22
қатысты, курс бойында, әр жылда, сабатарда және бір сабақта орын алады.
Бұндай әдіс оқытудың жүйелілігін қамтамсыз етеді, біртұтастық, мақсаттылық.
Оқытудың жүйелілігі оқушының әр аспектіні игеру заңдылығын ескеру
арқылы құрылады. Оқыту ұйымдастыру жоспарында циклділік және
жинақтылық көрінеді; белгілі бір материалдар көлемі белгілі бір сағаттар
циклінде игеріледі, әр циклге белгілі бір сағаттар соны кіреді. Әр цикл сөз
әрекетінің белгілі бір түріндегі (мына немесе ана) белгілі бір дағды мен
біліктіліктің дамуының негізінде құрылады.
Циклділік (концентрически) жинақтылық әдіспен құрылады, бұл тілдік
материалға да, талқыланып жатқан проблемаға да қатысты.
Жүйелілік ұсынылып жатқан жүйеге оқушы мен шетел тілінің мұғалімін
ғана емес, оқушының ата-анасын, басқа пән мұғалімдерін кіргізеді. Пән аралық
байланыстар шетел тіліне қызықпайтыноқушыларды қызықтыру құралы
ретінде қолданылады.
Оқыту процесін жүйелі ұйымдастыру тілді деңгейлеп оқытуды
қарастырады, яғни оқу процесінің түрлі деңгейлері кіреді:
1.
оқыту сатысының деңгейі (бастауыш, төменгі, орта, жоғары);
2.
оқыту кезеңінің деңгейі, сатылар арасында анықталады;
3.
этаптар деңгейі (лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру
этапы, дағдыларды жетілдіру этапы, біліктілікті дамыту этапы);
4.
оқыту кезеңінің деңгейі, этаптар мен оның бөлімшелері(подэтапы) ішінде
анықталады.
Әр деңгейдің өзінің спецификасы бар, ол әр оқушының психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерімен анықталады.
Ситуация незінде шетел тіліне оқыту принциптері
Коммуникативті тұрғыда оқыту ситуациялар негізінде жүзеге асады, бұл
қарым-қатынас жүйесі ретінде түсініледі. Ситуация адамдардың әлеуметтік,
ролдік және іс-әрекет негізінде қарым-қатынас жасау динамикалық жүйесі
ретінде қарастырылады.
Ол оқыту процесінің жүзеге асуының универсальді формасы болып
табылады, тілдік құралдарды ұйымдастыру тәсілі, оларды таныстыру, сөз
әрекетін тудыру тәсілі болып табылады және тілдік біліктілікті дамыту және
дағдыларды қалыптастыру шарты болып табылады. Коммуникативті әдістеме
барлық осы ситуациялардың қызметін қолдануды қарастырады.
Оқу ситуациясы оқытудың бірлігі ретінде қарым-қатынас бірлігі ретіндегі
ситуацияны модельдейді.
Осылайша, ситуация тілдік ситуация рөлін ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: