9. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
9.1 Диплом жұмысы алдын-ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.
9.2 Диплом жұмысын алдын-ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің міндетті түрде қатысуымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.
Алдын-ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
9.3 Алдын-ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген, аяқталған дипломдық жұмыс ғылыми консультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.
9.4 Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша сын-пікір жазады.
Диплом жұмысы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып, қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Жетекші пікірі деканат мөрімен бекітіледі.
Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.
9.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.
Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Қафедра отырысының хаттамасы ректорға бекітуге ұсынылады.
9.6 Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.
9.7 Шығарушы кафедра меңгерушісі ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікіржазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының және осы институттың диплом жұмысын ұсынған кафедрада жұмыс істемейтін профессор, доцент, оқытушылар қатыстырылады.
9.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі болуы тиіс. Сын-пікірде жұмыстың әр тарауына толық талдау беріліп, жетістігі мен кемшілігі көрсетілуге тиіс. Сын-пікір компьютерге терілген 1-2 бет көлемінде болу керек. Пікір жазушының қызметі көрсетіліп, қолы мекемесінің мөрімен бекітіледі.
9.9 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірмен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |