Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет15/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Жұмысқа тапсырма. Дипломдық жұмысқа тапсырма арнайы бланкіде орындалады (Қосымша Ә). Онда мынадай мәліметтер толтырылады: жоғарғы оқу орны, факультет, мамандық, кафедра, студент, жұмыстың тақырыбы, тақырыптың бекітілгені туралы бұйрық №, жұмысты тапсыру мерзімі, жұмыс бойынша кеңесшілер тізімі, диплом жұмысының көрсеткіштері, диплом жұмысының қысқаша мазмұны немесе диплом жобасын әзірлеудегі сұрақтар тізімі, ұсынылатын негізгі әдебиет.

Жұмысқа тапсырманы студент және ғылыми жетекшісі толтырады, кафедра меңгерушісі бекітеді.



Мазмұны. Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

Мазмұнда бөлім, тарау аттары, тараушалар реттік нөмір арқылы беріледі. Ол араб цифрымен нүктесіз және абзацтан бастап жазылады. Тарау ішіндегі тараушалар нөмірленеді, тараушалар нөмірі тарау нөмірінен нүкте арқылы ажыратылады. Тарауша нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бір беттен кем тарауша болмайды. Тарау мен тараушаның тақырыбы болуы керек. Тақырып тарау мен тараушаның мазмұнын қысқа және нақты ашуы қажет. Тарау, тараушаның атауларын бас әріптермен астын сызбай, нүкте қоймай теру қажет. Атауларды тасымалдауға болмайды. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, оларды нүкте арқылы ажыратады. Атауды қою немесе курсивті шрифтімен беруге де болады.

Атау мен мәтіннің арасы екі интервал. Тарау және тарауша атының арасы да - 1,5 интервал. Төменде тарауды рәсімдеу үлгісі көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет