Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ



бет10/20
Дата11.05.2020
өлшемі144,43 Kb.
#67302
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
ГОТОВ Тайтелі Назерке Дип.Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

2 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
2.1. Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы.

Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.

Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.

Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады. Кеібір автор оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуды ұсынып келеді. Заманауи принцитер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтіжелерді жоспарлау мен талдау) өз талаптарын ұсынады.

Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принціптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амл – тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтіжелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принйіптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтіжелі болары сөзсіз.

Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларды оқытудың мақсаты сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен – бірі логикалық өзара байланыста болады.

Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:


  • ғылымилық,

  • саналық пен белсенділік,

  • көрнекілік,

  • жүйелік пен бірізділік,

  • беріктілік,

  • тиімділік,

  • теория мен тәжірібесін байланыстылығы.

Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогикалық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжіребелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжіребеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдарану қажеттілігін ұсынады

Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцитерге сүйеніп шығармашылық танытсақойылған мақсатына жетері сөзсіз.

Ережелр принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактикалы принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат – міндеттерін іске асырады.

Біздің оқулықта ранайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық рөлі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеубірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері.

Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет