Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ҮРДІСІ



бет39/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

6 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ҮРДІСІ
Курстық жұмысты қорғау кафедра оқытушыларының құрамынан құрылған ашық отырысында оның жартылай мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Курстық жұмысты қорғау бойынша жоғарғы оқу орындарының оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау ұсынылуы керек.

Курстық жұмысты қорғау құрамына кафедра меңгерушісі, ғылыми жетекшісі, кафедраның екі-үш оқытушысы кіретін арнайы комиссияның отырысында өткізіледі. Сонымен бірге, жұмысқа тапсырыс берген немесе жұмыс орындалған мекеменің және басқа да ғылыми орындардың өкілдері, кеңесшілер қатыса алады. Комиссия құрамы қорғауға 10-15 күн қалғанда кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітіледі.

Курстық жұмысты қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады.

Курстық жұмысты қолданған жағдайда жетекші қолын қойып, қорғауға жіберу туралы пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Жетекші пікірге баға қоймайды. Курстық жұмысын қолдамаған жағдайда ғылыми жетекшісі жұмысқа қол қоймайды, бірақ өзінің курстық жұмысын қорғауға жібермеуі туралы шешіміне негіздеме берілген жазбаша пікір білдіреді.

Курстық жұмыс қорғауы студенттің 5-6 минут уақыт аралығында қысқаша баяндауынан және сұрақтарға жауап беруінен тұрады. Баяндамада тақырып аты, өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, тақырып тыңдаудың сипаты немесе қорытындылардың түйінделуі аталады. Баяндау арнайы дайындалған түрлі-түсті кесте, тірек-сызба, диаграммамен көрсетіледі, Power Point презентация негізінде жүргізіледі.

Курстық жұмысты талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

Курстық жұмысты қорғау қорытындысы бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

Студент қатысушылардың қойған сұрақтарына, олардың қорғау барысында айтқан сыни ескертпелеріне жауап беруі қажет. Курстық жұмыс емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалуы тиіс. Егер курстық жұмыс қорғалмаған жағдайда, студент директордың рұқсатымен тек бірінші емтиханды тапсыруға жіберіледі.

Қанағаттанарлықсыз баға алған студент бір жылдан кейін сол тақырып немесе комиссия шешімімен жаңа тақырып бойынша қайта қорғауға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет