Диплом жұмысын орындау үшін Студент Омарова А., Зфи-02-1к (аты-жөні, тобы) Диплом жұмысының тақырыбы


ІІ тарау ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ РОМАНДАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ



бет2/3
Дата18.05.2017
өлшемі0,99 Mb.
#16312
түріДиплом
1   2   3

ІІ тарау

ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ РОМАНДАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жазушы- ақынның шығармашылық жолы қилы-қилы болып келеді. Ол да қарапайым өмірдің иесі. Барлық адамдар секілді өнер адамынң рухани өсу жолдары білім алып, өнерін шыңдап, тәжірибе жинау да олардың өмірінде үлкен орын алады. Әбілда Тәжібаев үшін өмірдегі талантын шыңдаудың үлкен бір биігі - Абай атындағы педагогикалық институтының даярлық курсында. 1928-1929 жылдары алты ай оқу және университеттің негізгі курсын екі жыл оқиды. Бұл уақыт ішінде ақын орыс тіліндегі кітаптарды Белинскийдің мақалаларымен танысады. Плеханов, Добролюбов, Бисаревтердің кітаптарында да жинайды, Пушкиннен бастап орыс классиктеріне үңілетінді шығарды, оқи жүріп мақалаларда жазып бастырады, әдебиет кадрлары жетіспей жатқан елде жас, қайратты, білімі бар, ізденіс үстінде жүретін талапты жас ақын қатарға тез қосылды. Бірақ 1931 жылдың жазында күтпеген жерден оқудан қол үзеді. Ол былай болды: «Қарсақбай аудандық партия комитетіне секретарь болып барған Садықбек Сапарбеков жолдас маған келіп:

- Әбділда, мен сені бір жылға сұрап алдым, Қарсақбайға жүріп аудандық газет шығарып бер. Бір жылдан соң оқуыңа қайта келерсің,- деді арқамнан қағып». Мұнан кейін ақын сыйлы, білімді, еңбекқор азамат Садықбек Сапарбековтің сөзін жерге тастамай өмірлік алғашқы асу – белес болған Қарсақбай ауданындағы «Қызыл Кенші» атты газетінің бірінші санын шығарады. Ақын үшін бұл ісі өте бір үлкен аяулы бақытты шақ болды. Партияға әлі кірмегендіктен, комсомол мүшесі ретінде газет редакторының орынбасары ретінде қол қояды. Жезқазған, Байқоңыр шахталарынан, Қарсақбай заводы мен темір жол жұмысшыларынан тілшілер тауып, олардың материалдарын, әдетте, басып шығару Әбділда ақын үшін ұлы оқиғалардай көрінеді. Оның үстіне «қызыл кеншінің» бірінші санын қолына ұстап тұрып Сапарбековтың өзіне айтқан рахметі, жылы сөздері жас редактордың мерейін өсіріп, шығармашылыққа деген құмарлығын арттырады. Жас ақынның шығармашылық зертханасының алғашқы кезеңі болып табылатын газеттегі журналистік қызмет оның көптеген ұлы тарихи тұлғалар, ұлы тарихи, қоғамдық оқиғалар ортасынан орын алуына септігін тигізді.

«Тағы да қайталаймын: Қарсақбай менің өмір бойы ұмытпайтын үлкен мектебімнің бірі болды. Халық, қоғам, өндіріс, еңбек адамдарымен мен ең алғашқы осы Қарсақбайда кездестім. Сан алуан мінез, портреттерді де осында көрдім. Мен үш жыл бойында қанша сөз, қанша ырғақ жаттадым, заводтағы, шахтадағы от пен судың сырына да осында қанықтым.» -дейді. Ә.Тәжібаев зертханасының терең сырларының түп негізін түсіндіріп беретін түпкі жайды өлеңнің туу процесінен іздесек, шығармашылықтың методологиялық ерекшеліктерін көптеп кездестіреміз. Ол жөнінде ақынның еске алған мына бір оқиғасы дәлел болардай:

«Әбділда, әзірмісің. Біз сені қыздың қасына отырғызатын болдық» - деді бүкіл комбинаттың транспорт бөлімін басқаратын Шайхыслам Қаленов. Шайхыслам менен бір жасы кіші, завод жұмыскерлерлігінен комбинат директорның орынбасарлығына дейін көтерілген, аса пысық, талантты достардың бірі болатын.

- Автоколоннаны Қарлығаш деген қазақ қызы бастайды. Ол туралы өлең жазсаң ғана қасына отырғызамын, - деді досым сөзін жалғастырып, сөйтіп мен Алматыға барар бір сапарымда Қарлығашпен бірге шықты.

Жол жақсы, түн айлы, тынық еді. Күн шыққанша тынбай жүріп Жосалыға жеттік. Ол кезде қазақ қызының отыруы ерекше оқиға болатын. Қарлығаштың бүкіл колоннаны (колоннада оннан аса машина болды) басқарып, мүдірмей, сүрінбей артқан жүгімен жолаушыларын Жосалыға әкелуі мені қатты сілкіндіреді. Алматыға жеткен бетте «Қарлығаш» атты өлең жаздым да, ұмытпасам оны «Лениншіл жасқа» бастырдым. Өлең әжептәуір жылы және екпінді шықты. Қазақ қызының өнеріне мақтану да жоқ емес еді. Жыр соңы:

Көздің шырын аларсың

Айда, сәулем, қарындас,

Соқсын менің жүрегім.

Моторыңмен аралас.

Сен талдырмас қанатым

Сүйген сені мен ақын,

Тербетейік терең жыр,

Үн қосайық екі жас, - деген шумақпен аяқталады.

Ақынның жүрегіне жол салған қазақ қызы Қарлығаштың темір тұлпарды ерттеп мініп, оның құлағында ойнауы сол жылдары ел өміріндегі және қоғам санасындағы үлкен жаңалық еді. Жас журналист – ақынның шабытын қозғап, сезімін тербеген қазақ қызының жарқын бейнесі мен зор қара күші болды. Бұл өлеңге комбинат басшылары мен академик Қаныш Сәтбаевтың қадамына қуанып, осы тақырыпта өлең көптеп жызалса деген үлкен үміттерін де білдіреді. Дегенмен, ақын өмір әрқашан шабыт шақыратын кілең жақсылық пен жарқын шақтан тұрмай, оның үстіне ол газет редакторы болса, онда оның араласпайтын ісі, баспайтын жері болмайтынына сөз жоқ. Міне, ақын ғұмырнамасы туралы сыр шерткенде бұл мәселелерді де естен шығармай сөз етеді.

«Өндіріс» газетінің өз көлемінде араласпайтын жері, кіріспейтін мәселесі болмайды. Көбінесе шатқ әңгімелерге араласа қалаып, ол әңгіменің ұшығына жеткенше шаршайтын кезің де болады екен. Біз де басқа газеттер сияқты Отанға мыс беру жоспарын орындау үшін күресеміз. Кен жетпей қалса Жезқазғанға барамыз. Шахтаға түсеміз, кеннің кем өнген себебін іздейміз. Осындай бір олқылықтың тұсында «Қызыл кеншіні» екі ай бойы мыс кенін беретін шахтерлер ортасында отырып шығарған кезіміз де болды... дейді. Қиын да қызықты журналист тіршілігінің Ә.Тәжібаевтің шабытын қайрап, өнерін шыңдаумен қатар, көңіліне қаяу түсіріп қиналған сәттері болғанында көреміз.

«...кейде күрделі деп санамаған мәселерге арнап беттер береміз, трибунадан жұмысшыларды, мамандарды сөйлетеміз. Кейде ешқандай адамдарға қарсы ашу шақырып, ащы сөздер айтамыз». Ондай шатақтардың аяғы аудандық партия комитетінің бюросына жетіп толастайды. Жеп қойған, ішіп қойған қыдмыстылармен, жұмыс кезінде мас болып, авария жасаушылармен күресу, бюрократ менмендермен алысу да – «Қызыл кеншінің міндеті». Сондықтан көп соғысамыз, көп соғамыз, кейде оғаш қимылдап қалып, өзіміз соғылып жүреміз».

Кейде шаттанып, кейде қаяу тартқан алғашқы шығармашылық ғұмырдың жолдары әр түрлі соқпаққа жетелейді. Ақынның шығармашылыққа белсене кірісуіне 1933 жылдың күзінде «Қызыл кеншіден» босандым да Алматыға оралдым. Тура Әлібек Қоңыратбаевтың әдеби образын да сомдап өтіп, сезімін тербеп, мейірімін түсірген досына деген ыстық ықыласы оған өлең шығарумен қанаттанғанын көреміз.

Бір тұрып, бірге жүріп, бір жатқанмын,



Ащыны, тұщыны да бір татқанмын.

Бір күліп, қайғырғанда бірге жылап,

Бірге ішіп бокалды да құрғатқанмын.

Қосылып өлеңді де бірге айтқанмын,

Қызықтан қыз ұзатқан бір қайтқанмын,

Айтыста айқайы көп бірге сөйлеп,

Түндерін бірге өткізгем бойдақтардың... –

Деп Әлібек Қоңыратбаевқа жыр да жазады. Алматыға келген жас ақын өзімен үндес жас оқырмандардың ортасына келіп, рухани өсудің баспалдақтарына көтеріледі. Автор ғұмырнамасында бұл бақытты кезеңді баяндауға едәуір орын береді.

«Лениншіл жастың» редакторы Несіпбай Манашовтың кабинетіндеміз. Балуан денелі, шашын тықырлау өсіретін Несіпбай керемет ақ көңіл, ойына келгенін табанда айтып тастағыш болатын. Ол мені Москвада, Ленинградта оқып қайтқан жас жігіттер: Зейін Шашкин, Саттар Ерубаевпен таныстырды. Екі беті де, ерні де шиедей қызыл әдеміше ғана жұқа Зейін сағынып көріскен туыстай құшақтаса көрісті. Таңқы мұрын, жалпақтау беті әлі нәрестелік бояуын жоғалтпаған Саттар жай ғана қол берді».

Осылай басталған ақын өмірінің нұрлы жолы әдебиет пен өнердің небір соқпақтарымен танысып, өнер мен мәдениеттердің рухани үндестік табуға мол ықпал етті. Толғана еске алатын және әдебиеттің ғылымы мен өнер ретіндегі қасиеттерін ұғып үйренуде М.Әуезовтың өзіне үлкен рухани шығармашылық кеңестер бергенін, соның нәтижесінде көп нәрсе біліп, түлеп, шығармашылық адам көзіне көріне бермейтін нәзік тұстарын оқып үйренудегі жағдаяттарды да баян етеді. Әлібек Қоңыратбаевтың себеп болуымен ұлы жазушы Мұхтар Әуезовпен танысқан кезін де суреткер сағынышпен еске алады. Өнер адам үшін өлең шығарып, жыр оқуға тек шабыттың өзі аздық етеді. Ол үшін үлкен сүйіспеншілік, Абай тілімен айтсақ, «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек керек». Ал сол үш күшті рухтандыратын әсердің өзі ақын махаббатынан алары шындық. Әбділда Тәжібаевтың М.Әуезов туралы сырттай таныстығы аса көңіл қуантардай жағдайда емес еді.

Мен Әуезов пен Ермековтің бұдан бір жыл бұрын жазған ашық хатын оқығанмын, қазір де сол хат есімде. Бірақ жазғандарын жақсы білсем де, бұрын көрмеген адамымның бейнесі маған бір түрлі суық боп сезіледі. Әсіресе, ол мені жек көретін сияқты. Өйткені, соңғы жылдарда менің Нәзірге, Ысмағұлға қарсы жазған мақалаларымда Әуезов туралы ауыр – ауыр сөздер айтылған. Сол кездегі белгілі үрдіс дәрежесінде айтылмаған»...

Арада ұзақ жылдар салып ақынның еске алуы сол бір өткен күндерге деген сағыныш сезімі ғана емес шеберлігін ұштау үшін де, шығармашылық жолын табу үшін де ұлы жазушының ықпалы мол болғанын аса бір сүйіспеншілікпен еске алады.

Ә.Тәжібаев табиғатында ақын болып туған. Табиғаттан ақындық дарыған асыл жан жастайынан халық өлеңін жаттап өсті.

Өнер жолында ақын болып туылған Ә.Тәжібаев әр жанр, әр алуан формаға жетеледі де, қызықты, қилы – қилы көп жанрлы еңбектер дүниеге келді. Поэзияға қатыстыра айтқанда және бір мәселеге тоқтала кету жөн. Әбділда Тәжібаев поэзия жанрында ерте, жедел піскенін көреміз. Әдебиет зерттеушілерінің пікірінше, жастық еншісі - лирика да, поэма – ересектік, кемелдік жемісі. Ал Әбділда Тәжібаев осы екі фактордың біріншісінен екіншісіне жедел өтеді. Ол жиырма бес – жиырма алты жасында поэма жаза бастайды. Естелік жазуда ақынның негізгі тірегі де осы күнделік болса керек. Күнделіктің томға жуық парақтарын ақтарғанда, ең жарқын беттерінің бірі Мұхтар Әуезовке арналғанын көреміз. Біздің зерттеу еңбегіміз үшін бұл күнделіктің маңыздылығы сол, кезінде Ә.Тәжібаевтың ақындық шеберлігін шыңдауға ұлы прозаиктің үлкен ықпалы болуы.

«Орысша оқымаған, дүние классиктерінің тереңінен қанып ішпеген, күрделі құбылыстарды үстірт білетін, көбінесе ұранға шауып үйренген көрбала жасқа кезінде ақылшы болатын, оның көркем тәрбие көрмеген дөрекілігін асқындырмай тоқтатылатын ұстаз керек екен. Сол көрбала мен едім де, сол ұстаз Мұхаң болатын. Мұхаң маған бір рет те ырғайыншы, сынап көрейінші дерліктей сұрақ беріп көрген емес, әйтсе де, үйретейінші, айтып жіберейінші дегендей де сыңай танытқан емес. Ол әрқашанда –ақ қазақша сөйлесе де, орысша сөйлесе де күнделік қиқым – сиқым сөздерден тез босап алған соң көбімізге ортақ қазақты әңгімелерді бастап, жосып кететін. Сондайда оның аузымен талай данышпандардың аттары аталады, талай әлемдік мәні бар шығармалардың мен білмейтін сырлары ашылады. Мұхаң атаған ұлы адамдар мен шығармаларды тезірек танып, тезірек білуге тырысушы едім – деп еске алып, ақындық шеберлікті суреткерлік сананы қаламгерлік өрені өсіруде М.Әуезовті өзіне ұстаз тұтады. Келтірілген жолдардан М.Әуезовтың Ә. Тәжібаевқа тікелей келіп, былай жаз, былай бейнеле демегенін көреміз. Жазушының шығармашылық, өнер, пәлсафа туралы айтқан жәй әңгімесінің өзі зейіні бар адам үшін үлкен мектеп, терең білім екен. Ақын Ә.Тәжібаев өзінің зерек зейінінің арқасында айтылған Ә.Тәжібаев өзінің зерек зейінінің арқасында айтылған ұлағатты ойлардан өзіне қажетті рухани азықты дәл тауып, теріп ала білген. Қатардағы ақындықтан қайраткер ақындық дәрежесіне жету үшін М.Әуезовтің өнегелі ойлары да көп көмек берген екен.

Әсіресе Ә.Тәжібаевтың кезінде оқырман қауымды ерекше сүйгендіктен даңқты «Сырдария» атты лирикалық өлеңінің тууына осы М.Әуезовтің әңгімесінің зор ықпалы болғанын мемуардан көреміз. Ақын шығармашылығының адамы болғандықтан, оның шабытына шабыт қосып шарықтататын кездейсоқ жайттар да болады. Орыстың ұлы сыншысы В.Белинскийдің «Адам дегеніміз – құпия. Бүкіл ғұмырыңды осы құпияны шешуге сарп етер болсақ, уақытымды босқа өткізіп алдым деп өкінуші болма. Мен осы құпияны шешуге тырысамын, өйткені адам болғым келеді» - дегені шығармашылық өнер иелерінің қай – қайсысының да түпкі мақсатына арналып айтылса керек. Көп ізденіс пен көп білім жинаудың өзі өнер иесінің ғұмырының жартысына жуық кезеңін алады десек, Ә.Тәжібаевтың шығармашылық лабораториясының тереңі де осындай қасиетті ұғымдардан жалғасын табады.

М.Әуезовпен болған кезекті әңгіменің кезінде ұлы жазушы» - Гейне Германияның саяси тірлігіне деген өзінің реалистік көзқарасын түгел ашқан. Адамгершілік әдет – мінездердің жағымсыздарын өте өткір сатираға айналдырған, - деген көлемде бірсыпыра ұшқыр ойлар айтты. Мұхаң мұндай да өзі мақтаған шығармаларын уағыздай, дәріптей сөйлейді екен. Бұл жолы да сөйтті. Біздің поэмалардың да өз «Германиясы» болу керек деп тоқтады: ал мен Мұхаң білген Гейнені жақсы білу үшін, неміс ақынының 1900 жылы орыс тілінде шыққан көп томдарын сатып алып, дереу оқуға кірістім. Нашар аударсам да жаңағы, «Германия» атты поэмасын қазақша аударып бастырдым. Соған еліктеп өзім «Екі жаһан» атты поэма жаздым. Ол да өз алдына кітап болып басылды... «Ақын сол кездегі аударылған шығарма мен сол сәттік шабыттан туған поэманың кемшіліктеріне бүгінгі күн тұрғысынан көз жіберіп, әділ бағасын да береді. Және де ақын ұлы жазушының адамдық қасиеттеріне де сүйсінеді. Мәселен, осы өлеңдердегі кемшіліктерді көрген М.Әуезов жас ақынға мін тағып, кінә артпайды, керісінше қуанышын білдіреді. Өзінің шағын әрі кемшілігі көп шығармасының өзі қызметке жарағанын сезген жас ақын шабыты мен өрісін бірдей шыңдап, сол кеткен кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында, «Сырдария» өлеңін жазады. Мұны оқыған жазушы жас ақынның қалам сермесіне, тың идеясы мен ізденімпаздығына үлкен ықыласын танытып, көңілін білдіреді.

«Сырдария» өлеңі жалпы оқырман қауымның баршасының көңілінен шығады. Бұл өлеңнің әр жолынан ақынның бұрынғы жадағай социалистік принципшілдіктен бойын тазыртып келе жатқанын көреміз:

Сол кезде де, жаным ана,

Өзімменен тең болам.

Сырда туған Сырдың ұлы

Жаңа Гейне мен болам, - деп аяқталатын өлеңнің тұла бойынан жаңалық лебін аңғару қиын емес. Ақынның драма өнеріне де құмартуына Мұхтар Омарханұлының әсер ықпалы күшті болғанын да көреміз. Қазақ даласына жаңа жырмен енген өнердің жаңа жанры драматургияның қыр –сырын, теориясы мен методологиясын, генезисін білетін бірден – бір сауатты әрі осы жанрда тұңғыш шығарма жазғандардың бірі болып табылатын М.Әуезовтың алғаш драмалық шығармалар жазып, соңынан осы тақырыпта ғылыми еңбек жазуына да М.Әуезовтің рухани ықпалы болғанына ғұмырнамада көптеген беттер арналып, арнайы тараулар да берілген. Шығармашылық өсу жолына қарағанда алғашқы туындысынан байқалатыны Ә. Тәжібаев табиғатынан ақын болып туылған жан екеніне көз жеткіздік десек те, қаламгерлердің драмаға бет алуына да осы ақындық өнер ынтық етсе керек. Бұл турасында М.Әуезовтың драмалық шығармаларды жазудағы үрдісін өнеге ете отырып, көптеген мәселелерді келтіреді. Жалпы, М.Әуезов ақынға драматургия, театр туралы ең қызық әңгімелерді баяндап қана қоймайды, сол жылдары жазушылар одағындағы үлкен мәжілістерде бұл өнерге қатысты келелі мәселлерді де күн тақырыбында көтереді. Мұхтар Омарханұлы тұңғыш пьесасы «Еңлек – Кебек» жөнінде қандай өзгерістер кіргізді, не нәрселермен тыңайтты, соның бәрін талдап айтып, поэзиялық элементтерді «толғау», «мистикалық», «жырлар», «қара өлең» формаларын қалай қолданғанын көрсетеді. Жазушы поэзия мен драманың байланыстары, сол екі жанрдың табиғи жақындығының қызықтылығын көп айтып, түсіндірген және драматургияға ақын болып келудің артықшылығында сан рет атап көрсеткен екен. Ақынның драмалық жанрға бас қоюына М.Әуезовтың осындай бір тың ойының өзі жетекші болады. Әсіресе, Г.Ибсеннің шығармалары ерекшелігі туралы айтқан ойы өзек болады.

Ақынның кең арналы лабораториясына зер салғанда, жалпы поэзиялық шығарма авторларының шығармашылық еңбегі үнемі рухани, көркем түлеу мен оқып үйренуден тұрады екен. Дүние жүзінің ақын – жазушылары бірімен – бірі сабақтас. Әсіресе, ұлы жазушылар өзінен кейінгілерге қанша оқысаң бітпейтұғын бір мектеп. Кейде сол ұлылардың өзі де өзіне дейінгі, әйтпесе өзімен тұстас біреумен сабақтасып, тамырласып жатады.

Шекспирден, Гете мен Шиллерден Пушкин де үйренген. Жаңағы Ибсенді ұстаз көруге Гауптман мен Чехов та арланбаған. Көркемдік идея, әлеуметтік идеялар ауысып, бір елден екінші елге жетекші болып отырмаса, прогресс деген сөз тумаған болар еді. Қайраткер, ақын, драматург, прозашы Ә.Тәжібаев ғұмырнамасын әдебиеттің өнер ретіндегі ғылыми болмысына барынша өз тарапынан тың ойлар айтып, мәселенің күрделі тұстарын шығармашылығын арқау ете отырып, мысалмен де дәлелді көрсетеді. Г.Ибсенге арнаған өлеңінде ақын Ибсеншілдік бағыттың екпінімен қозғалып, өз көкейінен туған жаңа бір идеяны қазақы тұрғысынан жырламақ болады. Бранд тәрізді Қазақ деген герейды тау белінен асыру үшін, «Біз де қазақпыз» деген поэма – пьеса жазады. «Көтерілген күмбез» де өлеңі де осының әсерінен жазылған пьеса болатын.

Ол ақынның: «ел намысы – ер намысы – халықтың құлаған күмбезін көтереді. Бірақ, ақын ол идеясын өз дәрежесінде айта алмады, сынға ұшырайды. Әйтсе де М.Әуезов арқылы Ибсенмен танысқанына, оған еліктеп талаптанғанына ризашылығын білдіреді. Жұмысының ғұмырнамасында ерекше атап айтқан М.Әуезовтен естіген, көрген, тыңдаған әлемдік танымал дәрежедегі ұлы шығармагерлердің классикалық үздік туындыларын тауып оқып, үйренуді талмай жалғастыра береді.

«Мен осы уақыттың ішінде іздестіріп жүріп, Гергарт Гаупманның 1908 жылы Петербурда шыққан төрт томдығын да тауып алдым. Бұл да ғылыми кіріспелер аталатын мақалалармен, ескерту, түсіндірулермен толықтырылған, әсіресе, әрбір пьесаның алдында жазылған қызықты мақалалармен көңіл тартады екен. Бұл жазушыны да сүйсініп оқып, әсіресе, «Қоңырау» мен «Тоқушыларды» ұнатқанымды айтқанымда, Мұхаң мәз болып қалды. Мен ақ көңіл, бауырмал ағадан бұл авторларды өзінен естігеннен кейін іздеп тапқанымды жасырғаным жоқ, кейде мақтаныш ретінде әңгімелеп бергенмін, Мұхаң бұған бір түрлі қуана тұрып күлген” Ақындық өнерін шыңдап, білік пен білімін толықтыруға үлкен көмегі, демеуі болған Мұхтар Әуезовтің адамгершілігі мен кемеңгерлін. Ә.Тәжібаевтің өзіне деген арнау өлең шығаруына ұласады:

Қарашы, әне, Омарханұлы Мұхтарға,



Емендер ғана осылай өсіп шықпай ма?

Айта қойшы өзің, білмейтін оны, жұрт, сұқтанба,

Тимесін көзің, тек, жаным оған сұқтанба,

Қызығып қара, қызғанбай қара, сұқтанба!

Не пайда, саған, сұқтанып оны жыққанда?

Болмасаң өзің бола алмадым деп жата бер,

Біреуді соғып, біреуді жығып шықпа алға!

Алғашқы жүрексіне жүздесіп, күмәнмен танысқан Ә.Тәжібаевтың М.Әуезовке деген көзқарасы түбірімен өзгерді, өзгеріп қана қоймайды. Естелік мемуардың көлемді жолдарын ұлы жазушыға арналды. М.Әуезовтің ақыл – кеңесі ұзақ жылдар сыйласқан Ә.Тәжібаевтің өнерінің соны қырларын танып, тек ақындық пен ғана шектелмей үлкен драма мен қиын да күрделі аударманы меңгеруге жетеледі. М.Әуезовтің өзінен кіші жас ақынға деген қамқорлығы ғұмырнаманың әрбір бөлімдерінде сағынышпен еске алынып отырады. Әсіресе, ұлы жазушының “...Ақыннан шыққан драманы таптырмайтын жүйріктің өзі болады, - деп қызықтырып та қоятын. Бірақ мен оның бәріне мән бермейтінмін. Менен драмашы шығады дегенге сенбейтінмін. Мұқаң енді “аудармашы бол” дейтінді шығарды.

Ол бірнеше пъесаның аттарын атады. “Өзім жәрдемдесемін, редакциясын қарап берем” деп жеңілдетіп те қояды”.

М.Әуезовтің қалқалауы Ә. Тәжібаевтың ойына зер салып, шабытын қанағаттандырып, Мольердің “Скапеннің айласы” деген комедиясын аударуына себеп болады. Аударманың алғашқы нұсқасын оқыған да М.Әуезов болады. Өзі аз ғана редакциялағаннан кейін ақынның ешбір кемшілігін айтпай, қайта мақтап, шабытын қанағаттандырады. Көп кешікпей қаладағы афишаның бәрінде Ә.Тәжібаевтың тікелей аударғаны жазылып, Мольердің “Скапеннің айласы” комедиясы қазақ тілінде сахына төрінде қойылады. Халықтың көңілінен шығады. Ақынның шығармашылық лабораториясына ену, оны пайымдап, зерттеп, зерделеу әдебиеттану ғылымы үшін оңай емес. Ақынның шығармашылық еңбегі қалай басталады, қалай жалғасады, қалай түйінделеді, соның бәрі қалай жүзеге асады деген сұрақтарға толық ашық жауап табу қиын екенінде сөз жоқ. Мұндай сұрақтарға ең бір нақты, дәлме – дәл деген ғылымның өзі дәл жауап таба алмасы анық. Дегенмен, ақынның шығармашылық лабораториясында ешкімнің көзіне көрінбей тұрып жатқан, құпия сырлардың бірқатары әдеби және ғылыми мәселе деңгейінде зерттеу пәні бола алады. Мұндай мәселелерді зерттеп, зерделеу ақынның шығармашылық еңбегінің басты сатыларын, олардың ерекшеліктерін анықтауға, сөйтіп, оның шығармашылық лабораториясының басты ерекшеліктерін екшеп өтуге мүмкіншілік береді. Сөйте тұра ақынның шығармашылық лабораториясын тану мүмкіншілігін жоққа шығаруға да болмайды. Шындығында ақынның шығармашылық лабораториясы, ақынның шығармашылық еңбегінің сатылары, кезеңдері көзбен көруге болмайтын, көңілмен тануға келмейтін тылсым құбылыс емес. Ақынның шығармашылық еңбегі күрделі де қиын, оның бұралаңы да, асқар – асуы да көп. Әр ақынның шығармашылық лабораториясы да түрліше. Тіпті бір ақынның әр шығармасының өз шығармашылық тарихы барын да жоққа шығаруға болмайды. Шығармашылық процесс үстінде ақынның көңіл күйі мың құбылып тұратыны да рас. Сондықтан да ақынның шығармашылық лабораториясын зерттеу әр әдебиетшінің, әр зерттеушінің батылы жетіп бара беретін оңай еңбек емес.

Ақын өзінің шығармашылық лабораториясының кейбір сырларын “Алғашқы асулар”, “Есею жолында”, “Этюдтер” және басқа да бөлімдерінде әр қырынан ашады. Оларда көбіне ақынның шығармашылық еңбек алдындағы күйі көрініс тапқан. Мысалы, мына өлеңде ақын шығармашылық еңбек процесінің қаншалықты екендігін аңғартады:

Мен отауды тербеп қалам,



тізсем төгіп ойдан өлең.

Бойлап жарым ғылымға кең

Отыратын ойда терең.

Химиясын, физикасын

Күнде ақтарып бір пысықтап,

Үлгеретін Абайлардан

Алуға да өлең жаттап...” -дейді.

Ауыр ойға бату, жүрек ысып, мидың қайнауы – ақынның шығармашылық еңбек үстіндегі психологиялық күйі. Автордың сөзінде бейнелеу болғанмен, онда шын шығармашылық жай суреттелген. Өмір шындықтарын танып, суреттеу ақын үшін жеткіліксіз. Барды бардай, көргенді көргендей жазу өлең техникасын меңгерген кез келген кісінің қолынан келетіні анық. Бірақ ақынның ойын, жүрегін толқытып, миын қайнататын бұл емес, көз алдындағы өмір құбылысын өлең сөзге тура көшіре салу ақын үшін қиындық келтірмейді. Ақынды қинайтын нәрсе – осы өмір құбылыстарының мәнін, көркемдік шешімін табу. Жыр дәптерін күндіз – түні шимайлау, сөз азабын тарту, бір өшіріп, бір жазу, тағы басқа осындай шығармашылық күй - бәрі де ақынның ойын оятып, көңілін мазалаған өмір құбылыстарын пайымдап, бағалаудан көркемдік шешімге барар жолдағы қиыншылықтар.

Жүректен шыққан жырлар менен тұжырымды әдебиет туралы ойлары көпе – көрнеу қудалау мен қысым түскен шақтарын, және де өзінің өмірде жастықтың жалынды, белсенді бір тұстарында артық кетіп, ағат басқан кездерін де ақын жасырмайды. Қайта сол өткен өмірдің беймаза кезеңдерін қарт санасында қайта жаңғыртып, нақты бір деректермен келтіріп, бүгінгі күн тұрғысында бағасын да береді. Адам сезімін тербеп, тереңіне тартатын өмірдің өткендерін жырға балап, халқының зейініне асыл сөз, аталы оймен өрнек салған ақын поэзияны өмірінің ақырғы мезгіліне дейін сүйіп өтті. Естелігінде арнайы үлкен тарауларды арнап, кемеңгер – ойлар айтқан қарт данагөй болашаққа аманат өтер мирасы – жырлары екендігін қарасөз бен айтып, сұлу сөзбен жыр да арнайды. Көңілге өлең болып орала беретін, іле ағын судай құйылатын шығармашылық ойдың құпиясын да ғұмырнамасында тарата, әрі тамсана баян етеді.

“Бар байлығым маңдайдағы өлеңім,



Өлеңдетіп қартайғанша келемін,

Тірлік болса бұйырғанын көремін,

Қазағыма талай өлең беремін.

Ал әл келмесе қайтелік,

Өлеңдетіп отырамын да өлемін.

Шығармашылық еңбек процесі аяқталғаннан кейінгі жай – күйін ақын осылай жеткізеді. Сеңдей тулап серпілу, өлеңнің қасиетін бұлайша дәріптеу – табиғи жағдай. Өйткені, шығармашылық еңбек процесі аяқталғанымен, шығармашылық күй бірден тоқталмайды. Ақынның серпілуінде денесінің өрттен шыққандай дірілдеп жануында шығармашылық еңбек процесінде бастан кешкен неше түрлі психологиялық ахуалдық әлі өшпеген ізі жатыр. Оның үстінде шығармашылық еңбек процесінде бастан кешкен қиындықтардың орнын енді біткен істің нәтижесін таныған көңілдің байыз тапқан, рахат тапқан күйі басады. Шығармашылық еңбектің ойды сансыратқан, жүректі ысытып, миды қайнатқан азабы енді шығармашылық рахат сезіміне бөлейді. Сол рахат сезімнің құшағында отырып, ақын сеңдей тулап серпіледі, дірілдеп денесі жанады.

Ақынның ғұмырнамасының жанрлық тегі мен жазылу формасы, баяндау стилі, шығармашылық жолы қаламгер лабораториясының басты екі қыры осылай ашылады. Шығармашылық еңбектің басы мен аяғы немесе шығармашылық еңбектің азабы мен рахаты ақынның көркем мұрасында едәуір бедерлі бейнеленген. Ақынның шығармашылық лабораториясын тануда бұл секілді сәттердің, шығармашылық акт процестерінің маңызы жоғары. Осындай күрделі шығармашылық процесс өзегін ақын “мен әдебиет ғылымында” деген тарауда жан – жақты мазмұндап, талдап айтады.

“Мен қайда жүрсем де, поэзиядан тыс жұмыстардың қандайын істеп жүрсем де ақын екенімді ұмытқан емеспін. Кейде кенеттен соғатын жел, күтпеген жерде жауатын жауын секілді келетін шабыт тоқталған емес, мені құрғақшылыққа ұрындырған емес. Күндіз қолым тимесе, түн еркі өзімде. Сәтімен келіп қысқа сезімдер қысқа өлеңге лезде айнала салады. Ондай тұста бас – аяғы бүтін екі шумақ өлең жазсам жа жасап қаламын, келістіріп ұйқымды қондырамын.

Жарқырай қалсам жаңадан шыққан күн болып,

Ескі күн туса теңелу маған мұң болып.

Жандырып өтсем дүниенің барлық сұмдарын,

Барлық сұмдықтар өртеніп жатса күл болып.

Батпайтын болсам кеш мені зорлап басқанда.

Жарқырай берсем тірліктер үшін аспанда,

“Қараңғы” деген қап – қара сөзді ұмытып,

Жасайтын болса, адамдар түннен жасқанбай, - мен кешкісін отырып өлеңмен осындай ойлар айтқанға да мәзбін....”

Ақынның шығармашылық лабораториясын тану үшін оның шығармашылық еңбегінің сыртқы сипатын байқау да маңызды екенінде сөз жоқ. Өлең үні келе бастағанда, ақын жайбарақат жата алмайды. Шырт ұйқыда жатқанда да, ойына оңтайлы ой оралар болса, орнынан тұрып, шамын жағып, түн жарымда жалғыз отырады. Бірақ өлең, шіркін, оңайлықпен ұстата қоймайды.

Кейде ол ыза болып, орнынан тұрып та кетеді. Орнынан тұрып кеткенімен, өлең тумайды. Туғалы келіп, тумай кеткен өлеңнің өкініші ақынды тынышытпайды, ол түні бойы кірпік ілмей шығады. Кей қаламгерлер жазу үшін күй талғайды, мезгіл мен мекен таңдайды. Ә. Тәжібаев көңіліне өлең оралған шақта, күй де мезгіл де, мекен де талғамайды. Көңілін ой баураған шақта қолына қалам алып, қағазға төнді. Түн ортасы, шырттай ұйқыда жатса да, ақын осы тәртібінен, осы әдетінен танбайды. Мұны да ақынның шығармашылық лабораториясының бір ерекше қыры деген дұрыс.

Ақын көңілін алаңдатып, жүрегін толқытып туған ой өзегі мен оның өлеңге айналып, көркемдік табуы арасында бірталай шығармашылық сатылар жатыр. Шығармашылық еңбек процесінің сатылары туралы әдебиеттану ғылымында бірнеше пікірлер бар. Түрлі ғылымдардың зерттеу еңбектерінде де бұл мәселе туралы бірқатар ойлар жинақталған. Алайда, ақынның шығармашылық лабораториясын, оның шығармашылық еңбегінің психологиясын дәлме – дәл қолға ұстатып, көзге көрсетіп саралап беру оңай емес. Өйткені, өлең – ақынның шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Ал еңбектің өзі көңілде болғанымен, көзден таса қала береді. Бұл жөнінде ақын “Әрбір шынайы ақынның өзіндік дүниесі бар”,-деп жазады. Әрине өлеңнің жазылу, жасалу процесінің әр сәтін, әр сатысын анықтап көрсету, зерттеуші айтпағанда, сол өлеңді жасаушы, жазушы ақынның өзіне де қиын. Алайда мұндай қиындық ақынның шығармашылық лабораториясынң, оның шығармашылық еңбегінің сатыларын, психологиясын зерттеп,, зерделеуге, тануға болмайды деген ойға алып келуге тиісті. Прозалық шығармалардың жазылу сатыларын, жазушының шығармашылық еңбегінің сатыларын анықтау өлеңнің жасалу процесін анықтаудан оңай екені рас. Әсіресе, жазушының өз шығармасына арқау еткен өмір құбылыстарының тобы белгілі болған жағдайда, зерттеулі бұл реттеу ірі табыстарға жетуі мүмкін. Егер де жазушының белгілі шығармасының жазылу тарихы туралы өз ойлары қағазға түскен болса, онда зерттеу еңбегіміз одан да нәтижелі болып шықпақ. Ақындық өнердің құпия қырларын мемуарлық шығармасында арқау еткен Ә.Тәжібаевтың шығармашылық лабораториясының көп салалылығы бізге оның ақындық, ғалымдық, қайраткерлік, драматург, әдебиет сыншы екендігі, бұл өнерді игеру жолындағы өмірлік болмысты байыптауындағы деректермен нақтылы оқиғалардың көркемдікпен игерілу жолдарының ғылыми әдістанымдық тәсілдері арқылы сараптай талдауымызға үлкен тірек болды. Қаламгердің “Жылдар, ойлар”, “Есімдегілер” атты ғұмырнамалық шығармаларында ақындық, суреткерлік шеберлікті, өзінің шығармаларын қалай жазатыны туралы айтқанымен, онда нақты, ақынның шығармашылық лабораториясын кеңінен ашуға септігін тигізетін деректер өте мол болып келеді. Сондықтан ақынның шығармашылық лабораториясының сырын оның өз шығармашылық өнерімен қосып ғұмырнамасынан әзірлеуге тура келеді.

Ақынның өз шығармашылығы және басқа ақындардың өнері туралы еңбектері де бұл орайда бағалы мәлімет беретініне сөз жоқ. Ә.Тәжібаев ғұмырнамалық романында өлең өнері туралы, өзінің бірнеше өлеңінің тууы, жазылу тарихы, қаламгерлік өнері туралы бағалы ойларды, қажетті деректерді ұсынады. Мысалы, “Ойлар” деген өлеңінің туу тарихы жайында былай деп жазады: “Үйге кіре сала жатып едім, қатып ұйықтаппын. Сағат түнгі екіде ұйқым шайдай ашылып, қайта тұрдым. “Ойлар” деген бір ызың маза бермей жүретін. Сол ызың жарыққа келген көбелектей, тағы да оралды жарыққа. Мен еріксіз қаламмен табыстым:

Есімде менің



Жатыр ғой талай... талайлар...

Бұлыңғыр түндер,

Айдарлы алтын арайлар,

Арайлар түссе есіме,

Қырандай қалқып,

Оралар маған көп ойлар...

Өлең бітті. Мен бір үлкен нәрсе тындырғандай қайта жатсам, өте тыныш ұйықтаппын. Ертеңіне өлмейтіндей, мәңгі жасайтын адамдай жасынан – жайнап тұрдым төсектен.

Ақын көңілін оятқан өмір шындығы осындай. Өмір шындығынан ақынның түйген ойы да анық ашылған. Дәлірек айтқанда, ақын ойын тербеген өмір шындығы да бар, ол туралы ақынның шығармашылық қиялының көркем шешімі де анық.

Бірақ, ақынның өз айтуына қарағанда, өлең сол сәтте жазыла салмаған. Көп ойлар келіп, көп ойлар көшкен соң, шаршағанға ұқсайды. Шын өнердің иесіне тән қасиет осындай ойға берілген ақын шын өнерге қатысы жоқ, бірақ өнер атын жамылып, өнерпаз болып жүрген жекелеген адамдар туралы да ойға түскен болуы ғажап емес. Өйткені шын өнер бар жерде, шынайы өнерпаз бар. Ал шын өнер мен шынайы өнерпаз бар жерде өнер мен өнердің атын сатып жүрген жылпостардың да бары даусыз. Мұндай жайлар ақынды ойға түсірмей, толғандырмай қоймасы анық.

Әбділда Тәжібаев өзі де өмірде көп қиындық, көп қызық көрді. Өмір жолы қиындық пен еңбектен тұратын, таршылықтан ғаламның төрт бұрышына танымал ақын болып аралаған сәттің арасында өмірдің көп те, қайталанбас сабақтары жатыр. Табиғатынан байқампаз да танымпаз зор интеллекті сол жолдарында көп өмірбаянды, көп хикаяттарды көрді, естіді, білді. Жазып үлгермегенін әсірелеп, әрлеп көпшілікке айтумен жүрді. Ә.Тәжібаев көрген – білгенін, шабытын шақырып әсерге бөлегенін, қалт жібермей қадағалап, шығармашылық сан алуан формаға түсіріп, оқушыға тез жеткізуге тырысатын сөздің жақсы мағынасындағы “қомағай” қаламгер. Ең әуелі ойына алған көркем ойын жазбас бұрын оқырманына әңгімелеп, түсіндіре отырып, оқиғаның иінін қандырып алады. Ә. Тәжібаев айтты деген әңгіме еш уақытта қаз қалпында қайталанбайтын. Көрген, білген, естіген әңгімесін әлденеше нұсқада түрлендіріп әңгімелеу – оның шығармашылық дағдысы. Бұл дегеніңіз кез – келген қаламгердің өзіндік психологиялық, шығармашылық қасиеті.

Әр өнер иесі өзі сүйген ісіне әр түрлі жолмен келеді. Әр түрлі ғұмыр кешеді, әр түрлі ой ойлап, түйін түйеді десек осы пікірді өзіміз зерттеп отырған бір ақын – Әбділда Тәжібаев пен екі жазушы Қабдеш Жұмаділов және Мұхтар Мағауиндер туралы да айтуға әбден болады. Жазушы әр түрлі. Олар әр түрлі ойлайды. Әр түрлі жазады. Қанша жазушы болса, сонша стиль болуы керек деген Бюфен пікірі осыдан шықса керек. Олар әр қилы жазады. Ең әрісі жазу техникасында да жазушылар әр түрлі. Біреу таңертең жазса, енді бірі түн тыныштығында жазады, Ал енді біреулері тіпті қалыпты да таңдайды. Мәселен, Эрнест Хэмингуей семіріп кетуден сақтанып, түрегеп тұрып жазатын болған. Ендігі тұста көптеген даралық пен таланттан жаралған өнер иелері әуелі өнер жолын сәби шағынан қиялдап, сол кезден болашақ өнер жолының баспалдақтарының алтын көпірлерін зерлейтін болған. Біз зейіндеп отырған өнер иелері, мәселен, Әбділда Тәжібаевтың ақындық қасиеті қаннан дарып, анасы Айманкүлден жұғысты болған болса, жазушы Қ.Жұмаділовтің жастайынан қазақтың қаймағы бұзылмаған дәстүрлі ән – жыры, кейінгі әдеби өнер ортасының ықпалының әсері күшті болса, Мұхтар Мағауиннің әкесі мен анасының зиялы мүдделері сәби бойында ізденімпаздық пен шешендіктің даруына себепші болған. Міне, сөз өнерінің есігін әр түрлі тағдыр жолымен ашқан қазақ сөз өнері майталмандарының шығармашылық лабораторияларының тылсым құпияларын ашу әдебиет ғылымы үшін жаңалық, зор табыс болып табылмақ.

“Творческая лаборатория писателя – понятие, сохраняющее известную долю метафоричности, хотя содержание его совершенно ясно для нас. В таких случаях речь идет не о конечном результате писательской работы, а о процессе его достижения” - деп жазады зерттеуші Н. Фортунатов. Бұл айтылған ойға негізгі тірек аяқталған шығарма болып шығатын сәттері бар. Неге десеңіз, жазушы бастан кешкен қандай да бір шығармашылық процесті белгілі бір шығарманың тағдырына қарай айқындайсың ғой. Бұл мәселелердің оң шешімін табуы үшін, ендігі тұста бағыт жазушылардың прозалық шығармашылық лабораториясының ішкі жағына үңілуге тура келеді. Әдетте, мемуарлық шығарма – шығармашылық лаборатория сырын ашар кілттің бірінен саналады.

Қ.Жұмаділов пен М. Мағауиннің тарихи романдарының қалай өмірге келгенді, сипатталатын оқиға, кейіпкерлер дерегін оның “Таңғажайып дүние”, “Мен” мемуарынан, жарияланған шығармаларынан іздейміз. Орайлас, ұқсас, сюжет, табиғаттас кейіпкерлерді өзара салыстырып байқаймыз.

Ғұмырнамалық әдебиет қазір қазақ әдебиетінде өз алдына бір жүйе болып әдебиеті дамыған әлем елдерінде ғұмырнамалық деректі, деректі көркем шығармалар көптеп жазылады. Қазақ әдебиетінде бірін нышана ретінде аз да, әлсіз көрініп, енді – енді күш ала бастаған ғұмырнамалық шығармалар келешегі – кеніш. Ғұмырнамалық әдебиеттің бүгінгі саяқ кезінде де, келешектегі кемел кезінде де бірқатар, бір жүйе туындылардың жуан арасында қаншама туынды көбейді.

“Роман – үлкен жолдағы айна” дегені бар Стендальдың. Өмір жолын, әлеуметтік тартыстар жолын, адамдар тағдырын айтып отыр. Қ.Жұмаділов қазақ халқы өмірінің әр қырын суреттегенде, үлкен айнаны – романды да жақсы пайдаланады.

Творчестволық лабораторияға еніп, жеке шығармалардың қалай, қандай жағдайларда туғанын қарастыру ләзім. Жазушының жоспарлары, эскиздері, аяқталмай қалған шығармалары ғылыми тұрғыдан түгелдей тексерілген кезде ғана, біз ол туралы толық түсінікке ие боламыз. Ғұмырнамалық романдардың авторлары өз өмірінен жазған шығармаларының өмірлік дерегі мен көркемдік шешімін зерттеу – ғылымға қажетті нәрсе.

Сан алуан өмір құбылыстары, болмыстың қат–қабат қайшылықтары өнер айнасына түскенде, өзіне лайық, мазмұнға пара – пар түр, кейіп, пішін таппаса, ғұмыры ұзақ шығарма тумақ емес. Әлемдік әдеби процеске назар салғанда, әсіресе, жанрлардың өзара тоғысуынан пайда болған формаларды жиі ұшыратамыз. Осы қатарда қазақтың ғұмырнамалық романдарында өріс алған жаңа нышандарды, түр ізденістерін инсценировкаларсыз пайымдау олқы соқтырар еді. Әдебиет тарихындағы фактілерді, қайталанатын құбылыстарды жинақтау арқылы тұжырымдалған өнер заңдылығын ескерсек, ғұмырнамалық деректерді кездейсоқ, өткінші нәрсе деп ойлаймыз. Суреткер тағдыры әманда тайғанақ, қастерлі топырағын таппаса, бап күтім көрмесе, жағдай жасалмаса, табиғат берген асыл қасиет адамды береке кенішке жеткізу былай тұрсын, арылмас азап, жазылмас қасіретке түсірмегі қиын емес. Тырнақалдысына қарап тұрып, қабілетіне, келешегіне шек келтіру күпірлік болған талайлардың кейін жүнжіп, мимырттанып, бір жыбырлақ толқынға түсіп ағып кеткені несі? Жалғыз доданың өзіне шыдамай жоғалған ет пен терінің арасындағы мардымсыз қызу ма, белі талып отырып, еңбек етуден гөрі лепіріп шарап ішуді күйттеген ескірік пе, жазғытұрым қылтиған жауқазында бәйтерек болардай қолпаштаған көп шуылдақ па, түбіріне не жетеді екен, не кеселден өнбей қалады екен.

Жазушы тіршілігіне қатысты бірқыдыру ойларын автор М.Мағауин өз бейнесінен, өзі кешкен тіршіліктің тап өзінен алып баяндап, бейнелейді. Жазушылық өнердің парқын әбден барлаған, өнердің мехнаты мен рахатын қатар бастан кешірген Қ.Жұмаділовте өнердің жолы әрі ауыр, әрі бақыт екеніне де ғұмырнамалық жолы арқылы суреттеген. Қазақ жерінің шығыс аймағында дүниеге келген қаламгерлер прозалық жанрдың әңгіме, повесть, хикаят, роман аямаған, маңдай терлерін аянбай төккен еңбекқор суреткерлер. Айтылған жайттерден жанрлық формалардың бүгінгі таңда бір–бірін байытуын, тоғысу араласудан туған табыстарды оңғара отырып, жазушының бұрынғы туындыларына жауапкершілікпен қарап, кемелдендіргенін құптағанымызбен, хас суреткер әманда жаңа өріс, соны жайлау ізденісінде болмағы – шығармашылық шарты, өрлеу, өсу заңдылығы екендігін тағы қайталау ләзім.

Бұл шығармалар – өмірдің өзі, суреткердің таланты, дүниеге көзқарасы, парасаты, күллі шығармашылығына үнемі ықпал жасап отыратын құдірет, қуат күші десек, әрбір туындының өз ырғағы, өз әуезі, өз пі пішіні болмақ. Ой адымын, сезім толқынын берудегі нәзік сәуле, әсем бояу мазмұн мен форманың диалектикалық бірлігіне бағынады.

Эпикалық, поэтикалық шығармаларды прозаға ыңғайлай бастағанда, автор идеалына лайық әуелгі түрін жоғалтып алғандықтан, эстетикалық әсер солғын тартады. Қанша шебер қолдан өтсе де, қанша проза жетістіктерімен құлпыртса да, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов романдарындағы өмірлік шындықтардың әсері мол. Ғұмырнамалық шығарманың қажеттілігінен, белгілі шығармалардағы кейіпкерлерді көзбен көру талабынан туған жаңа формалар талабын толық ескеріп, орынсыз бұрмалау жоқ, нақтылық пен дәлдіктен құралып келеді.

Мемуардың негізгі тірегі, жүйелі жүйесі әуелден жанр талабын, жанр табиғатын, бейнелік формасын бек сақтап, мазмұнға лайық формада құйылып шыққан тоқсан тоғыз әуен, сарын, нұқсан ішінен ортан қолдай біреу ғана таңдалған төл туынды, төл өмір деген тұжырымға ден қоямыз.

Соңғы уақытта ғұмырнамалық романдар бірқыдыру өнімді жазылды, жаңа шығармалар шықты, жаңа ойлар, формалар келді, жаңа сырлар шертілді.

Қазақ, орыс халқына, қала берді түркі тектестерге түгелге жуық таныс үлкен қаламгер М.Мағауиннің өнер құдыретімен байланысты өзге тілдерге шығармаларының аударылуы, КСРО баспаханаларында басылуы, жеке жазушылармен қарым – қатынасы, әдебиетіміз туралы пікір айту ауқымынан асып, қазір нағыз шығармашылықтың әліппесіне айналды. Түркі әдебиетінің тең қаламгері болып табылуына “Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін” орденімен марапатталуы бұл байламға айқын дәлел болмақ. «Бұл ғұмырнамалық романның М.Мағауиннің өзге шығармалардан ерекшелігі неде?» деген заңды сұрақ туындайды. Негіз мақсатымыз жазушы лабораториясының көркемдік құндылықтарына дендей еніп, өмірлік деректіліктен көркемдік ой туғызып, құнды әсерлі, әсем туындыға айналу жолдарын талдап, ғылыми мән – маңызын ашу болғандықтан, ғұмырнамалық романның сомдалу жолдарына тереңнен даралай, саралай қарау негізгі мүддеден туған. Тегінде, М.Мағауин концепцияның жазушысы, оның қай туындысын алсаң да терең ой, астарлы идея, философиялық, символикалық мән бар. Ол оқушының көзін қызыл – жасыл суретпен алдарқату ниетін ешқашан мақсат еткен емес, шағын өмірлік материалды, бір қарағанда кішкентай көрінетін детальды алып отырып, жүрек тебірентерлік проблемаларды қозғайды.

Прозалық шығармада тұғырлы жазушының шығармашылығында драматизм, олқы күлкі, азаматтық пафос секілді айшықты сипаттар бар.

Осындай қаламгерлердің бір жанрға қалам тербеуін жай біліктілік, таныстық сыйластық ыңғайы емес, шығармашылық ұстаным бірлігі, талант ұқсастығы табыстырған заңдылық деп білеміз. Қоғамдық жаңа қарым – қатынастардың әсерінен адам психологиясында пайда болған соны өзгерістерді, характер құбылыстарын тез аңғарып, жіті бейнелеу суреткердің азаматтық белсенділігі, ізденісі қажет, заман тамырын қапысыз дәл басып отыруы шарт. Қиядағына шалып қалар көз қырағылығы өз алдына, белгілі объектіні нысана етіп алып, ұзақ уақыт әлеуметтанушы, экономист, философ, психолог, тарихшы секілді зерттеудің нәтижесінде басқаларға әлі анық көріне қоймаған дүниелерді жазушы бұрын сезіп, шығармаға арқау етуі – өнерде қайталанып отыратын заңдылықтың бірі. Жазушы толық мағынасындағы реалист бола тұрып, айтпақ идеясын жақсы ашып, шебер жеткізу үшін түрлі көркемдік әдістерді қолданудан бас тарта алмайды. Қайта талант күшінің, рухының сипатына орай оларды саналы түрде әдейі пайдаланады. Бір жағынан, қазақтың халықтың әдебиетінің озық үлгілеріне қол артқан, екінші жағынан, европалық классикадан үйреніп, биік қаламгерлік мәдениетке жеткен. М. Мағауин жас кезінен – ақ қиын жанр – прозаның көркемдік тәсілдерін сан алуан батыл қолдана білді. “Тілшінің” бейнесін сомдау, кейбір әдебиетшілер айтқандай, қайыршының қимылын дәріптеу емес, сивол арқылы негізгі идеяны әсерлі жеткізуге бой ұру.

Тегі тілі нашар шығарма өрге баспаса, тілі нашар прозаға тіпті өмір жоқ. Себебі шұрайлы тілсіз характер көріне алмайды. Характерсіз конфликт соқтығысы жоқ, ол екеуінсіз әрекет жоқ, қимыл жоқ, қысқасы, прозалық шығарма жоқ. Көп жылдар өтті. Творчестволық эволюцияның қат – қабат, шытырманды жолдарының қиындығын жеңген М.Мағауин алпысыншы жылдардың өзінде қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қымбат шығармалар қосса, жетпісінші жылдарда классика, реализм принциптерін толық игеріп, оны қаламгерлік тәжірибеде жемісті қолданды. Қазақ халқының бойындағы тамаша рухани байлығын айқара ашқандығының, көркемдік атының шарықтап өскендігінің белгісіндей болып, сексенінші жылдарда ұлы шығарма - “Аласапыран” романы туды. Сөйтіп, М.Мағауин өзін де, халқының әдебиетін де мәңгілік даңққа бөледі. Кемеліне келген кезде жазушының бұрынғы шығармаларына қайтып оралуы заңды еді. Үлкен жауапкершіліктен туған қадам еді.

Осындай танымсыз ізденуге түскен М.Мағауин ғылыми еңбектердің талайын дүниеге алып келеді. “Аласапыран” романының концепциясы, жазылуы әдеби сында бағалануы, кейінгі тағдыры деген мәселелердің басын топтап, жинақтап ойланған кезде, ең алдымен, уақыт талабы, дүниетаным жән шығарма проблемасы толғантады.

Әр заманда, әр дәуір сол кезеңдегі өнерді өз келбетін, өз рухын, өз жүрегінің дүрсіл-тынысын, қан тамырының бүлкілі ағысын көруге құштар. Өмір мен өнер орайындағы бұл сабақтастықты ешбір суреткер аттап өте алған емес. Тарихтың жабылып кеткен көне беттерін ақтарып, соларды шығармасына тиек қылған жазушының өзінің мақамынан ұқтырмақ, ұсынбақ мұратынан оның дәуірмен қаншалықты ет бауырдан жаралғанын танытады.

Суреткер шығармашылығына қандай материалдар сүйек, негіз, таға болатындығын дәл мөлшерлеп, анық санап, бас – басына түгендеп беруді ешбір ғалым зерттеуші мойнына ала қоймас.

Талант қасиеті, тәрбие мәні, дәстүр ықпалы әр түрлі жағдайда әсер етпек. М.Мағауин шығармаларындағы негізгі арқау жазушы сезімінің әр түрлі құбылуы десек, прозасына, әңгімелеріне, зерттеу еңбектеріне, романына ең алдымен автордың туған, өскен, ер жеткен ортасының пейзажы, деректі оқиғалары, дәлді істері, көпке мәлім тартыстары жатқанын оңғару қиынға түспейді. Өзі естіген, өзі көрген, бастан кешкен жайттарды шығармаға өзек ету шығармашылық сапардың алғашқы кезіндегі сипат болса, марқайған, кемелденген тұста жазушы әдейі мақсатты зерттеу, іздеу, тексеру арқылы жаңа тақырыптарды игере бастайды.

“Аласапыранды” жазу үшін Ресей қалаларына, Қырымға, Сібірге сапар шегеді. Кейінгі және мұның алдында жазылған ғылыми зерттеу еңбектері үшін де қазақ жерінің түкпір – түкпірін аралап, дерек жинап, шежірелер мен қолжазбаларды іздеп тауып, қасиетті мекендерге тәу етуді де естен шығармайды.

Ұлттық өміріміздегі ерекше мәнді оқиғаларға терең назар аударып, халқымыздың ұлы перзенттерінің ғұмырынан шығарма жазуды биік мақсат, өр нысана ету – Мұхтар Мағауиндей таланттың асыл нәрі, алтын өзегі, тарихи зор әрекеттерді ойшыл, зерттеуші көзімен дәл танып, нәзік бейнелеуді армандаған қаламгер қажыры.

Тарихи дәуірдің қазақ үшін, яғни отарлық кіріптар республиканың жазушысының көне тарихи, әдеби құндылықтарды зерттеуі, керемет құны биік ғылыми еңбек жазып, тарихта мүлде кері баға беріліп алынып тасталған жыраулардың шығармашылығын қайта жаңғыртып, ұлттық әдебиетке қайта алып келуі - сол кездегі үлкен ерлік, бұл күнге жеткен асыл мұра болып табылады. Ешкімнің батылы жетіп қадам жасамаған, шыдамы мен дәті жете бермейтін көне мұраға деген М.Мағауиннің құрметі мен құштарлығы жазушының шығармашылық үлкен батылдығы, әдебиетіміз үшін маңызды қадам болатын.

Жазушының ғұмырнамалық хамсасынан танып – білгеніндей, ерлікке пара – пар құнттылығының арқасында жоғалмай, шашылмай жеткен материалдардың көпшілікке мәлім бола бастаған кейбір фактілерін жүгінгеннің өзінде, М.Мағауиннің тақырыпқа бару жолында зор ізденіске түсіп, көп еңбек, мол қайрат жұмсағанын көреміз.

Шығармалары, шағын әңгімелерден бастап көлемді романдарына дейін қалай жазылғандығы, жазу үстінде М.Мағауиннің қандай мұрағат деректеріне, жазба материалдарға, кімдердің ауызша әңгімелеріне, шежіре – жырларға сүйенді, дәл бүгін, ақын мұрағатын толық тауып танысу мүмкіндігі тумай тұрған шақта, бұл мәселеге толық орнықты жауап беру үшін жазушының өз ғұмырнамасында баяндалған шығармашылық ғұмырдың бүкіл жолына талдау – даралау ретімен қарасақ, бұрын соңды қазақ әдебиетінде аса көп көтеріліп, сөз бола қоймаған мәселелер маңызына толық қаныға түсеміз. Жазушылық өнердің бір күнде пайда болып, дами қоймайтынына да көзіміз жетеді.

Жазушылық өнердің пайда болуы, жетілуі, дамуы, кемеліне келуі, оқырман арасында бағаланып, ұлттық әдебиетте өз орнын тауып бағалануы сияқты мәселелердің өзіндік ерекшеліктеріне де осы шығармада кең жол беріліп, жан – жақты талданып берілуі шығармашылық лабораториялық зертеуге мол септігін тигізді.

Романның алғашқы тарауындағы автордың айтқан ойларынан, шерткен сырларынан бұл туындының жазылуындағы түпкі мүддені былайша сөйлетеді: “Яғни мұрат – жуанмен белдесу, ұзынмен бойласу емес, өз жұртыңның қажетін өтеу, мүмкін болғанынша, ең соңғы сәтіне дейінгі әуелгі құбыла бағдарыңнан тайқымау. Бір сөзбен айтқанда, жазу. Ал соңғы жылдарда дәл осы жазу бізде шамалы болғанын осымен нешінші мәрте қайталап айтамыз. Бала жылады, балтыр сыздады, анау болды, мынау болды – уақыт оздырып алдық. Енді, өткенің орны толмаса да келешектің есесі кетпес үшін, табандап отырып жазу керек. Жазу! Осы мақсатпен Батыс Еуропаға келіп түсіппіз...

Осылайша басталған туындыда шығармашылық лабораториясы данышпандық шеберлікпен ашылып, шабыт сәтінің сұлу суреті жасалған. Жазушы стихиясының керемет сыры, рухы, пафос бар мұнда.

Ауылда ержетіп, мектепті аяқтағаннан кейінгі өмірі М.Мағауиннің кейінгі бар өмірі, бар қуанышы, қайғысы, жеңген, жеңілген күрес шақтары қала төсінде өтті. Бірақ соған қарамастан үлкен астанада өз өмір жолын дәл тауып, жастайынан өз ұлтының рухани ғұмыры кім – кімге де өсу мектебінің бақытты жолы болса керек.

Әдебиет – үлкен құбылыс, өзгермелі процесс. Сондықтан оны тар шеңберде алып қарау шартты нәрсе, жеке шығармалардың өмірге келуіне себепкер болатын субъективті, объективті жағдайлар, әрқайсысының жазылу тарихы бұл ойымыздың ақиқаттығын растай түспек. Өткен өмірдің шығармашылық жолына көз салу, әдебиеттегі соңғы дүниелердің жаңа бағасын беру, өнердегі негізгі тенденциялардың бағдарын анықтау үшін қажет болса керек.

“Мен” деген үлкен философиялық маңызы, өмірлік мәні бөлек тақырыпта жазылған, М.Мағауиннің бүкіл басынан кешірген, тарихтың әр түрлі кезеңін қамтитын көркем шығарманың өмірге келуі кездейсоқтықтан пайда болған жай нәрсе емес.

Бұл романның көтерген өмірлік материалдары, образ жүйелері, көркемдік тәсілдері, әдебиетіміздегі орны деген мәселелер төңірегінде бірқыдыру толымды ойлар жинақталғанмен, бүгінгі биіктен, бүгінгі өреден сол туындыларға қайта бір назар аударып, байлам жасағаны әдебиет ғылымы үшін өте мәнді мәселелердің шешімін табуына зор көмегін тигізгені анық.

Бағамдап қарасақ, әр суреткердің еңбек стилі, шығарма жазу тәсілі әр түрлі, бұл аса ауыр, әрі қызықты жұмыс. Егер арнайы зерттесе, құнарлы тұжырым тудырар объекті болғандықтан да біз ғұмырнамалық хамсалардың шығармашылық лабораториясына ерекше тоқталып отырған жайымыз бар.

Мұхтар Мағауин шығармашылығы - қазақ сөз өнерінің, әдебиет ғылымының ұлттық сипатын айрықша терең танытатын ерекше тұлғалы құбылыс. Ғасырлар бойы өнерпаздардың мың сан ұрпағы жасаған шебер де әсем өрнектер, әуен –сарындар мотив – идеялар, азуыз әдебиетіндегі тамырланып жатқан байлықтар, жазба әдебиеттегі қазыналар ұлы қаламгер шығармаларна нәр беріп, оның әсем мәдениетіне құнарлы, арналы өзен болып құйылуына жағдай жасады.

Кемеңгер жазушының сол шығармашылық жолының қалай басталып, дара жол табуы секілді лабороторияның ешкім білмес құпияларына былай өндіруіне тірек болған «Мен» романы еліміз егемендік алған бақытты дәуірімен тұтаса келді.

Дегенмен, жазушы ғұмырнамалық жанырда шығарма жазуды қолға алмақ болған ниеті бұдан жиырма төрт, жиырма бес жылдай бұрын оянған болса керек.

«Көк мұнар» жарияға шыққаннан соң, 72-әлде 73-жылы қаламгерлік шеберлік, жазушылық еңбек турасында дәйекті эссе, немесе үлкен кітап жазуға көңілім кетті. Идеясыз сауатсыз, толып жатқан тағы бірдемелерсіз, қожантопай роман шығарып, бүкіл қазақ совет әдебиетін арылмас ұятқа қалдырып отырған адамның енді бейәдеп кеудемсоқпен проза табиғаты, қаламгер болмысы туралы сөз қорғауының өзі масқара іс ретінде қабылданатын еді. Басқасын қойғанды жарыққа шығарудың өзі қаншама қиындыққа түсер еді. Бірақ «көп айтса көнді»- әдепкі тіршілікке ұнасар, өнер мен ғылым табиғатына жат нәрсе, «өңшең қырт- бос қоңғырт» ашындырады, түңілтеді- қайткенде де өз жағына бұра алмаса керек. Бізді тоқтатқан «жұртым не айтады» емес, осы тақырыпқа қатысты әдеби –тарихи нақты деректер жинауды ауыр және артық санаған еді» – дейді қаламгердің өзі. Ұзақ жыл көкейде жүрген арманның сол сәтте дүниеге келмегеніне суреткер өз тарапынан төмендегідей ойлар айтумен нақты тұжырымды сөз етеді.

«Жазушылық – ой өнері, қол еңбегі, сиқырлы толқын, әрі терең ғылым, әлбетте, машық керек, өнеге-үлгі керек, білім таным керек. Бірақ ешкімнің тікелей үйретуі, нақты дәрктер негізінде қонатын қасиет емес, икемі қабілеті болса, әркім өзінше жол табады, өзінше игеріп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырады. Мен, сірә, шығармашылық табиғаты турасында жас жазушыларға кеңес, қаламдас қауыммен ой бөлісу тұрғысында, әдебиетке бұрыннан бар үлгі бойынша жазыла бір сөйлегім келсе керек. Орайы келмеді, сәті түспеді».

Міне, көріп отырғанымыздай, жазып отырғанымыздай, жазушы арманына тұсау болған сол кездегі фактолардың шығармашылық иелерінің өсуі мен өнуіне қаншалық ықпал әсері мол болғаны.

Өмірдің барша уақытын шығармашылыққа арнаған қаламгер жазушылық өнердің өз басына қонуын табиғи бір құдіретті күштердің, Тәңірі мен әруақтың ісі деп білетіндігінде жасырмайды. Қаламның дарынымен ұшталып, жазба дүниенің халық жүрегінен орын алуын Құдіретті күштің пешенесіне жазған бақыт екенін де әсерлі әңгімелейді. Құбылыстың өзі әрқашан қаламгерлік жолға бастап, сол жолға ыңғайлап отырумен, өзінің қасиетті Семей өңірінде дүниеге келуімен де байланыстыратын тұстары жетерлік.

“Менің болашақ жазушы ретіндегі үлкен бақытым - Абай рухы тұнып тұрған Шыңғыстау өңірінде (Бақанас-Көпейіт) дүниеге келуім, қазақтың ежелгі даналығын, асыл сөзін, дәстүр-дүниеге келуін, қазақтың ежелгі даналығын,асыл сөзін дәстүр-салтын, әдет-мінезін”бойына сіңірген, Абай да өз көзімен көрген Әлихан мен Міржақыпқа өз үйінде дастархан жайып, табақ тартқан үлкен әкемнің тәрбиесінде болуым, ескілік сақталған (сол кездің тілімен айтқанда “артта қалған”) алыс ауылда өсіп-жетілуім, ежелгі жыршы, ертегіші, әңгімеші қарттардың соңғы жұқанасын көруім ғана емес, біздің шаңырақтағы ұлтшылдық дәстүр, өз әкемнің “Тіл құрал”, “Әдебиет танытқышпен» сауат ашқан, танымы бөтен, тәжірибелі мұғалім болуының арқасында қазақ әдебиетінің, әлем әдебиетінің озық үлгілерін әліппемен ілесе жол ашуым, сол екпінмен, кейінгі қаламгер құрдастарым “Ботагөзге жетпей жатқан Толстой мен Тургеновті тануым” болса керек”,- деп, келетін ой-толғамдарынан осы жайларды аңғарамыз.

Жазушының лабороторясына дендеп енгенде, көптеген ерезкшеліктерді, жұмыс машығындағы өзгешеліктерді анық байқаймын. Мұндай ерекшеліктер екі жазушының бірінде қайталана бермейді.

Мәселен, өрімтал жас, студент - Мұхтар Мағауин болашақ атқарылар шығармашылық жолдың жастарын жасап, күні жылы, шығарма тақырыбы, идеасы, композияциясы, сюжеті, кейіпкерлердің атауларына дейін анықтап, бөліп-бөліп, сұрыптап жасап, алдағы уақытта жазылар дүниелердің тізбегін түзіп қойған.

Эстет Ю. Борев “Худежественно – творческий процесс из звеньев: действительность- художник – произведение – читатель-дейстительность ” деп жазады өзінің “Искусство интерпретаций и оценки” деп аталатын еңбегінде. Осы бес буынды түгел қарастыру белгілі бір шығарманың шығармашылық тарихын егжей-тегжейлі зерттеу болып шықпақ. Шын мәнінде М.Мағауин “Алтын дәптер” деп аталатын жобасының, яғни, жазу жазылған, жазылатын дәптері осы ойларға тірек болмақ. Алтын емес кәдімгі тор көз, қарапайым қағаз әуел баста кейінгі сыртқы бетіне “Шимайлар” деп жазылған екен. Яғни, ойға келген әр түрлі шығармалардың сұлбасын таңбалауға арналған. Уақыт оза келе әуелгі атауын тарта сызып, үстіне байыппен, қалың әріптермен “Алтын дәптер” деп жазылған екенін айтады жазушы.

Жазушының ғұмырлық қолданысында болған бұл дәптердің бүгінгі ғұмыр жасы - отыз бес жыл болса керек. Студент кезде басталған. Бірінші беті “Сюжеттер-1960-1961” деген тақырыппен ашылыпты. Ең соңғы таңба

-1996-99 бетте болса, яғни М.Мағауин әдебиетке алғаш рет нық қадам жасағаннан бергі отыз жеті жыл бойы жазуға жобаланған, жазылған және жазылып үлгермеген барлық шығармалардың сұлбасы осында.

“Алтын дәптерді” қаламгер алғаш рет 1961 жылдың көктемінде ашып, алғашқы жоспарын бейнелеген. 1-ші беттегі әуелгі үздік жазу “Өмірбай бейнесі. Практикада. Қыз. “Мен оны адам сияқты үйленбеген жігіт екен деп жүрсем...” Тұсында: 1961 - “Жаңылысу” деген таңба бар. Яғни бұл 1961 жылы жазылған “Жаңылысу» деген әңгіменің әуелгі жан-жобасы “Жаңылысу” әңгімесіне дейін бірнеше. ”Бір уыс бидай ”, “Тіленші”, “Әйел махаббаты”, бірінші әңгіме жазған М.Мағауин ол кезде өзін, қалыптасқан қаламгер деп айтады.

Кейін баспаға жол ашылған соң, “Ақша қар” атты алғашқы проза жинағын дайындау кезінде студенттік жылдардан қалған дүниелерін сүзгіден өткізіп, “Қияндағы Қыстау” мен “Тазының өлімі” сияқты кемел проза мен арада сақталған зерттеуі - “Қобыз сарыны” бар, жазушы ретіндегі әуелгі тәжірибелер селкеу-селдір тәрізді, бірақ қоршалап жүріп отыруға тоқтағанда әрең бастаған жазарман болып көрінгісі келмеді. Оның үстіне балаң кездегі тәуірлеу деген бірер әңгіме келтіру болса да жарияланып кеткен, енді саны көбейсін деп, пендешілікпен тағы екі – үшеуін қосады. Осы қатарға ілінген басылымдарға тағы еніп кетеді.

Ал жазушының албыр, сезімтал, тәкәппар кезде яғни, жиырма жасында жазылған ең жақсы дүниелері- “Тіленші”, “Бір уыс бидай”, деген әңгімелері болатын. Алдымен жазылғаны да осы “бір уыс бидай”. Қазақты ел қатарынан шығарған 1932 жылғы опаттың бір үзік көрінісі. Қаламгердің артында татымды болса, шығармалары қалады, оның жеке өміріне қатысты жағдаяттар мен әрқилы бөлек – салақ тек сол шығармаларға нәр бергенімен ғана мәнді, өз алдына әлденендей бір бағасы болмаса керек. Бұл балаң күнделіктер де өз міндетін атқарған, өткен, кеткен ой толқындары еді; оның үстіне, онда қандай заман тұр, суық қол қармап жүре ме деген күдікпен біраз жазба дүниелерін жазушы, өз қолымен жыртады. Жазушының сүрлеу – соқпақты болған жазушылық ғұмырының ғибратын осы романда толығымен танып білуге үлкен мүмкіндік бар. Жастайынан өзі құмартқан қалам мен сөз өнерінің лайықты қарымынан толық жеткізуге талпынған қаламгер ол турасында: “...әркім иманымен өлшенді, барлық күш–жігерім, қажыр–қайратымды бір-ақ мақсатқа – тәңірінің тура жолына, ұлтымның игі мұратына бағыштадым, бірақ Тәңірі тағалам, өзің көрдің, сапарым ауыр болды, табаныма шөңге емес, істік кірді, маңдайыма тас емес, топ тиді, сонда да төрт тағандағаным жоқ, шайқалсам да жығылмадым, кеудемді тік, басымды биік ұстадым, рас қансырадым, сіңірім созылды, жұлыным жұқарды, әлім азайды, бірақ жойылмадым, күш кеткен кезекті майданнан соң жаңа серпін, тың қуат тауып, қалпыма келіп отырдым: Тәңірі тағалам, өзің көрдің, арпалыс пен айқас, іркіліс пен бөгеліс менің тегеурінімді тежеп, қарқынымнан қайырып отырды, бәрінен өттім, бірақ өлшеулі өмірімнің де біраз бөлігі зая кетті, ойға алған істің тым құрса ширегін жүзеге асырғаным жоқ, соған ішім ашиды, өмір сүрген ортам, ғұмыр кешкен заманым еркін көсілуге мүмкіндік бермеді, Тәңірі тағалам, мұның бәрі менің еркімнен тыс болды, дәл осы ретте кінәлі бар шығар, күнәлі жоқ – осыны айтып кетейін деп едім”.

Жазушының шын сыры осылай ашылғанынан оның өмір жолының қиын да қилы, шуақты да шұрайлы болғанын анық байқаймыз. Сол себепті де жазушының “Мен” ғұмырнамалық романының алғашқы кітабы “Сүрлеу – соқпақ немесе жазушының жан азабы” деп аталуы жоғарыдағы ойдың мәнін ашса керек. Қаламгердің “Алтын дәптер” жобасынан бұрын жазылған “Тіленші” әңгімешінің шығармашылық жолы күрделі болады. Мұның себебі әңгіменің тақырыбы мен идеясында болса керек. Ұлттық тұнығы бұзылмаған, ұлттық ұлы үрдістерден таза табиғи тәрбие алған жас Мұхтар Мағауиннің Алматыға білім қуып келгенде, іш тартып, өшпенділіктің ұясын жүрегіне орыстандыру саясатын көзбен көріп, қорлықтың шет жағасын бастан кешіреді. Саясат пен өкіметтің сөзі мен ісі екі бөлек, аз ұлттар көрген отарлау мен рухани қанаудың бұғауынан халқын, тілін, ділі мен дінін, салт – дәстүрін сақтап, сол жолда күресуді өзіне негізгі, түпкі мүдде етіп бекітеді, сол жолда бар ғұмырын сарып етуге бекінеді. Бұлар өте күрделі мәселелер еді, әуелде нақты шешімін таппаса да керек, бірақ бұғана бекігеннен соң – жиырма төрт – жиырма бесте жазылған “Қобыз сарынын” айтпағанда, таза жазушылық жолға түскен “Тазының өлімі” мен “Көк мұнардан” бастап, “Көкбалақ”, “Жыланды жаз”, “Аласапыран”, “Шақан – Шері” және Совет дәуіріндегі қазақ прозасының ең соңғы туындысы – империясының түбіне жеткен 1991 жылғы Август бүлігінен үш күн бұрын “Сары қазаққа” дейінгі аралықтағы ең негізгі, ең тәуір шығармаларының бәрі де отаршылық жүйеге қарсылық көріністері болып табылады.

Жазушының тырнақ алды туындысы “Тіленшінің тағдыры» басқашарақ тартылуы. Кезінде ұсынған жердің бәрінен қайтады. Жай ғана қайтпайды, айқай – шу, ұрыс – керіспен. Ол кездегі танымал жазушы, әдебиетшілер, редакцияның бас редакторларының көбі жасы келіп, жасамыс тартқан жандар болатынын, көбі “Тіленшіні” кереғар ұғымдағы жасық шығарма деп бағалайды. Аталған жағдайлардың негізгі себебін жазушы былайша түсіндіреді.

“Кейін сол болған, толған” ағаларымыз біздің жазуымыздан үлгі алып әжептеуір сауат ашты. Кейбірі қартайғанда тәп–тәуір жазушы болып та кетті, арада оншақты жыл өтпей енді біздің алдымызға келетін болды, біз де өзгергенбіз, ол кісілер де өзгерген, өткенді кінә тұтпадық, қиянат ойламадық, керісінше, ескінің көзі ретінде кеңшілігіміз мол болды. Кейбірімен сыйласып, достасып та кеттік – ойлап тұрсам, әдейі істемеген, біздің жазудың жосыны үйреншікті сораптан бөлек еді, танымаса, жазығы емес, жамандығы мен қасақана істелген істе ғана күнә бар деп білем”.

Осылайша ағынан жарылған жазушы сол кездегі көрген рухани қысымның шығармагердің қаламының қарымына кері әсері болмай қоймағанын да жасырмайды. Болашаққа сабақ болсын деген ниетпен бұл турасында да еске салып өтеді.

“Десе де, сол кезде рухани ғана емес, нақты жазу торабының өзінде өлшеусіз зиян шектім деп ойлаймын. Алдыңғы шығармаларының жарыққа шыға алмай, дағдарып тұрса, кейінгі жазуың бұзылмай, еріксіз іркіледі. Тоқтамас, бірақ тежелетіні анық. Бұл – жас атаулыға тән мінез. Өз байыбымызша, біз іркілгеніміз де, тежелгеміз же жоқ, сенім шайқалмады, серпін азаймады, оқып іздене бердік, амалдап жаза бердік, бірақ ашынбасақ та ашу – ыза керней бастады, өшпенділік болмаса да, өкпе – реніш қабылдады, тым құрса бір әңгіме жариялау арманға айналды, яғни, біз бастамай жатып төменше жұмыс жағдайына көштік, осының бәрі, әрине, әлдебір астыртын жіптіктер арқылы біздің жазуымыздың санына да, сапасына да тікелей әсер еткені күмәнсіз”.

Қаламгер толғаған бұл ойлардан түйінді – түйінді жайттар, жас талапкерлердің саналық өсіп өркендеуіне мол тәрбиелік жолы бар жақсы дүниелер десе де болғандай. Алайда, тамшы тас теседі дегендей, жас талап, мұратына сай қажыры болса, ақыр түбі өзіне жол ашады. Ал қалыптасқан қаламгерді қапас түрме мен тура келген ажалдан басқа ешқандай бөгесін тоқтата алмаса керек. Бірақ қандай да шығарма өз кезінде жарыққа шыққаны абзал. Бұл – қаламгердің жеке мүддесі ғана емес, жалпы әдеби үрдіс үшін мәнді мәселе.

Жазушының өткен өмірге көз жіберіп, артына қарайлағанда қаламгерлік ғұмырындағы ең ауыр кезең – әуелгі жылдар екен. 1960 жылы жазылған кішкентай “Тіленшінің” арада тұтас бір ғұмыр - отыз үш жыл өткенде, 1993 жылы “Шоқан – Жері” кітабында жарияланады. “тырнақалды емес, бірақ менің жазушылық жолым осы әңгімеден басталса керек. Кезінде жарыққа сына таппады. Енді, арада отыз жылдан астам уақыт озған соң, жаңа жинағыма енгізіп отырмын. Қаламгерлердің балаңқы кезеңінің айғағы, қиын сапарға бет қояр қарсаңдағы көркемдік танымы мен рухани мұратының көмескі елесі ретінде жұрт алдына жетсін дедім.

Автор. “28 VІІІ. 1991” - деген түсініктемесі бар.

Кез келген аламгердің тәжірибесінде әуелгі жазылған дүниенің кейін өңделуі, тым құрғанда бірлі – жарымды стилистикалық түзетулер болуы әдепкі жағдайлар. Менің жазуымда түбегейлі өзгерген қысқарту мысалдары ұшыраспайды, бірақ әрбір жаңа басылым тіл, сурет тұрғысындағы косметикалық жұмыстан ада деп айта алмаймын. Бұл – қайталап айтайық, табиғи жағдай. Әлбетте, жазушы өз шығармасын жақсарта, жетілдіре бергісі келеді, бірақ қаламгер мүмкіндігінің шегі бар. Екіншіден, бұрын жазылған дүниені қайта жасау – әдепке жатпаса керек, күшіңіз тасып бара жатса, жаңа еңбек жазыңыз. Кез келген көркем шығарма, ең алдымен, өз заманының жемісі. Бұл сөз, әсіресе, түбірімен өзгерген біздің дәуірге қатысты. Осы тұрғыдан алғанда, “Тіленшіні” әлдебір үлкен жазушы бояуы көк қарандашпен шимайлап, қолжазбаның бір шетіне “Мұндай әңгіме болмайды” деген тұрғыдағы үкім шығарған, редакция есігінен асырып лақтырылғанына қарамастан, еш өзгерісті қаламгер жасамайды. Жасайтын ештеңе жоқ еді. Ол бүтін бірегей дүние болатын. Болашағының барша жобасы жасалған атауына мағынасы мен атқарар міндеті сай болған “Алтын дәптерге” жазушы әркез үңіліп, өткен – кеткен, болашақты болжап, бажайлап қарап отыратын болған. “Алтын дәптердің” бірінші беттің соңғы жылдарында жазылмаған жақсы әңгіменің көлеңкесі бар екен.

“Үсіп өлу. Солдат. Адасып, қораға қайтып келе береді. Атты пышақтап өлтірмек болады. Жылы қан ішпек. Ең соңында өзін тамақтан орып жіберіп, бәкісін қалтасына бүктеп салады”. Бұл жазушының жазғы демалыста ауылына барғанда, яки 1959 1960 жылдары болған оқиғаның сұлбасы екен. 1960-1961 жылғы сюжеттер дәптердің сегіз бетін алыпты: он бес әңгіме, екі хикаясы, бір роман. Оның ішінде жүзеге асқаны – үш-ақ әңгіме, оның біріншісі белгілі, үшіншісі - “Сентябрьде” деген диалогқа эскиз, шамалы нәрсе, 1968 ғылымнан прозаға қайтып оралғанда, қаламы жүрмей тұрған бір күні машық үшін жазылған екен. Ал кейінгісі - “Қияндағы қыстау”, сол, бастамай жатып тоқтаған қақ үзілістен соң жүзеге асты, жазушының ең тәуір әңгімелерінің санатында еді.

Біраз жылға созылған үзілісті қаламгер диплом жұмысын орындауымен, емтихан орнағанында баяндайды “Алтын дәптердегі” әлі аспирантурада жүрген 1964 жылдарындағы таңбаларға қараса, бір әңгімелер кітабы, төрт роман жобаланыпты. Міне, қаламгер ғұмырындағы зерттеу еңбегі тура осы жылдары басталған екен. Сол себепті прозадан ештеңе жаза алмайды. Негізгі сұлбасы белгіленген дүниелерден арада жеті жыл өткен соң “Көк мұнар” романы, он бес жыл өткен соң “Жүйрік” хикаясы жүзеге асты. Ал осы, 64-жылғы жөн – жоба бойынша ең елеулі шығарма – Қазақ Ордасы дәуірінен трилогия екен. Бірінші роман – Қасымхан заманы, яғни, ұлыстың ұйысуы, екінші роман – Есімхан заманы халқымыздың кемеліне келген, ерлік дәуірі, ал үшінші роман – халықтың ыдырауы, ХVIII ғасырдың соңғы ширегі екен.

Жазушы алғашқы екі романның ғана мезгілі белгіленген, ал үшінші кітаптың сұлбасы айқын, кейбір көріністері, детальдары жіктеп жазылған. Жазушының қойын дәптеріне түзілген хабарлардың көбісінің сюжеттері болғанымен бейнеленсе, кейбірінің тек фабуласы ғана жасалған.

“Оның айқын көрінісі – диссертация машақатындағы 1965 жылғы жазба – болашақ “Аласапыран” романының әуелгі елесі. “Алтын дәптердің” 18-бетінде: “Лжедмитрий ІІ өлімі / Аласапыран/. Роман – деген тақырыппен берілген төрт -ақ жол таңба бар:

“Қадырғали жалайыр. Ораз Мұхамед. Едіге ұрпақтарының трегедиясы. “Қазақ хандарын өлтіргенді, ноғайдың мырзаларын азаптағанды көрсетейін мен саған! “ “Қырғын күннің бір уағына дейін толастамаған”.

Қарап отырсақ, аз шамадан бастап, дәптердегі жазбалар сюжет сызу, тақырып еежіктеу тұрғысынан емес, болашақ шығарманың қаңқасын есте ұстау мақсатындағы шағын, көбіне шартты бітікпен шектеледі.

“Қызғалдақ туралы көне қыпшақ аңызы” - деген бір -ақ сөйлем тұр. Бұл – баяғы Атырақ пен Сыржан туралы аңыз, Шоқан Волынь летописінен ұшыратқан ??? тоғыз жыл өткенде ұлы бабамның ескі досы, атақты орыс ақыны Аполлон Майков «Смшан» (Жусан?) атты поэмаға арқау еткен ғажайып хикая – біздің, заманға жетпеген өзгеше сырлы эпостың елесі сүлдесі. Жазылмады, әлі де болса жазармын деген үміт бар» дейді. Шығармашылық туралы айтылған бір ғұмырнамада жазушы тек жазылған немесе жазылатын дүниелерді ғана емес, жазылмауы мүмкіндерінде қоса атап өтеді. «Ал дәптердің осы бетінде, келесі жолда, сірә, ешқашан жазылмайтын көлемді шығарманың сұлбасы тұр. Ол да жалғыз сөйлем, алты – ақ сөз: «Шоқан тағдыры (Арман – Күрес – Ажал) – дилогия» - десе мұның себеп – салдарында түсіндіріп өтеді.

«Жазылмайтыны – ұлы Шоқанға қатысты ой – толғамдардың көпшілігі кезінде жарыққа жол таппайтын еді, ал мен жазбақ шығармалар әрқилы, әрі көп, мән – мағынасы деңгейлес болғандықтан, өлі архив үшін емес, тірі кісі үшін, дәл осы сәтте халқымның қажетіне жарауға тиіс дүниелерге ден қойдым; ақыры Шоқан туралы романдағы негізгі тұрғы – орыс отаршылдығы, Ресейдің империялық жеміт саясаты төңірегіндегі суреттер – заманы алысырақ, пердесі қалыңырақ, сондықтан да өтімдірек болған «Аласапыранға» еніп кетті, енді алдағы уақытта тар заман – ХІХ ғасырда қазақ жұртының биік парасатын әйгілеген данышпан Шоқан турасында тым құрыса, бірер мақала жазармын деген ниет бар, оның да орындалуы ыңғай, сәтіне байланысты»... екенін де ескертеді. Дегенмен, Шоқан туралы жазбақ болған романының көктей қиылғанына да өкініш білдіреді. Бірақ бұл таратпа ойлаған ой, түйген түйіннің ешқайсысы да зая кетпеуі анық, басқа тарапта, басқа бір шығармаларда көрініс тапты, дүние танымына тұрғы болды. Сондықтан, кейісі болса да, өкініші жоқ. Сол сияқты 1964 жылы жобаланған тарихи трилогия да күнделік дәптер бетінде ғана қалмапты. Суреткердің тарихи – көркемдік танымының өтпелі бір кезеңі ғана болмады, кейінгі қазақ әдебиетіне де елеулі ықпал етті.

Шығармашылық өнердің тек жазу мен бастырудан тұрмайтынын талай ой мен, біліммен білік, тәжірибемен алмасуларда болғанын көреміз. Соның бірі әрі берер ғибраты молы М. Мағауин мен І.Есенберлин арасындағы қарым – қатынас. Қаламгердің өз айтуына қарағанда, қазақтың арғы тарихынан ұлы туындылар жазып, ұрпағына мәңгілік азық сыйлаған даңқты жазушының «Қаһар» романының жазылуына тікелей ықпал – әсері болған. Бұл кезде М.Мағауин ғалым, сыншы, прозашы ретінде көпке танымал болған. Қолында архивтің мол дерегі, әдебиет көздері мен шежірелер, құжаттардың мұрасы бар кәнігі танымпаз тарихшы десе де болғандай еді.

Кеңесіп, қазақ тарихының жекелеген кезеңдерін қамтыған сегіз – тоғыз роман жазбақ ойын, әуелде тұтас кезеңдерге арналған хронологиялық сыпаттағы үш кітаппен шектелмек болғанын, енді жұмыс сыпаты басқашарақ екенін айтады. Қастерлі жазушы жас талант М.Мағауинге жазушылық, ақсақалдық ризашылығын алмай айтады. Өзінің «Қаһар» романын жазуына М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» монографиясы мен жеке айтқан дерек көздерінің қаншалықты пайдасы болғанын, романның жазылуында үлесі бар екенін де риза ағалық көңілмен атап айтады. Мән хамсасында М.Мағауин бұл әңгімеге де әдейілеп соғып, жазушылардың өмірінде түрлі ауыс-түйіс, рухани жәрдем, көмектер болатынын оқырманына жеткізуді міндет санайды.

«...деректерді тауып берген жанашыр, ақыр соңында, қолжазбаның тәптіштеп қараған ағайын редактор болғандығымды ғана айту – парыз; ең бастысы – қолжазба қаншама талқы, тексеріс, сүзгіге түскен ашық және жабық майдандарда сауыт бұзар болдым. Ықыласы түзу аға үшін емес, аруағы басымда тұрған Кенекем үшін. Яғни, менің «Қаһарға» қатысым – әдебиет мұраты үшін, халық тарихы үшін күрес деп аталатын міндетті қызыметтің бір көрінісі ғана».

«Алтын дәптер» - 1964 жылғы жазбалар турасында бастаған негізгі мәселеге келсек, «Қобыз сарынына» қатысты көне әдебиетті зерделеу және монографияның өзін жазу үстінде, әуелгі балаңқы ой, үстірт әсерден туындаған тарихи трилогия сол ойда тұрған қалпы арада бір жыл өтпей мансұқ болады. Және де, ескі заман, негізінен ХІХ ғасыр мінезіне, оқыс оқиғалар, өзгеше адамдар төңірегінде құрылмақ «Ескілік көлеңкесі» деген әңгімелер кітабы да жүзеге аспайды. Жазушының ескі жыраулар мұрасына жол ашқан 64 жылы проза жасалмайды. Бірақ көңілдегінің бәрі көмескіде қалмайды. Сол жылы ойластырылған «Көк мұнар» романы 1971 жылы жазылады. «Нар -қызыл. Бәйге ат трагедиясы» деп, бір -ақ ауыз сөзбен белгіленген хикаясы арада он бес жыл өткен соң, 1979 жылы қағазға көшіпті.

«Алтын дәптер» - 1965 туралы мана, жөнекей ескертумен шектелдік, «Аласапыран» аян түсті дедік, яғни, бұл тараптағы негізгі әңгіме – алда. Бұл жылдары «Қобыз сарыны» тәмам болды, талқылау – қудалауға ұласады. Жас ғалым бұл уақыттарда аспирантураны бітіріп, жұмысқа орналасады, зерттеудің негізгі деген тұстарын баспасөзде жариялауға уақыттың көбін арнайды. Мұнан кейінгі өмірдің біразын жазушы диссертация қорғау машақатына оздырады. Ол кезде тың, саяси талапқа қайшы болып табылатын ғылыми еңбекті жазып және оны қорғау М.Мағауин үшін кандидаттық дәреже алу үшін емес, қазақ хандығы дәуіріндегі жасалған белгісіз мұраны қатарға қосу, ұлттық әдебиеттің арғы тарихын негіздеу болатын. Үлкен мақсат көп кедергілерге кездесіп, ақыры тура жиырма екі ай өткенде, 1967 жылдың наурызында Қазақ университеті филология факультетінің Ғылыми кеңесінде ресми қорғаудан өтті. Аруақты бабалар қолдаған М.Мағауиннің қиын да күрделі ғылымдағы жолының даңғылы ашылғандай болып, мен әлі де күрделі мәселелер күтіп тұрған еді. Өмірде кездесетін кездейсоқтық пен салдардың нәтижесінде болып, оның көбісі қаламгердің өмірде қиналуы мен қуануына тікелей әсері болғанын да өмірде болған көптеген оқиғаларды да әсем етіп композицияға ұластыра білген. Мұның тұсында жазушы жоспарына енген «Ақжалға кеткен Сейіттің баласы» - арада жиырма жыл өткен соң, 1988 жылдың қаңтарында жазылды.

Тағы бір әңгіме мен бір хикаясы бұдан ертерек жүзеге асты. Ал әйтеуір жөн – жоба емес, нақты көрінген екі роман да тоқырап тұрады.

Мұның біріншісі – ХVІІІ ғасырдың 50- жылдарын қамтитын көлемді тарихи шығарма, «Аласапыраннан» бұрын жазылуға тиіс еді, кейін шегінді, одан соң араға Ораз – Мұхамед заманындағы Қазақ Ордасы туралы тағы бір роман салып жазбақ болады, оның да орайы түспеді, сөйтіп, ерте жоспарланған, әуел бастан аса мәнді саналған ең көлемді дүниелерінің бірі әзірше жүзеге аспай жатыр. Тіршілік болса, жазармыз деген үміттен арылмайды.

Сол жылы жобаланған екінші роман күрделі ғана емес, шатақ та еді. Тұспалмен белгіленген: «Бір әулеттің тарихы 1905-1975 ж. Оқыған бұтағы: Б тағдыры; Ш тағдыры – құрып бітеді. Оқымаған бұтағы: Мамай, Мұрат тағдырлары; Едіге. Роман. 30-бет» - деген санаулы сөзге көп мағына жүктелген. Бұл романда ұлттық жаңа замандағы қайта ояну кезеңі, Алаш қозғалысы, террор мен репрессия, 32-жылғы ашаршылық, әлемдік соғыс зардабы, «тың көтеру» отаршылдығы – үш ұрпақ тағдыры арқылы ғасырдың әуелгі үш ширегінде болған күрделі оқиғалар, ғаламат апат сипатталуға тиіс еді; ең соңында ұлт болашағында жарық сәуле көрінбек. Көлемі отыз баспа табақ деп мөлшерленген роман, жаза қалса, елуге жетіп жығылар еді.

Бір әулеттің тарихын жазудағы басты мақсат, бір әулеттің өмірі арқылы тұтас бір заманды бейнелеу – әлем әдебиетінде жемісті әрі кеңінен қолданылатын тәсілді, иегерілген амалды тәжірибеге ендіру арқылы жүзеге асырмақ ниетте болады. Заман аумалы, оқиға мол, зұлымдық та, зорлық та, аярлық та ақылға сыймас дәрежеде. Өте қиын тақырып. Ең үлкен қиындығы көңілдегідей қалыпта жарыққа шығару мүмкіндігінің жоқтығы. Бірақ таңбаға түсіру – жүзеге асырмақ, ниет көрінісі. Алғашқы шаруаның бәрін бітіріп, шар тарапқа даңқы кетіп, тас қамалдың бәрінен аттап өтетін заманда – ол кезде алыс көрінген елудің үстінде жазбақ ниеті де болады.

Жазушы үшін негізгі авторлық тенденцияны дәл, ашық беру ол жылдары мүмкін болмады, дегенмен, ХХ ғасыр соңында өзі көздегендей елу жасты еңсерер шақта еліміз егемендікке қол жеткізді. Әйтсе де, қаламгердің өзі айтқандай, адамның жасы келген сайын денсаулық пен мүмкіндік өзінің шектеулі қуат көзі екендігін сезіндіреді. Бұл мәселені де хамсада үйлесімді етіп жеткізбек қаламгер сол кездегі жеті жылдық тоқыраудан кейін қалам тартқан «Қияндағы қыстау» деген 1960 жылы діттеп белгілеген шығармасын жазады.

Адам тұрмысына балап астарлай айтқан мына жолдар бейнелі сөздер ғана емес, көрікті ой, көркем теңеуден де болғандай.

Ойлаған дүниенің қаншама заманнан соң жазылып жатуы әдебиет тарихындағы әдепті жағдай. Маман қаламгер бірер сюжет, төрт – бес тұспалмен өмір сүрмейді. Үлкенді – кішілі ондаған (тіпті, жүздеген шығарманың сұлбасы көңілде тұрмақ, кейде пішім – жобасы таңбаға түспек. Олардың ертелі, кеш жазылуы да көбіне дерек жинауға, дайындық кезеңіне тікелей тәуелді бола бермейді. Қаламгердің көңіл ауанына, істің сәтті орайына байланысты. Бағымдағы қоңы бір шамалас, сойыс малы сияқты. Бір күні бағлан етіп, бір күні тай етіне тәбетіңіз тартпады, енді бірде ат қойдың құйрығы, ту биенің қазысы қажет дегендей. Кезекті сойыстың жылдар бойы күтуі де шарт емес. Кейбір малдың көгенге іліне сала кәдеге жарап кетуі мүмкін.

Менің қырық жыл бойы тапқан барлық малыма өріс болған «Алтын дәптердің» 1969 жылғы алғашқы бетінде бұған айқын мысал бар екен. Ол – «Тазының өлімі».

Бір оқиғаның ізімен жазылған бұл шығарманың фабулалық жүйесін жазушы «Алтын дәптерге» не бары сегіз жолға сыйғызып қояды. Дерегі мол, іңкәрі күшті, айтары тағы біраз болғанымен, «Тазының өлімі» жаяу соқамен жер жыртқандай, ауыр еңбекпен жазылады. Көңілі өскен, жаны тыншыған жақсы мезгіл еді, қиындық – уақыт мәселесінен туындаған. Студент кездегі міндетті дәрістен қалыс жүрген еркіндік, аспиранттық кезеңдегі азат өмір қаламгердің мүмкіндігі мол кезде соған орай тәуліктің ең ұтымды мезгілі – таңертең ғана жазуға үйреткен тұста жазылады. «Тазының өлімі» сыншылар тарапынан мақталмайды, жамандалмайды, советтік әдеби топанның ішінде кете береді, бірақ бүгінгі орта жасар және егде оқырман М.Мағауинді алғаш жазушы ретінде ең әуелі осы хикаят арқылы таныса керек. Әңгіме 1969 жылғы «Жұлдыз» журналының № 10 санында жарыққа шығады, орыс тіліндегі тәржімасы алты мәрте жарияланады, украин, чех, словяк, қырғыз тілдерінде аударылады. Күні бүгінге дейін жазушының ең тәуір туындыларының бірі саналады.

Жазушының «Алтын дәптер» жобасында жоспарланған шығарманың бәрі бірдей жазылмаған. Оның себебі әр түрлі ғұмырнамасында жазушылық ұстанымына адал М.Мағауин шығармалардың өмірге келмеуінің себептерін де баяндап отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет