Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет6/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
«Отбасы» бағытындаІ-ІІІ курс топтарында студенттердің бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру, ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Отбасы –өмір аясы», «Отбасы – береке бастауы», «Отбасы тәрбиенің басты ұясы», «Отбасындағы салт-дәстүрлер» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Шарада отбасы туралы түсінік беріліп,отбасындағы тәрбиенің рөлі, соның ішінде ата-ананың тәрбиесі ерекше екенін айтылып, студенттерге ой салатындай сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Студенттер өлең шумақтарын оқып, ән орындап, тренингтер жүргізді.

Колледжбен ата-ана арасындағы қатынасты, жауапкершілікті нығайту мақсатында І курс студенттерінің топ жетекшілері 1 ас КИнф тобының жетекшісі С.С.Бекенова, 1 п КШМ тобының жетекшісі А.Т.Жұбатова, 1а КДО тобының жетекшісі Н,У.Ахметова, 2с КДО тобының жетекшісі А.С.Бекболатова ұйымдастыруымен өткен


«Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Шара барысында ата-аналарға ғасырдан астам тарихы бар шежірелі білім ордасы туралы таныстырылып, ата-ананың бала тәрбиесіне байланысты ой-пікірлермен бөлісті. Соңы студенттердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, ата-аналар сауалнама толтырды. Кеш соңында ата-аналар колледж әкімшілігіне, оқытушыларға ризашылықтарын білдірді.

«Отбасым-тірегім» тақырыбында топтық қабырға газетін шығарылып, қараша айында 2с КШО тобының жетекшісі А.Б.Журекенова «Отбасы – қоғамның іргетасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізді. Күн тәртібінде: Топ тынысы, жетістіктері. Сабақ үлгерімі, сабаққа қатынасу мәселелері, Жатақхана жағдайы талқыланды. Ата-аналардың сұрақтары жалпы балаларының оқу үлгеріміне, оқу төлеміне,тәртіп жағдайына байланысты болды.



Колледж психологы Л.С.Есенова І курс студенттері арасындағы ата - аналар жиналысына қатысып,«Жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін психологиялық өзгерістер» тақырыбында ақпараттық жұмыс жүзеге асырылды. Ата – аналарға қазіргі кездегі теріс діни ағымдардан сақтандыру, өмірге позитивті қарым – қатынас қалыптастыру, бала алдындағы жауапкершілік туралы кеңестер берілді. Өз балаларының әлеуметтік желілерін қадағалау қажеттілігі және студенттердің әлеуметтік жағдайы, жатақханадағы өмірі, сабаққа, колледжге бейімделгендігі, ата-аналарға колледжбен тығыз байланыста болуға барлық жағдай бар екендігі айтылды.

Бүгінгі жаһандану ғасырында өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу, ата - ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 1а КДО тобының жетекшісі Н.У.Ахметова «Баланың бас ұстазы-ата-ана» атты ата-аналар жиналысын өтті. Жиналысқа 14 ата-ана және оқу бөлімінің меңгерушісі А.У.Кидришева тәрбие ісінің орынбасары С.С.Жумиева қатысты. Колледждің тарихымен таныстырылып, «Баланың бас ұстазы-ата-ана» атты баяндама оқыды. І-ші аттестацияқорытындысы айтылып, психолог Л.С.Есенова психологиялық жаттығулар, тренингтер өткізді. «Ата-анаға құрмет» атты бейнефильм көрсетіліп жиналыс қорытындыланды.

2п КШО тобында (жетекшісі Г.С.Нурашева) «Отбасымдағы менің орным» тақырыбында тәрбие шарасын өткізді. Шара барысында АКТ, ойын технологиялары қолданылды. Студенттер отбасы туралы түсініктерін айтып, өз отбасындағы дәстүрлер мен қызықты жағдайлар туралы айтты. Әке, ана туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтылып талданды және әндер орындалды. «Үлгілі отбасы қандай болады?», «Менің отбасыма пайдам», «Менің отбасымдағы орным» тақырыбында еркін әңгіме орнады. «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді, содан соң олар өз жобаларын жасады. Топ ішіндегі студенттердің отбасынан үлгілі деген отбасыларын өздері тауып атады. Тренинг арқылы отбасындағы қарым-қатынастағы жағымды сөздер айтылды.

2ск КШФТ тобындағы (жетекшісі Р.С.Акқожина)«Жанұяның жарқын күндері» тақырыбындағы тәрбие сағатында топ студенттері өз отбасылары туралы, ата-аналары мен бірге отбасында өткізіліп тұратын дәстүрлерімен қағидалар туралы әңгімеледі. Студенттерді ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке, халқымыздың асыл - мұрасы халық ауыз әдебиеті жанрларын оқып үйренуге тәрбиелеу мақсатында 2сКШО тобындағы (жетекшісі А.Б.Журекенова) «Ата баба мұрасын сақтаймыз» тәрбие сағаты сайыс түрінде өтіп, екі топқа бөлініп, 1кезеңде «Салт-дәстүрді білесіз бе?»- бұл бөлімде ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берді.2 кезеңде «Атадан қалған асыл сөз»- бұл кезеңде ертедегі шешен, билердің сөздері оқылып, авторын табу сұралды. 3кезең «Мақал- сөздің мәйегі » - бұл кезеңде ұсынылған сөз бойынша көрсетілген уақыт аралығында мақал құрастыру тапсырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет