Пайдаланылған әдебиет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысын жазу барысында тікелей қолданылған және сілтемеде көрсетілген еңбектер беріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің реті жұмыста көрсетілген сілтемелер негізінде жүргізіледі. Пайдаланылған әдебиеттер бір тізім арқылы беріледі, яғни негізгі және қосымша деп бөлінбейді. Жұмыс барысында сілтеме мына тәртіппен жүргізіледі. Үлгі: [1, 26 б.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны 30-дан кем болмауы қажет.
Оның құрамында ғылыми еңбектер, газет-журнал материалдары, көркем шығармалар қамтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жазу үлгісі:
а) тізім кітап авторының тегі мен аты-жөнін көрсетуден басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |