Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 29–ші
беті
отырып, докторантурада оқуды аяқтаған
Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және
азаматтығы жоқ адамдарға береді.
8.5.33 Диссертация ғылыми дәрежелерін алу үшін
докторанттар ұсынған Ғылыми
дәрежелерді беру қағидаларына сәйкестігін бағалауды Комитет жүзеге асырады.
8.5.34 Диссертацияны қорғау үшін құжаттарды уақтылы ұсынбаған (ХҚТУ
докторантурасындағы оқуын аяқтағаннан кейінгі жырты жылдан кешіктірген) жағдайда,
докторант шығарушы кафедрада алдын ала қорғаудан қайта өтеді, ол үшін:
- ректор атына диссертацияны қайта алдын ала қорғау
рәсімінен өтуге рұқсат беру
туралы өтініш жазады;
- ХҚТУ докторанты диссертацияны қайта алдын ала қорғау рәсімінен тегін негізде өтеді;
- шығарушы кафедра ғылыми зерттеу
нәтижелері туралы тыңдап, диссертацияның
қорғау талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шығару үшін
кафедраның кеңейтілген
отырысын ұйымдастырып, сол отырысты өткізгеннен кейін докторантқа хаттаманың үзінді
көшірмесін береді;
- ЖБКББО диссертацияны қорғауға қабылдау туралы
ректордың қолы қойылған
ұсынымхат дайындап, диссертациялық кеңеске ұсынады;
- ХҚТУ докторанты диссертациясын ХҚТУ диссертациялық
кеңесінде қорғайтын
жағдайда, ол диссертацияны қорғау ақысын төлеуден босатылады (2018 жылғы «30» қазандағы
№ 604 жоғары білімнен кейін білім беру МББС 114-тармағы, 8-ші қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: