Діни сананың трансформацияға түсу ерекшеліктері



Дата24.12.2021
өлшемі30,51 Kb.
#128527
Байланысты:
Діни трансформация Сериккул Темирланн



Діни сананың трансформацияға түсу ерекшеліктері

Орындаған:Сериккул Т.



КІРІСПЕ
Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыруғы құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылықтар – ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті  сенімдер жүйесі. «Дін – бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздің ерекшелігі біз көпэтностық, көптілді және көпконфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік кеңістікте сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып, дами бастады». Сондықтан қазіргі таңдағы дәстүрлі діндер мемлекеттің, елдің тұрақтылығын сақтауына негіз бола отырып, діни конфессиялары арасында рухани келісімді, халықтар арасындағы бірлікті нығайтуға себеп болады.

Кез келген әлемдік не ұлттық діндерді алып қарасаңыз адамды мәжбүрлеуге, қорлауға, жазықсыз қан төгуге жол жоқ.

Алайда өкінішке қарай, қазір әлемнің жаһандануына, дін еркіндігінің дамуына байланысты, діни экстремистік не діни террористік топтар осы діндердегі құндылықтарды өз мүдделері үшін трансформацияға түсіріп, өзгелерді өз мақсаттарына пайдалану үшін трансляциялайды. Діни экстремистік немесе діни террористік топ өкілдері қарапайым тілмен айтқанда кез келген күйге ене береді, қажет болса «мұсылман» да, «отансүйгіш» те бола салады. Бұл «күйге ену» процесі қоғамдағы «құрбанының» сұранысына тікелей байланысты.

Мәселен, біздің қоғам үшін ислам дінінің мәселелері өзекті болып отыр, ал қоғамды түгелдей сапалы, кәсіби теолог мамандармен қамтамасыз ету қолға алынып жатқанымен, әлі де кемшін тұстары жоқ емес, демек адастырушылар осы әлсіз тұсты өз кәделеріне жаратады. Ал артынан ерушілер үшін мақсатын кәпірлермен күресу деп атай салуы мүмкін.

Дәл қазір өте қиын жағдайда өмір сүріп жатырмыз, себебі дін деген сөз шаблон, жол деген сөз. Алла мен адам арасындағы қатынаста белгілі бір шаблондар, принциптер және сол арқылы байланыс жасайтын институттарды дін деп атаймыз. Ал, оның негізінде, өзегінде адам тұрғанын бүгінгі күні мүлдем ұмытып кеттік. Адамгершілік құндылықтар төмендеп, надандық пайда бола бастағандықтан діни білімсіздік де өрши бастады. Бұл жоғарыдан төмен қарай әрекет ету принципі адамның ақыл-ойының таразасы емес, адамға кигізіліп жатқан шаблондар ғана. Ол шаблондардың барлығы ислам бояуымен беріліп жатыр. Қарасаң қап-қара киінген қазақтың қыздарын көресің, қазақтың мәдениетінде қара киім киюдің өзінің символикалық мәні бар еді. Біреудің туысы өлгенде ғана киілетін қара жамылу дәстүрі трансформацияға ұшырап, араб мәдениеті қолданысындағы үрдістер кең тарап жатыр. Бұл біздің дінді қабылдаудағы басты шаблон ғылыми таным емес, еліктеу, көшірме мәселесі екендігінкөрсетеді. 
Дінді ақылменен, ғылыми таныммен қабылдау керек. Діндегі ең басты құндылық – адам. Исламды қарап отыратын болсаңыз, Құранның өзінде Алла Тағала дінді де, 18 мың ғаламды да адам үшін жаратқан. Бірақ біз бүгін осы дінді қабылдау процесінде адамды ұмытып кеткенбіз, барлығын дін атына, Алла атына теліп, сол бағытта әрекет етіп жатырмыз. Дін Алла үшін емес, адамға қызмет ететін институт. Егер дін Аллаға қызмет етеді дейтін болсақ, бұл уаһабилік тенденция болған болар еді. Оның ар жағында фанатизм, экстремистік топтар пайда болады. Оның ар жағында надандық туады, оның ар жағында мүлдем адам деген ұғым атымен жоғалады.

 Аталған мәселені жан-жақты қарастыруды бір мақала жүгі көтермейтіндіктен, алғашқы кезекте діни-ұлттық бірегейлену мәселесін мемлекет құраушы қазақ ұлтының танымы мен тағдыры тұрғысынан талдап-таразылауды жөн санадық.

     Түбі бір түркі халықтарының мыңжылдықтар бойына рулар мен тайпалар, бертінде ұлттар мен ұлыстар болып, саралану үдерісі Еуразия кіндігінде орналасқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарт жасады. Қазақ халқы жеке ұлт ретінде тарих бетінде ХV ғасырдан бастап айшықтала бастағанымен туған топырағымызда жасаған сақтар мен ғұндардың, Көк Түріктердің, солар қалыптастырған даңқты Тұран өркениетінің заңды мұрагері болып табылатыны белгілі. Өркениетті ел ретінде бүгінгі қазақ, кешегі түркі жұрты өзінің дінге қатысты таңдауын жасаған болатын. Ол – ислам еді. Өйткені ұлтымыздың жан дүниесімен, рухани құндылықтарымен, табиғи сенімдерімен барынша үйлескен бірден-бір дін – ислам діні болды. Ғасырлар бойы халқымыздың болмысына сіңе отырып, ислам біздің бүгінгі бірегей мәдениетімізді құраған, мемлекеттілігімізді қалыптастырған ата дінімізге айналды.

  Көп ұлттылық және содан туындаған көп конфессиялылық – біздің таңдауымыз емес, тағдырымыз. Отарлық және кеңестік саясат пен тарихи үдерістер салдарынан қазақ жеріне сан алуан ұлттардың қоныстануы біздің тағдырымызды сол ұлттармен ортақтастырды. Сыңаржақ саясаттан туындаған сын-тегеуріндерді еңсере отырып, сан ұлтты саясына сыйғызған қазақ ұлтының мәмілегер мінезінің арқасында біз бүгінде біртұтас Қазақстан халқына айналдық. Мәдени байлығымызды молайтып, мақтанышымызға айналған сол ұлттардың тағдыр-талайы ғана емес, салт-санасы, наным-сенімі де қазақ халқына аманат болып отыр. Сондықтан біздің өзге заңдарымыз секілді дін туралы заңнамамыз да сан ұлттың сенімін түгел ескеріп, ұлтына, дініне қарамай, ешкімнің мүддесіне нұқсан келтірмеуге әрі ешкімнің заң талаптарын бұзуына жол бермеуге күш салған заңдық құжат болып табылады.

     Екінші бір мәселе – дәстүрлі діндер мәселесі. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. Себебі дін – тек сенімдік ұғым емес, ол – рухани мәдениет феномені, халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы. Осы орайда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз болған, оның құралуы мен сақталуы үшін ғасырлар бойы қаны мен терін төккен, рухани-мәдени құндылықтарын қалыптастырған, дамытқан, қорғаған, елдің шекарасын ғана емес, рухын да сақтаған қазақ ұлтының дәстүрлі дінінің заңнамада айшықталуы ешбір азаматтық қоғам қағидаларына қайшы келмейді. Сондықтан Қазақстанның дін туралы заңнамасына халық мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның тарихи рөлі танылатыны жөніндегі түсінік енгізілген. Біздің жағдайымызда ислам тек қазақтардың ғана емес, Қазақстан жеріндегі көптеген ұлттар мен ұлыстардың ата діні болуымен де маңызды. Сонымен қатар соңғы үш ғасырлық тарихы бізбен ортақ христиан дініндегі бірқатар ұлттардың сенімдік бағыты – православие де Қазақстан халқының елеулі бөлігі ұстанатын дәстүрлі дінге айналып үлгергені – бүгінгі күннің шындығы. Бұл шындық та заңнамада лайықты көрінісін тапқан.

Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі. Діни мүдде мен ұлттық мүдденің тоғысқан тұсы да осы. Дінаралық келісім мен мәдениеттер үндестігі аясында қол жеткізген ең басты жетістігіміз – жиырма үш жылдық ішкі тұрақтылық ең алдымен мемлекет құраушы қазақ ұлтының рухани тінінің беріктігіне байланысты қалыптасқаны белгілі. Сондықтан елдік мүддені ту еткен халық ретінде болашақтың игілігі үшін ең алдымен діни-ұлттық бірегейлікке негізделген осы рухани тінді әлсіретіп алмауға күш салуымыз қажет.

Осы орайда дін туралы заңнаманы ұлттық-діни бірегейлік мәселесімен ұштастыратын қағидаттық ұстаным ретінде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауындағы «қазақстандықтардың діни санасын елдің салт-дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес қалыптастыру» талабын айтуға болады. Ал дін мен дәстүр бірлігіне негізделген діни сана қалыптастыру мәселесі – бүкіл халықтың жұмыла көтеретін жүгі әрі бойында ұлтына деген сүйіспеншілігі бар әрбір азаматтың абыройлы міндеті.

Дегенмен қазіргі өзгермелі қоғамда баршаның бойында бірдей биік рухани аңсарлар мен бірегей ұлттық құндылықтар қалыптастырудың үнемі мүмкін бола бермейтіні тағы белгілі. Әркімнің өз ерекшелігі мен болмысына жақын құндылықтары бар, мойындасақ та, мойындамасақ та тобырлық психология деген тағы бар, кеңестік кезеңдегідей биліктің күшімен құндылықтарды қабылдату саясатын жүргізіп отырған ешкім жоқ, сондықтан таңдау еркі берілген тұлға факторының көп жағдайда жетекші роль атқаруы заңды.

«Не істеу керек?» дегенге келсек, заңды құбылыстардан заңсыз салдарлар туындамауы үшін мемлекеттік идеологияны, елдік сананы тұғырландыра түсу, көнермейтін құндылықтарды қайта безбендеп, ұрпаққа ұсыну, тәрбиені тал бесіктен бастап күшейту қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ



Қазіргі өзгермелі қоғамда баршаның бойында бірдей биік рухани аңсарлар мен бірегей ұлттық құндылықтар қалыптастырудың үнемі мүмкін бола бермейтіні тағы белгілі. Әркімнің өз ерекшелігі мен болмысына жақын құндылықтары бар, мойындасақ та, мойындамасақ та тобырлық психология деген тағы бар, кеңестік кезеңдегідей биліктің күшімен құндылықтарды қабылдату саясатын жүргізіп отырған ешкім жоқ, сондықтан таңдау еркі берілген тұлға факторының көп жағдайда жетекші роль атқаруы заңды.

«Не істеу керек?» дегенге келсек, заңды құбылыстардан заңсыз салдарлар туындамауы үшін мемлекеттік идеологияны, елдік сананы тұғырландыра түсу, көнермейтін құндылықтарды қайта безбендеп, ұрпаққа ұсыну, тәрбиені тал бесіктен бастап күшейту қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. https://abai.kz/post/40017

  2. https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/download/523/507/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет