Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Бұл көрнекілік құралдың мақсаты



бет5/16
Дата05.11.2016
өлшемі4,34 Mb.
#495
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Бұл көрнекілік құралдың мақсаты - мысалдар арқылы сөз тіркесін өзіне ұқсас тілдік тұлғалармен салыстыра отырып түсіндіру, олардың айырмашыльщтарын анықтау, айқындау. Көру сезімі арқылы окушының есінде сақтап қалуына жәрдемдесу.

ә) Ал екінші кестенің мақсаты - сөз тіркесін топтастырудың Тұрлерін айқындау, кесте арқылы сабақты бекіту, толықтыру.



Сөз тіркесінің түрлері

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Биік ағаш, әдемі қала, отыз бала, ауылдың баласы

Асығып сөйледі, үйге келді, баламен әңгімелесті, сабақтан соң қалды

Нәтижесі:

  • көру сезімі арқылы сөз тіркестерін естерінде қалдырды;

  • морфологиядан алған іскерлік дағдыларын пайдаланды;

б) Схема арқылы сөз бен сөздің байланысуын, яғни сөздердің тіркесімділік қасиетін меңгерді.

Бұл схеманың мақсаты - кез-келген толық мағыналы екі сөздің сөз тіркесі бола бермейтіндігін, сөз тіркесі болу үшін, жоғарыдағы қасиетіне қосымша мағыналық байлыныстың болуы шарт екендігін үғындыру.





Асыл

Биік

қол жетпек ^^- арман көп ^^ ОКУ

алдағы


түншен

2. Үлестірмелік кеспе қағаздары оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Оның оқу белсенділігін, пәнге деген қызыгушылығы арттырады. Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс оқушының сөз тіркесін жете түсуіне, оның білімін тексеруге кететін уақытты үнемдеуге және олардың білімін тексеріп, жөндеуге (коррекқия) мүмкіндік береді. Үлестірмелі кеспе қағаздардағы тапсырма окушының шығармашылық мәнде, өз бетімен ойланып жұмыс істеуге дағдыландырады және саралап оқыту принципін жүзеге асырады. Атап айтқанда, диалогтық, монологтық сөйлеуді меңгерту, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп оқу, дайын материалдарды талдау, шығарма жаздыру, мәтіндегі негізгі ойды ажырату, бөлім-бөлімге бөлу, ат қою сияқты тапсырма жұмыстары арқылы сөз тіркесін, оның алуан Тұрлі қыр-сырын ашуда мына тапсырма түрлерін пайдалану тиімді болды.

1-тапсырма. Мәтінді түсіндіріп оқыңдар. Мәтінде не туралы айтылган, жазушы табигатты қалай суреттеген. Табигатты суреттеуде қандай сөз тіркестерін пайдаланган, сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер.

Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мүнарлады... үзілмей, қатаймай, бір қалыптап желпи соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы жолман қүлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып, шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары... Дала емес - теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. (М.Әуезов). Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін таба білу.

Міндеті - тілін дамыту, жазушының тіл байлығына назар аударту арқылы, сөз тіркестерін меңгерту. Нәтижесі:

  • әдеби тілдің нормаларымен танысты;

  • ауызекі сөйлеумен көркем әдебиет тілінің айырмашылығын
    түсінді;

туған елдің табиғаты туралы әсер алды;

- тыныс белгілерінің жазушының ойын жеткізуде атқарып Тұрған


рөліне назар аударды.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушынық қай шыгармасынан үзінді екенін айтықдар. Мәтіндегі сөз тіркестерін ауызша айтып беріқдерг байланысу формаларын, тәсілін айтыңдар.

¥зын бойлы, аршын, ақ сұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп рып алып, алақанына үйкеп жіберді де, аспандағы бурашы шабынып шыға келді. Кеспектей дембел қара жігіт талтаңдай басып қарыс барды. Есік пен төрдей жерге келгенде, аңға шығатын жолбарыстай екуі де арбасты.

(Ж.Аймауытов).
Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін тауып, байланысу формаларын, жасалу тәсілін анықтау, сын есімнің мәтінде қолданылу мақсатына назар аударту.

Міндеті - әдебиет пәнімен байланыстыра отырып, Жүсіпбек Аймауытовтың творчествосын таныстыру, мәтіндегі сын есімдердің Тұрлеріне талдау жасату. Нәтижесі:



  • мәтінді түсініп оқып, оны қайтадан ауызша айтып беруге
    тырысты;

  • сөз сөйлеудегі кемшілігін жоюға жаттықты;

  • ойлау қабілетін дамытты;

  • естігені, білгені жайындағы мағлұматтарды еске түсірді;

  • сын есімнің түрлерін қатыстырып, өз айналысындағы бір адамға
    мінездеме беріп, сөзбен портрет жасауға дағдыланды.

Тапсырманың екі түрі берілді. Қалғандары қосымшада қамтылған.

3. Техникалық оқу құралдарын оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, олардың пәнге деген қызығушылығын дамытады, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.

Сөз тіркесін, оны өзін үксас тұлғалардан ажырата білуде, сөз тіркесінің түрлерін, құрылысын, лексика-грамматикалық сипатын анықтай түсуде магнитафонды (үнтаспа) тиімді қолдануға болады. Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мәтінді магнитафон арқылы тыңдатып, одан сөз тіркестерін теріп жазуды көздейтін терме диктанты жүргізілді.

Диалог немесе әр түрлі жағдаятқа берілген мәтіндерді тындау арқылы, сөйлем құрауда сөз тікестерінің тақраып тұрған рөлін анықтау сияқты тапсырмалар орындатылады.

1. Сабақтың тиімділігін артыруда кодоскоптык (әпидиаскоп) атқаратын ролі зор. Кодоскоп транспоранттары арқыдлы фотосурет, схема, сурет, грамматикалық кестелерді үлкейтіп көрсетуге болады. Мысалы, оқулықта берілген 22-24-беттегі схеманы, тілдік модельдерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Сондай-ақ, кодоскопта сөз тіркесін меңгертуде мына жұмыстарды жүргізуге болады:



1. Схема бойынша сөз тіркесін құраңдар.

  1. сын есім - зат есім.

  2. есімдік - зат есім.

  3. сан есім - зат есім.

  4. сын есім - етістік

  5. зат есім - етістік




  1. Кодоскоптан тақтаға сурет түсіріледі. Осы суретке карай
    отырып, сөйлемдер, соның негізінде мәтін құрап, оның ішіндегі сөз
    тіркесінің құрлысына талдау жасалады.

  2. Үнтаспаға жазылған мәтін оқылады, мәтінен сөз тіркестерін
    тапқызып, лексика-грамматикалық мағынасын анықтау тапсырылды.



Қазақ тілі

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, баү_ ардың. Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардық. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен, тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ көңіліңмен тарта аларсың, сен, тілім.

(М.Жұмабаев).

Осы тәрізід сабақта қолданылған көрнекі құралдар сөз тіркесі туралы алған білімдерін қалыптастыруға көмектеседі. Сапал да терең білім алуға негіз болады.



III. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері тілді меңгертудің жоғарғы сатысы. Оны шығармашылық деңгейде қолдана білуге үйретуде мына жұмыстарды жүргізуге болады;

  1. Пікір сайыс (ой толғақ, дебат);

  2. Рөлдік ойындар (симуляқия, драмалық шығармаларды сахналау).
    1. Пікірсайыс - итнерактивті әдістердің жиі қолданылатын

әдістерінің бірі. Бұл әдіс өткен материалды толық, оқушының саналы Тұрде игеруіне көмектесті. Пікірсайыста қолданылатын сұрақ қою, жауап іздеу, оны өзі құрастыру, өз сөзімен жеткізу, өз ойын білдіруі соған қатысушының ойлау процесін күшейтті, оның сол тақырыпты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.

Осымен байланысты диплом жұмысымызға сәйкес «Сөз тіркесі әлемінде» тақырыбында «Есімді тіркестер тобы» және «Етістіктер тіркестер тобы» болып өткен сабақтың алдында оқушыларға

пікірсайыстытың болатындығын хабарлай отырып, оларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берілді. Тапсырмалар баяндама жасау, рефарат жазу, мақала жазу түрінде жүргізілді. Сабақтың үлгісі қосымша берілді.

2. Ал, рөлдік немесе оқу (грамматикалық) ойындары сабақты қызықты, тартымды өтуіне мүмкіндік берді, оқушының ойлау, шығармашылық қабілетін арттырды. Драмалық әдіс «тілдік матеиалдарды меңгертудегі іске асатын сөйлеу іс- әрекетінің оқу, жазу, тындаужәне сөйлеу - төрт Тұрі қолданылады, яғни оқушы тілдік комуникативтік, қарым-қатынас жасау деңгейінде қолдана алды.



Сөз тіркесін меңгерту барысында оқушының сөздік қорын байытып, оның сөйлеу тілін дамытуда мынадай жаттығулар пайдаланылды:

  • өлең, мәтіндер жаттау (олардың ішінде сөз тіркесін тапқызу):

  • әдеби кейіпкер бейнесін жасауда жаттаған өлең, мәтіндерді
    пайдалана білу;

  • мәтіндерді толықтау (көркемдік, композициялық, құрылымдық
    жағы, сөз тіркестерінің кү_рылысы, т.б.)

Сонымен қарат грамматикалық ойындар, көбіне сөзжұмбак, ребус, сөздік лото, жұмбақтар шешу, жанылтпаштар айту түрінде жүргізіледі. Аталған грамматикалық ойын түрлері сөз тіркесі мәселелеріне құрылып, соны дү-рыс шешуге, сапалы түрде түсінуге көмектесті. Мынадай ойын түрлері пайдаланылды:

«Сөз тіркесі әстафетасы» ойынының мақсаты — оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөз тіркесінің байланысу формалары жөніндегі түсініктерін бекіту.

Ойынның шарты. Бір оқушы матасу байланысына мысал айтады да, қолындағы орамалды кестесі оқушыға тастайды. Ол окушы ары қарай жалғастырып, үшіншісіне береді. Сүрінген оқушы айыбын өтейді. Нәтижесі:

  • рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген
    ынтығарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де
    жетектеді;

  • рөлдік ойынның мәні ойын барысында оқушының тілдік
    қатынас жасауға деген талабын ашты;

- қажетті сөздерді дәл тауып айтсам деген ойды да туғызды.
«Қызықты адаммен интервью» ойынын сөз тіркесі туралы

мағлұмат алу мақсатында ойнатылды. Бір оқушы журналисттің рөлін атқарды, екінші бір оқушы белгілі бір маманының рөлін ойнады. Журналист-оқушы тіл маманы-оқушыдан сөз тіркесі туралы өзіне қажетті мағлү-маттар алды.

«Сөзді тап» ойыны

Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін үғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Ойын ережесі: Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте тақтаға ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы және соңғы дыбыстарын бірдей әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден соңынан оқыса да, оңынан оқыса да бірдей сөздер ойлап табады.

Ойын ұзақтығы: 5 минут

Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп тақтаға кесте іледі. Екінші кезеңде окушылар берілген тапсырманы орындайды.

Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс құрауға, сөздердің мағыналарын жете түсінуге дағдыланады.

Ойынның тиімділігі: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін нығайтады. Олардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіреді.

қ










қ

қ










қ

қ










қ

қ










қ

к










к

к










к

к










к

к










к


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет