертетін себептерін зерттейтін физиканың бөлімі.
  • Mеханика:
  • классикалық механика (макроскопиялық денелердің қозғалысы);
  • релятивистік механика (жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығына жақын денелердің қозғалысы);
  • кванттық механика (микроскопиялық денелердің атомдар мен элементар бөлшектердің қозғалысы) болып бөлінеді.

Механика бөлімдері

  • Кинематика – қозғалыстың тек уақытқа байланысты өзгерісі зерттеледі. Ал, қозғалыcты туғызушы себептер қарастырылмайды.
  • Динамика – қозғалыс заңдылықтары және ол қозғалысты туғызушы себептер қарастырылады.
  • Статика – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдылықтарын қарастырады.
  • Механикалық қозғалыстың екі түрі болады:
    • ілгерілемелі;
    • айналмалы.
  • Ілгерілемелі қозғалыс денемен қатаң байланысқан кез-келген түзу өзінің бастапқы орнына параллель болып қалатын қозғалыс.
  • Айналмалы қозғалыс - дененің барлық нүктелері шеңбер сызатын, ал олардың центрлері айналу осі деп аталатын түзудің бойында жататын қозғалыс.
  • Механикалық қозғалыс
  • Механикалық қозғалыс деп денелердің немесе олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуының уақыт бойынша өзгеруін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет