Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет31/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40

28 қараша күні кафедра оқытушылары Б.Қ.Набидоллин мен З.М.Рашидова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай шахмат, дойбы дан колледжаралық жарыс өткізіп, оған 22 студент қатысты. Қорытындысы бойынша шахматтан ұлдар арасында І орын – Б.Мусин 1аКИНФ тобы, ІІ орын – А.Есболат 1асМК тобы, ІІІ орын – А.Бушанов 1кбКШФ тобы және Ғ.Нигметов 2аКШФ тобы, дойбы қыздар арасында І орын – А.Жеңісова 2аМК, ІІ орын – Д.Хамитова 1пКШМ тобы, ІІІ орын – Ж.Серікова 1аМК және Г.Темірболатова 1аМК тобы, дойбы ұлдар арасында І орын – И.Досымбаев 1аКИНФ және А.Курмангалиев 1пКИНФ тобы, ІІ орын – Р.Кубашов 1пКШК тобы, ІІІ орын – Н.Ермекқалиев 1пКШК тобы студенті иеленді.Осы шахмат , дойбы жарысына өздерінің қызығушылықтарын танытып, белсенділік көрсетіп бөлім меңгерушісі А.У.Кидришева, оқытушылар Н.З.Утегалиев, Б.Қ.Набидоллин, З.М.Рашидовалар студенттермен жолдастық ойындар өткізді. Бұл іс – тәжірибе студенттердің шахмат, дойбы ойынына деген қызығушылықтарын арттыруға өз көмегін тигізді.

30қараша күні оқытушы А.С.Сабиеваның ұйымдастыруымен 1 курс қыздар арасында волейболдан жарыс өткізіліп, барлығы 5 команда қатысты. Қорытындысы бойынша І орын – 1пКДО тобы, ІІ орын – 1аКШО тобы, ІІІ орын – 1пКШМ тобы , «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша 1аМК тобы студенті Айгерім Елеусинова , «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша 1пКШМ тобы студенті Айсауле Талгатова иеленді.



29 қараша күні оқытушы Қ.С.Габдушев пен Қ.Б.Таубаевтың ұйымдастыруымен үстел теннисінен колледжішілік жарыс өткізіліп, 17 студент қатысып, қыздар арасында І орынды Уразбаева А, ІІ орынды – Молдаш А, ІІІ орынды – Рашиден Г , ұлдар арасында Нуржангалиев М, ІІ орынды Магзомов А, ІІІ орынды – Кубай Р иеленді.

28 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университетінің Педагогика факультетінің 20 жылдығына орай қазақ күресінен ЖОО мен АООО студенттері арасында жарыс өткізіліп, 74 кг салмақ дәрежесінде Зайдолла Ақылбек ІІ орынды, 72 кг салмақ дәрежесінде Адиетоллаев Диас І орынды иеленді. 29 қараша күні оқытушы З.М.Рашидова 2аКШФ тобында «Ел мерейін асқақтатқан – ер Елбасы!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екендігін студенттердің санасына жеткізу; елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру; елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранынан басталып, жүргізушілер Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен, саясаты туралы айтып, топ студенттері Н.Насиев, М.Өтемісовтер «Үш қоңыр», «Жаса Қазақстан!» әндерін орындап, Ғ.Нигметов «Презиедентім, Елбасым аман болғай!» тақырыбында өз эссесін оқыды.

6 – 8 желтоқсан күні Білім басқармасының жоспарына сәйкес, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың тау туризмінен спорттық шеберліктері мен туристік деңгейлерін көтеру, туристік тәжірибе алмасу мақсатында Ү – ші облыстық колледж оқушылары арасында тау туризмі техникасы жарысына қатысып, жалпы командалық ІІІ орынды иеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет