Диплом жұмысы 5В060200 «Информатика»



бет18/18
Дата09.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#110549
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
602-61 Тұрганбаев Зұлпыхар

Байланысқан стильдер. Бұл стильдің жоғарыдағы әдістерден негізгі айырмашылығы стильдер кестесі Web-құжатқа емес, бөлек стильдік файлға жазылады. Cтильдік файл «.css» файл кеңеймесімен сақталады. Әдетте бұл файлды түзетуде қарапайым ASCII-редактордан (мысалы, Блокнот) пайдаланған дұрыс.

Мысалы:   /* ukgu.css стильдік файлы */


negizgi

{
font-family: "Times New Roman", serif;


font-size: 12 pt;


color: green;


}

fon
{


background-image: url ("files/fon1.gif");


border-top: 2px double navy;


border-bottom: 2px double navy;


border-left: 2px double navy;


border-right: 2px double navy;


background-color:"#e0e0e0";


font-family: "Times New Roman", shadow;


font-size: 12 pt;


color: "#000080";


}

abzatch1
{


font-family: Arial, sans-serif;


font-size: 18 pt;


color: red;


font-weight: bold;


font-style: italic;


}

abzatch2
{


font-family: Helvetica, shadow;


font-size: 14 pt;


color: yellow;


font-weight: normal;


}
tizim


{

font-family: "Times New Roman", shadow;


font-size: 12 pt;


color: "#000080";


}

Көрсетілген мысалда «negizgi», «fon», «abzatch1», «abzatch2», «tizim» стильдері анықталған. Байқасаңыз <style> тегі стильдер кестесінде көрсетілмейді. Браузер стильдік файлды «.css» файл кеңеймесіне қарап таниді. Web-құжатты стильдер файлымен төмендегі түрде байланыстыру қажет:

<!doctype html public"-//W3C//Dtd HTML 4.01//EN">

<html>


<head>


<meta http-equiv="Content-Language" content="en-us">


<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;


charset=windows-1251">


<title> Байланысқан стильдер </title>


<link rel="style sheet" type = "text/css" href="ukgu.css">


</head>


<body>


<р> мәтін </р>


</body>


</html>

Көрсетілген мысалда стильдер кестесін (rel="stylesheet") файл форматымен (tyрe="text/CSS") ағымдағы бумадан (href="ukgu.CSS") байланыстыру көрсетілген. Жалпы, стильдік файлды кез-келген URL-адресте сақтауға болады.

Байланысқан стильдер әдісінде стильдер кестесі CSS синтаксисінен басқа ешқандай дерек сақтамайды. Сондай-ақ Web-құжатта да ешқандай стильдер көрсетілмейді, тек қана стильдік файлға сілтеме жасалады. Нәтижеде Web-құжат коды мен Web-құжатты рәсімдеу бөлектенеді. Сонымен қатар жалғыз стильдер файлын бірнеше Web-құжатпен бір уақытта байланыстыруға болады. Сондықтан байланысқан стильдер әдісі CSS технологиясын қолданудың әмбебап әдісінің бірі болып есептелуде.



Импорт стильдер. Web-құжаттағы ағымдық стильдерге стильдік файлды енгізу үшін <style> тегінің @import қасиетінен пайдаланады. Бұл әдісті байланысқан немесе глобаль стильдермен бірге қолдануға болады, ал ішкі стильдермен қатар қолданудың қажеті жоқ.

Web-құжатты стильдер файлымен төмендегі түрде байланыстыру қажет:


<!doctype html public"-//W3C//Dtd HTML 4.01//EN">


<html>


<head>


<meta http-equiv="Content-Language" content="en-us">


<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;


charset=windows-1251">


<title> Импорт стильдер </title>


<style>


@import url("files/matin.css");


@import url("files/tizim.css");


</style>


</head>


<body>


<р> мәтін </р>


</body>


</html>


Көрсетілген мысалда «matin.css» және «tizim.css» стильдік файлдары ағымдағы құжатқа «files/» бумасынан енгізіледі.




Бастапқы бетке





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет