Балалар
Ата-аналар
«Ғажайып» сөздер құпиясын,
«тыйым» сөздер мазмұнын
білетін, әр түрлі ортада тәртіп
ережелерін, сөйлеу мәдениетІн
сақтауға тырысатын балалар.
Ж
оғ
ар
ғы
д
ең
гей
Отбасында белгілі білім-
іскерліктер арқылы баланың
тәрбиесі,оқытуымен айналысатын,
тілдік карым-қатынаста баланың
жас, психологиялық, тұлғалық
сапаларын ескеріп, балаға өз інд ік
үлгі-өнегесімен ықпал етуге
тырысатын, мәдениетті, білімді,
бала жанын түсінуге әзір ата-
аналар.
Ерке, инфантилді
болғанымен, ересектердің
айтқанына құлақ асатын, тілдік
қарым-қатынаста аса белсенділік
танытуға тырыспайтын, өзіндік
бағасы орташа балалар.
О
рт
а д
ең
гей
Тілдік қарым-қатынаста баламен
әр уақытта шынайы, адал бола
бермейтін, өзіндік беделін сақтай
отырып, бала жасын,
психологиясын ескерместен өзіне
сөзсіз бағыну талаптарьш қоятын,
кей жағдайда тік, дөрекі мінез
көрсететін ата-аналар.
Тұйық мінезді, агрессивті,
қыңырлық танытатын, эгоизмі
басым, ерке балалар. «Ғажайьш»
сөздер мағынасы мен тәртіп
ережелерін түсінбейтін, қарым-
қатынаста өзіндік қызығу,
қажеттілігін жоғары бағалайтын,
бірбеткей балалар.
Т
өме
нг
і д
ең
ге
й
Баламен бір шаңырақта тең
құқықтар немесе араласпаушылық
жағдайда қарым-қатынас жасайтын,
балаға наразылық білдіріп, сөгіп,
беделіне нұқсан келтіріп, сөйлеу
мәдениетіне салғырт қарайтын ата-
аналар.
Көршілес ресейде бұл мәселе соңғы онжылдықта қарқынды дамуда. Мәскеу
қаласында өткен «Қазіргі заманғы перинатологияның медико-психологиялық
аспектілері» атты ғылыми-практикалық конференцияда (1998, 1999, 2001), ол
жерде әр түрде орналасқан бірлестіктер туралы мәліметтер айтылды. Ондай
орталықтардың басты мақсаты - болашақ ана мен сәбидің дене,
30
психологиялық дамуларын тууға дейінгі аралықтағы жағымды қарым-
қатынас арқылы үйлесімді ету.
Өкінішке орай, қазіргі нарықтық экономиканың өріс алуы кезеңінде көбіне
жеке тұлға рухани байлықпен емес, материалдық байлықпен бағаланып жүр.
Бұл жағдайда бала бойында қарым-қатынас мөдениетінің қалыптасуы ата-
аналардың жұмыла жұмыс атқаруларына байланысты. Көпшілік ата-ана,
соның ішінде қазақ отбасылары: «біздің міндет - баланың киімі мен тамағын
тауып беру, ал тәрбие - балабақша мен мектептің ісі» - деп қарайды. Баланың
психикалық тұрғыда дұрыс қалыптасуы ең алдымен, ата-анасымен эмоциялық,
тілдік қарым-қатынастың жеткілікті болуы деп түсінген жөн екендігі, біз
қарастырған психологиялық-педагогикалық әдебиеттер талдауынан көрінеді.
Әсіресе, қазіргі нарық қыспағы кезінде ата-аналар тәулік бойы жұмыста
болып, ауылдық жерлерде көбінесе баласының күнделікті іс-әрекетіне, білімі
мен төртіп мәдениетіне назар аудармауы жиі кездеседі. Оның үстіне қараусыз
қалған балаға тәрбие берер көгілдір экранның түрлі бағдарламалары ақыл
тоқтатпаған бала мінез-кұлқына кері әсерін тигізеді. Жеке тұлға
қалыптасуының негізі - мектепке дейінгі кез екенін ұмытпасақ, қарым-
қатынаста да осы кезеңнің үлесі басым.
Бүгінгі ақпараттар ағымының мол, компьютерленген кезеңінде, бала
интеллектісінің артта калуы мүмкін емес. Бала өзін қызықтырғын сауалдарға
жауапты ата-анасынын, басқа да түрлі ақпарат көздері: радио, теледидар, ғазет,
журнал, одан қалса құрбыларынан да ала алады.Бүгінгі таңдағы акселерация -
баланың күрт өсу құбылысы тәжірибе мен білім меңгеруде баланы түрлі
қателіктерге, қиыншылықтарға кездестіруі әбден мүмкін. Сондықтан, балаға
берілетін білім мен мәдениет негіздері жүйелі ұйымдастырылган жағдайда ғана
жүзеге асырылуы қажет.
Мектепке дейінгі (үш жасар) баланың мінез - құлқында айналасындағы
үлкендерге еліктеп, «үлкендерше» өрекет орындау құбылысы байқалады.
Л.С.Выготский бұл құбылысты үш жастағы «дағдарыс» деп түсіндіреді.
Дағдарыстың формасы, ұзақтығы баланың психологиялық ерекшеліктері,
отбасы тәрбиесіне байланысты өтеді.
Қазіргі кезде Республикада өмір сүретін өзге ұлттардың, әсіресе орыс
халқының қарым-қатынас мәнерін жұқтырып алған кейбір отбасылар ұлттық
қазақи ғұрыптағы «ата», «апа» т.б. сөздерді "аташка", "апашка" , «братишка»
т.с.с кірме сөздермен алмастырып, баласын ұлттық психологиядан алшақтата
түседі.
Бұл туралы этнограф С.Кенжахметұлы да өзінің ойын: «туыстық атауларда
(әсіресе қалалық жерде) «әке», «көке», «ене», «шешей» деген сияқты көптеген
сөздер архаизмге айналып барады» деп білдіреді. Кеңес жылдарында мектеп
жасына дейінгі баланың тіл дамыту мәселесін Е.М.Тихеева, Е.А.Флерина,
О.И.Соловьева,
Ф.А.Сохин,
М.М.Конина,
В.И.Логинова,
А.М.Бародич,
Г.М.Лямина сияқты ғалымдар қарастырды. Е.И.Тихеева баланың тілі оның жеке
тұлғасының дамуымен байланысты, бала тілі белгілі әлеуметтік ортада,
әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекет негізінде жүзеге асады деп көрсетеді [35].
31
Е.И.Тихеева тәрбиешінің сөйлеу мәдениетіне де белгілі талаптар қояды. Оған:
тәрбиеші сөзіндегі сауаттылық, мәнерлілік, сөз мазмұнының бала жасы,
қызығушылығы, тәжірибесіне сай болуы жатады. Ғалымның бұл талаптары
бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтпауда.
Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу шығармашылығы тілінің дамуы
мәселелерімен айналысқан педагог Е.А.Флерина көп жылдар бойы балаларға
арналған оқулықтарды зерттейді. Флерина бала тілін дамытудың бірден бір
әдістеріне баламен ұйымдастырылған әңгімелерді, көркемшығарма оқуды,
бірлескен ойын әрекетін жатқызады.
Бала тілінің дұрыс қалыптасуына О.И.Соловьева да айтарлықтай үлес
қосты. «Балабақшадағы ана тілі» атты әдістемелік құралда, автор көп жылғы
тәжірибе негізінде балабақшаның әр тобындағы тіл дамыту әдістемесін
ұсынды.
С.Л.Рубинштейннің оқушысы, тіл дамыту мәселесінің тәжірибелі маманы,
лингвист Ф.А.Сохин бала тілі дамуының психологиялық жақтарын
қарастырды. Сохин бала тілінІң дамуының айналамен таныстырудың бір
аспектісі ретінде қарау мүмкін еместігін айта келе, балабақшаның оқыту және
тәрбиелеу бағдарламасын әзірледі.
Е.А.Флеринаның оқушысы М.М.Конина кезінде жеткіліксіз зерттелғен
бала тілінің дыбыстық мәдениетін төрбиелеуге назар аударып, көркем шығармалар
пайдалану барысындағы мектеп жасына дейінгі баланың тіл дамуының ғылыми
жүйесін әзірледі.
Бала тілінің дамуын ақыл-ой дамуымен байланыстыра қараған
В.И.Логинова,
А.М.Бародич,
Г.М.Ляминалар
балабақша
тәрбиешілерін
дайындайтьш оқу орындарына арналған «Бала тілін дамыту әдістемесі» атты
оқу құралын дайындады [35].
Тіл - қарым-қатынас пен ойлау формасының құралы болып саналады
(С.Елеусізова. Х.Т.Шериазданова т.б) [19,98]. Баланың жеке тұлға болу үрдісі,
ойлауы мен сөйлеуі онтогенезде қарым-қатынас барысында, вербальды
формада жүзеге асады [54]. Вербальды қатынасқа түсу адамнан тіл мәдениетінің
басты белгілерін білуді талап етеді.
Республика көлемінде қарым-қатынас, сөйлеу мәдениетін қарастырған
лингвист, әдіскерлер Х.М.Махмудов, Д.Т.Тұрсынов т.б. өз зерттеулерінде
сөйлеу мәдениеті тілдің тазалығына, логикасына, мәнеріне, нақтылығына
байланысты деп көрсетті. Осы аталған теориялық жағдайлар негізінде, біз, тіл
мәдениетінің критерийлерін (белгілерін) төмендегідей көрсетуге болады деп
ойлаймыз.
Ал, тіл мәдениетіне 2-суреттегі белгілер жатады:
Бұл көрсетілген тіл мәдениеті ата-ананың отбасында ұйымдастырған
тәрбиесі арқылы қалыптасады. Американдық ғалымА.Фромм бұл туралы:
«отбасы тәрбиесі балаға деғен сый-құрмет негізінде ғана дұрыс жүреді» десе,
жапондықтардың айтуынша: «бала өмірге келген қонақ». Қазақтар да, кезінде
бала тәрбиесіне ерекше қарап: «Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара...» -
деген [90,91].
|