Диплом жұмысы «Соңғы парыз»



Дата12.03.2018
өлшемі74,61 Kb.
#38563
түріДиплом
Тақырыбы: «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»атты студенттемен кездесу кеші.
 Кешке қатысушы көрермендер:
– 9-11-сынып оқушылары
– Студенттер
– Ұстаздар
 Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер
Кештің мақсаты:
1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу

1. Студенттерді таныстыру. (слайд арқылы)


2. КВН.
3. «Жасырын сөзді табу». Ойын.(жарнама) (комбайн, доп, кітап, домбыра, тақия).
4. «Қызықты ой толғау» бөлімінде ортаға оқушыларға таныс емес терминдер, мәселен, сессия, декан, т.с.с. сөздер тасталып, студенттер сол сөздердің мағынасын ашып түсіндіру. 
4- бөлім. 
Осыған ұқсас бірақ көркем әдебиеттердің атауы берілгендерді де көк жәшіктен көрген едім, сондай қызықты болатын. Іздестіріп отырып, мынаны таптым:

Студент «анықтамалығы»

Университет – «Өмір мектебі» 
Декан – «Менің Әуезовім» 
Замдекан – «Оң қол» 
Ұстаз – «Ағалардың алақаны» 
Дәріс – «Өліара» 
Сабақтан қайтқанда – «Тойдан қайтқан қазақтар» 
Студенттік шақ – «Дүние-думан» 
Танысу – «Менің атым Қожа» 
1-курс – «Әңгүдік» 
2-курс – «Пысық болдым, мінеки» 
3-курс – «Асуда» 
4-курс – «Қош бол, менің ертегім» 
Магистрант – «Мәңгілік бала бейнесі» 
Аспирант – «Жоқ іздеген жігітпін» 
Семестр – «Біздің жақта қыс ұзақ» 
Староста – «Жау тылындағы бала» 
Емтихан – «Қан мен тер» 
Емтихан тапсырғанда – «Сергелдең болған серілер» 
Сессия соңы – «Аласапыран» 
Диплом жұмысы – «Соңғы парыз» 
Жатақхана – «Ақын. Періште. Махаббат» 
Бөлме – «Жетінші палата» 
Демалыс – «Сағыныш» 
Комендант – «Аспандағы әпке» 
Вахта – «Қорқыттың көрі» 
Вахтерша – «Бандыны қуған Хамит» 
СМС – «Жүректегі жазулар» 
Қалыңдық – «Ең әдемі келіншек» 
Үйленгеннен соң – «Ол көктем оралмайды»
І Таныстыру

Беташарын кешіміздің бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Студенттер таныстырсын өздерін

Әрқайсысының айтар сөзін тыңдайық.

5. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: (мамандық бойынша).

5-бөлім. . Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.


Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

6-бөлім:
«Маман болам мен ертең» студенттердің диплом алған соң қандай іспен шұғылданғысы келетіндігі туралы сөз қозғалып, мамандықтары туралы пікір алмасу. 

7-бөлім: «Суретті қимыл» ойын. (ортаға екі студент шығады, біреуі суретті ұстап тұрып екіншісі сол суретті бейнені қимылмен бейнелеп беру, суретті ұстап тұрған студент сол бейнені не екенін табу).

8-бөлім. Ситуациялық жағдайлар. 


- Ұстаздар, сіздерде біздей болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! ( Ұстаздар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді алады.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?

№2 тапсырма.


Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?

№3 тапсырма.


Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?

№4 тапсырма.


Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?

№5 тапсырма.


Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Надежда апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?
9-бөлім. Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест) 
Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?


1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 
3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 
4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 
5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 
6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 
7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 
8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 
9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.
10-бөлім: «Көрермен көкейіндегі ой» атты бөлімде оқушылар студенттерге толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алады
Қатысушыларға берілер сұрақтар: 
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
Студенттер, аяулы ақ мамандар, 
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар 
Білім қуып бөлмеге қамалғандар. 
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер, 
Ауылға жиі айтатын сәлемдері: “Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!” 
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар 
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар. 
Студенттер, болашақ жас мамандар, 
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар, 
Студенттер, ұстазға ұнағандар. 
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар 
Қайтадан тапсырам деп жылағандар 
Тәттіні, ащыны да татып тұрар 
Студенттің жан сырына құлақ саңдар, 
Сонда да жандарында жанып тұрар. 
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды
Студенттер, Студенттер, Бақыттылар!!!
11-бөлім: Қонақ кәде. 
(Студенттер өздерін таныстырады)

ІІ Мамандық таңдау бөлімі.

Лондонның «Санди Таймс» газетінде жарияланған зерттеулерге қарағанда адам ғұмырының ұзақтығы оның қандай м амандық иесі екендігіне байланысты көрінеді. Ағылшын психологтарының бұл болжамы «Мамандықтың жаманы жоқ, Жаман маман ғана бар» деп үйренген біздер үшін әрі тосын, әрі жұмбақ. Дегенмен қазіргідей дағдарыс салдарынан «қай күні қысқарып кетем» деп жүрген қандай мамндық иесіне де оңай болмасы анық.

Расында да мамандық таңдар алдында оның қадір-қасиеті туралы қабырғаңмен кеңесіп, ойланып алған арт ық етпейтін секілді.

Сіздердің Мамандық таңдауларыңызға кімдер әсер етті.

(Студенттерге сұрақ)

Досмұқасанның орындауындағы ән бар екені белгілі

Оңға қара солға қара

Жан-жағыңның бәрі қыз .

Сол арадан жігіт көрсек

Таңданбаймыз бәріміз.

Ал осыны көргің кел се ,

Каз Пи жаққа барыңыз.

1.Студент дегенде мұрты едірейген енді-енді тебіндеген жастар көз алдымызға көлбеңдеп еклсестейді. Ал сіздердің кездеріңіздегі студенттердің көбісі көне етікті емес, көк етікті екенін білеміз. Студент шақтағы сіздердің іздеріңіз Ақтөбенің қай көшесінде сайрап жатыр.

Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады. 11 - сынып оқушысы, мектебіміздің әншісі Нұрғазиева Тұрсынайдың «Мектебім» әнін қабыл алыңыз.

Қабыл етіп қонақтардың тілегін


Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,

Қортынды.

Қ Мырзалиев «Студенттер өлеңі»

Жоба тап,

Жол көрсет.

Келешек қамы үшін

Қайтадан қайрылып

Қауымға келмейсің

Барыңды,

Нәріңді


Тірлікте бергейсің,

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң

Шын бақыт ,

Осыны ұқ мәңгілік өлмейсің.



Дей келе кешімізді аяқтаймыз.

(Студенттерге естелік зат беріледі. Студенттер өз тілектерін оқушыларға дәптерге жазып қалдырады.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет