Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері.
Дзен ілімінің адам өмірінде үлкен рөл алатын бір себебі дзен ұстаздары күнделікті және діни өмірдің арасындағы айырмашылықтарды емес, керісінше олардың қатынастарын қарастырған. Жалпы дзен Үндістанда пайда болып, Қытайда өсіп, дамуының көркеюі Жапония елінен көрініс тапқан. Сондықтан Жапония Шығыс медицинасы мен Батыс ақылының түйісетін жері болып саналады. Бүгінде дзен дін, догма, ақиқатты іздеуші және философияға қатысты ілім емес. Ол барлық құбылыстарды шындықта қандай болса, дәл сол қалпында қабылдауға негізделеді. Оның мақсаты «осында және қазір»басқа еш жерде болуы мүмкін емес. Дзен үшін ешқандай «ертең» сөзі тіршілік етпейді. Басты шындық нақ осы шақтағы сәтке сәйкес келеді. Сол үшін дзен әдістер мен тапсырмалар, құралдар мен мақсаттар арасында айырмашылықтар жасамайды.
Дзен сөзінің этимологиясы санскриттің «дхъяна» сөзінен шыққандықтан ол «медитация » деген мағына береді. Барлық будда мектептері адамның рухани дамуы үшін медитация техникаларын қолданғандықтан Қытайда оны «чань», ал Жапонияда медитацияны-«дзен» терминімен атаған.[37,34]
Дзеннің дәстүрлі қарастыратын мәселелері мынадай.
Адамдардың ұғымдарды дұрыс қолданбауына байланысты дзен түзетулер енгізіп, оны дұрыс пайдалануға үйретеді және логикалық ойлау параметрлерін анықтайды.
Батысқа қарағанда Шығыстағы дзен «даналық» туралы терең мағынада зерттеген.
Дзен негіздерінде өмір қозғалыс пен тыныштық балансынан құралған.Ал қозғалыс пен тыныштық арасындағы үйлесім әсерінен адам өзінің тіршілігінің орталығына жақындайды. Ол үнемі оның ішкі әлемінде және қимыл мен тыныштық, сергектік пен ұйқысына байланысты болады. Сонымен қатар дзен ілімінде жадырау нәтижесіне жету өте қиындықтар тудырып отырған. Ол үшін эгоисттік сананы ментальды және физикалық деңгейде көрсету аса қажетті болған. Өзіндік сананың қалыптан тыс ұлғаюын дзен ойлау формасын табиғи емес деп санаған. Себебі сананың қалыптасуын сыртқы жағдайлардың әсер етуінен жүзеге асатынын байқаған. Адам өзінің эгосының жасанды екенін түсінгенде ғана, табиғи қалпы мен шындықты қабылдау тәсілдері мен интуициясын түсінетінін аңғарған. Сана табиғи және интуитивті болғанымен көп жағдайда эгоцентрлік концептуалды ойлаудан басымдық көреді. Адам өмір процесіне қатысушы болудың орнына үнемі концептуалды ойлаудың әсерінен өз-өзіне махаббат пен жауапкершілік сезімін, өзінің қатынасын бағалау арқылы құндылықтар шкаласын құрайды. Мұндай әрекеттерден ақиқат сезімі ой мен сезім хаосында жоғалады. Осыдан қалай саналылық күйіне жетуге болады? деген сұрақ туындайды. Нәтижеге жету үшін дзеннің әдістері мен техникаларын пайдалануға болады. Бірі Риндзай, екіншісі сото әдісі.Дұрыс шешімін табу үшін Риндзай адептері төмендегідей тәжірибе жасаған. Олар дәстүрлі ойлауға қарсы шығып, кенеттен пайда болатын интуицияға жүктелген. Ал сото –дзен мектебінің өкілдері медитацияның дзаден яғни отырып орындалатын әдісін пайдаланған. Жүргізілген әдістердің мақсаты адамдардың эгоисттік санасын жалпы әлемдік санаға қосу болып табылған.
Мыңдаған жылдар бойы Үндістан медитация жолымен жүргендіктен, кез-келген ойдан босанып, таза сананы сақтауға үйренген. Дзен әдісін көптеген тарих беттерінде есімдері қалған монахтар қолданған. Солардың бірі Бодхидхарма. Ол рухани мәдениет тарихының дамуына үлкен іс жасап, Үндістан мен Жапонияға қарағанда Қытайды тепе-теңдік ұстайтын ел деп қарап, өзінің ілімін осы жерде қалаған. Себебі Конфуцийлік өнеге қандай жағдай болмасын орталықты, тепе-теңдікті сақтай алатын болған.
- Үнді монахы Бодхидхарма «чань» (дзен) дәстүрінің негізін б.э. 520ж. Қытай елінде салған. Бодхидхарма патриарх-ұстаздардың арасында тұңғыш медитацияны қолданушылардың бірі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол қатал мінезді және қадала қарайтын,сұсты адам болған. Өз өмірінде жаңа білім ашуға аса назар аударып, медитацияның жаңа әдістерін өңдеп, мектептерде тәжірибе жасаған. Оның басты мақсаты адамдардың өзіндік табиғатын тану және оны ашу.
- Созанның өмірбаянында ол қай жерде туылып, қай жерде дүние салғаны туралы деректер көрсетілмеген. Шығыс түсінігі бойынша адамның өмірі туралы дәлелі емес, керісінше не істегені аса қажетті. Созан өз әдісінде өзгенің шындықтағы бейнесін көру қандай болса, ақиқаттағы бейнесін дәл солай қабылдау керектігін айтқан. Егер сіз ақиқатты көргіңіз келсе, әрбір пікірден бас тартыңыз. Сана адамның ұнамды болуы, оның көрінуінің арасындағы күрестің бар болуынан азап шегеді деген. Оны қалай жеңуге болады? Оның қандай да бір тәсілі бар ма? деген сұраққа Созан: Сіз ақиқатты сезгеніңізде ауру сізден арылады. Себебі бұл ауруға дәрі-дәрмек жоқ. Сондықтан біз дәріні қабылдаған сайын оған үйреніп қаламыз. Сонда ауруды ұмытып, тек дәріні ойлай бастаймыз. Енді аурудың өзі емес, дәріні қолдану біздің ауруымызға айналады деген.
- Риндзай «айқай» ұстазы ретінде танымал. Ол кенеттен айқайлау әдісін адамдардың үндемеуі үшін пайдаланған. Адамдар оған аспан әлемі, философия мен теологияға қатысты сұрақтарды қоя бастағаннан, Риндзай кенеттен айқай салатын болған. Себебі сол сәтте сана естен танып, бірнеше уақытқа дейін тыныштық күйде болып, тек айқай ғана қалған. Осы кезде адам санасы сөніп, уақыт тоқтаған секілді сәт орын алатын болған. Бұл медитацияның құпиясын пайдалану арқылы Риндзай адамдардың ылғи таусылмайтын ойлауы мен қажетсіз сұрақтарына шек қойып, әрбір адамның өз-өзіне концентрациялануына мүмкіндік берген. Себебі сол уақытта адам өз ішкі орталығын табады. Айқай болса орталыққа шоғырландырады. Бұл әдісті әлемдегі көптеген мистиктер қолдануға тырысқанымен, бірақ олардың іс-әрекеттері жасанды болып көрінген. Риндзай өз әдісін таңқаларлықтай қолдана білгендіктен, оның айқайы адамға қылыш секілді шаншылып, адамның тіршілік ету орталығына дейін жеткен. Риндзайдың тағы бір ерекше қасиеті ол үнемі адамдарға медитацияның қолдану техникасын қарапайым сөзбен түсіндірудің арқасында адамдарға үлкен өнеге көрсеткен. Әсіресе медитация туралы түсіне бермейтін адамдарға ерекше көңіл аударған. Сонымен қоса Риндзай ақиқаттың ескі және жаңа болуының маңызы жоқ. Негізінен шындық үнемі жаңа, себебі адамның санасы өсуде және көптеген кеңістікті жаулап алуда деген. Риндзай үшін дзен бұл тірі дәстүр. Шебер тірі кезде оның сөздері де маңызға ие, ал ол дүниеден өткенде –шеберден берілетін тәжірибесі де тоқталады. Ол қазіргі заманғы болу үшін өз уақытында орындалуы тиіс деген.
- Джалаладдин Румидің айналу әдісі орталықты табуға бағытталады. Егер адам бірнеше сағат айналатын болса, бірте –бірте ішкі әлемінде орталықтың бар екенін байқап, оған тәжірибелік жұмыстар жасаған. Олар өзін орталыққа қою әдісін тапқан және өмірде әдіс ретінде пайдаланған.
- Махакашяпа мен Бодхидхарма адам орталығын табуда тәжірибе жасаған. Олар адам санасында ештеңке қалмайтын, таза қатысудың нүктесін табуды көздеген. Бұл ықпал Чуань Цзы, Ли Цзы мен Лао Цзыдың ұлы мұраларының бірігуі мен одан бетер көркейе түскен. Бұл тұлғалардың барлығы да адамның ішкі әлемін зерттей отырып, өзін-өзі табуға тырысқан.
- Доген дзен әлеміне ішкі революция мен толық үнсіздікті, ішкі тыныштық орталығын енгізді. Мына көзқарасында Доген : « Өмір жолын зерттеу -өзін-өзі зерттеу» деген.
- Нансен рухани өмірдің материалдық өмірден бөлінбейтінін айтқан. Ол: «Адам жан дүниесін тазалау үшін тәнін қинаудың қажеті жоқтығын» ескерген.
- Ма-Цзыны –өз заманында «бос айна» деп атаған. Ол «жауап қайтармау» ілімін ұсынған. Тек «осында және дәл қазір» күйін пайдаланған. Ма-Цзы адамды шексіздік таңбасының орталығы етіп алған және ол арқылы аспанның, әлемнің, адамның ішкі дүниесінің тереңдігін түсіндірген.
Жоғарыда берілген медитациялық әдістер б.э. 400-1000жж. Дзен шеберлерінің қолдануының әсерінен біздің заманымызға жеткен. Бүгінгі таңда осы ілімнің кейбір әдістері психология ғылымында да жиі пайдаланылады. Әсіресе медитацияның сан алуан түрлері Үндістандық философ Раджниш Ошо еңбектерінде көптеп кездеседі.
Раджниш Ошо 11желтоқсан 1931 жылы туылған. Сагар университетіндегі философия факультетін үздік бітірген. Студенттік кездің өзінде ол ораторлық шеберлігі үшін Үндістанда алтын медаль алған. Джабалпур университетінде 9 жыл бойы философия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған тұлғалардың бірі. Әсіресе психология ілімінің барлық тақырыптарына : жас ерекшелік психология, медициналық психология, әлеуметтік психология , нейропсихология т.б. терең түсінік берген. Ол Зигмунд Фрейд, Карл Густав Юнг, Чжуан Цзы, Георгий Гурджиев т.б. ғұламалардың еңбектеріне қатысты сын мен салыстырмалар жасаған. Әрбір жүйеден қазіргі заманға лайықтысын тек теория жүзінде емес, өз тәжірибесінен де мысалдар алған. Бүгінде оның психологиямен байланысты кітаптары дүние жүзіне таралған және үлкен сұранысқа ие. Олардың ішіндегі психологияға қатыстылары мыналар: «Эмоциялар. Ашудан, қызғаншақтықтан, үрейден босану». «Медитация- бірінші және соңғы бостандық», «Жан үшін дәрумен», «Ақыл», «Қуаныш», «Шығармашылық», «Интуиция», «Саналылық», «Медицинадан медитацияға дейін» т.б. ғылым салаларына қатысты кітаптары кеңінен таралған. Бұл кітаптарында ОШО махаббатта «Мен» жоқ, күш салу мен босаңсу, депрессия, стресс, тән, қартаю, күлкі мен денсаулық, эзотерика, дзен, медитацияның тәжірибеде қолданатын сан алуан тәсілдеріне қатысты тақырыптарды аша білген. Раджниш Ошо кітаппен шектеліп қоймай, сұрақ –жауап әдісін көп қолданған. Мысалы оқырманнан келген : Адам бұрынғы мінезінен арылу үшін оны тек түсіну ғана жеткілікті ме немесе оны саналы тұрғыда қабылдау керек пе? -деген сауалына Ошо былай жауап берген: Бұл сұрақ Батыс психологиясы мен Шығыс мистицизміне байланысты. Батыс психологиясы адамның бұрынғы мінезінің түбірін ұғынуға негізделеді, бірақ ол ешкімге одан арылуға көмектеспейді. Сіз нормадағы қалыпқа келіп, сіздің ақыл –ойыңыз шашыраңқы болып көрінгенімен, әрбір мәселе сол қалпында дами түседі. Сіз өз қызғанышыңызды, ашу-ызаңызды, амбицияңызды түсінесіз, бірақ бұл түсінушілік қорытынды шығарып қана қою бола береді. Сондықтан Батыстың ұлы психологтары Шығыс мистиктерінен қалып қойған. Он мың жылдай уақытын Шығыс тапжылмай, зейінін адам санасын зерттеуге арнады. Ол ешқандай психологияға, психоанализге, психосинтезге жүктелмеді және оны он мың жылдай уақыт пайдаланбады. Шығыс сананы түсінудің орнына басқаша ықпал етті. Ол: «мен- сана емеспін» бағытын ұстанды. Ақыл күшінің пайда болуы әрбір адамның онымен сәйкестендіргеніне қатысты. Сондықтан себебін табу, көрген түсті анықтау, анализдеу, интерпретациялауды Шығыс азаматтары мақсатсыз деп қарастырды. Бірақ Шығыс ақылды айналып өтті. Ол ақылдың шығу себебін, түбірін іздеудің орнына, ақылдың қай жерден күш алатынын, күш-қуаттың оған қалай келетінін анықтады. Саналы түрде меңгеріп алу мен толық түсіну үшін « Мен тән де, ақыл да емеспін. Мен тіптен жүрек те емеспін- мен тек таза санамын» деген қағидаға негізделді. Бұл саналылық терең болған сайын қатая түседі де ақыл бірте- бірте көлеңкеде өмір сүре бастайды. Оның адамға ықпал ету күші жойылады. Егер сана 100% -айқындалса, онда ақыл жойылады. Ошоның ойынша Батыс психологиясының жетістікке жетпеуінің бір себебі мыңдаған адамдар психоанализ, терапевттік әдістер арқылы өтеді. Олардың біреуін, тіптен ол мектепті ашқан адамның өзінің шешілмеген мәселесі немесе үрей, қайғысы жоқ деп айту мүмкін емес деген. Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы сізде де бар. Сіз саналы тұрғыда өмір сүре бастаған күннен –ақ ақыл-ойдан босанасыз. Сонда сізге қызғаншақтықтың қайдан пайда болатындығын іздеу сіз үшін қажетсіз болады. Осы күнге дейін Батыс психологиясында медитацияға орын жоқ, Сол үшін бір шеңберді айналып, шешімін таба алмауда. Ал Шығыс жоғарыға көтерілу – сана, ақыл-ой үстіндегі күй- медитация деп қарастырған. Олар ақылды объект ретінде және өткен тәжірибегі негізделіп, жауабын табуды айна тәрізді етіп пайдаланған. Мысалы адам айнадан өзін ғана көреді, онда ес жоқ. Медитацияны қолдану да дәл айна тәрізді. Кез келген жағдай бейнеленетін болса, ол нақ осы шаққа сәйкес жауап береді. Адам өмірінде әрбір жағдай бір-біріне ұқсас болмайды. Бұрынғы жағдайлар мазмұны жағынан ұқсас болғанымен, шешілу жолы әртүрлі тәсілден құралады. Медитацияны пайдаланатын адамда ситуацияның өзі бір шешімге келуге ықпал жасайды.және алдын ала жауап дайындалмайды. Үнсіздікте және саналылықта ақыл жойылады. Саналылық адамның өзінің ақиқатын көруге негіз болады.Батыс психотерапияны қолданбаған. Олар тіптен психология немесе ақыл туралы тақырыпты қарастырмаған. Шығыстықтар ақыл мәселесін шешуді емес, керісінше ақылдан шығудың амалдарын іздестірген. Ақыл сіздің ең басты мәселеңіз, басқалары жай ақыл көлеңкесі. Медитация оны түбірімен жояды. Бүгінде гештальт терапияны, дауыс диалогын медитацияға әлі кірмеген адамдарға қолдануға болады.
Батыс еліндегі адамдардың ойлары әлі күнге дейін санаға аударылған. Сондықтан олар үшін материя шындық, ақыл қолданбалы өнім, ал ақылдан кейін ештеңе жоқ. Ал Шығыста материя иллюзия, ақыл қолданбалы өнім. Шығыс ақиқатына сүйенсек ол 3-ке бөлінеді.Сұрақ қоюшыға материя ең сыртқы, жан ең ішкі, ақыл екеуінің арасында орналасқандығын түсіндірген.
Раджниш Ошо өзінің табиғи болмысы мен ішкі пікірін ешқашан жасырмайтын болғандықтан, жаңа бағыттарды ұсынудан бас тартпаған, Ол білім жүйесіне қатысты мынадай ақпарат берді. Шығыста әрбір ойшылдардың білімі университеттегі біліммен тең келген. Ал оның мыңдаған шәкірттері нағыз өмірге тәжірибе жинақтағанға дейін дәріс алып, білімін толықтырған. Білім- көрсеткіш пен шама арасындағы көпір. Білім сізге кім болуыңыз керектігіне көмектеседі және өз-өзіңізді өмірге дайындауыңызға ықпал жасайды. Әрбір адам қайталанбас ерекшелік болғандықтан, өзге адамның қасиеттерін көшірме ретінде қайталауының қажеті жоқ. Жалпы білім сөзі екі мағына береді. Бірі тәжірибеде қолданылмаса да кеңінен қарастырылады. Оның мақсаты адамның ішкі әлемінде бар қасиеттер мен потенциалдарды сыртқа шығару. Ал екінші мағынасы тереңірек қарастырылғандықтан онда: « қараңғылықтан жарыққа шығару» деген ұғымға ие болады. Адам қараңғылықта, санасыздықта өмір сүреді, бірақ ол өмірін жарықпен қамтамасыз етуге қабілетті. Әрбір адамда сана бар, оны тек ояту қажет екенін түсіндірген.
Ошо қазіргі таңдағы білім берудің бес өлшемін былай бөліп көрсеткен.
Бірінші этапқа ақпараттық, бұған көптеген пәндерді енгізумен қатар теледидар мен компьютерлік қызметті қосқан.
Екінші бөліміне, теледидар мен компьютерді іске қосумен қатар гидтің көмегінің аса қажеттілігін айтқан. Дәл осы этапта ғылыми дисциплиналар оқытылуының себебі мұнда ақиқаттың жартысы мен оның сыртқы бөлігі терең қарастырылады.
Ошо үшінші этапқа қазіргі таңдағы оқу жоспарына енгізілмеген, яғни өмір сүру өнері пәнін енгізу керектігін айта отырып, оған күлкіні жатқызады. Себебі білім адамды салмақты және мұңды етіп көрсетеді деген. Егер адам күлкі тілін ұмытса, өмірде көп нәрсені жоғалтады, деген.
Төртінші деңгейде өнер мен шығармашылық, бейнелеу өнері, музыка, тас қашау т.б. жатқызған. Ошо оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің кез келгенін өз қалауы бойынша таңдауына еркіндік беру нәтижелі болатынын аса қажетті дей келе, тек кейбір пәндерді міндетті түрде: халықаралық тіл, шығармашылық, ақша табу өнері оқытылса адамдар өмір сүруде қиыншылық көрмес еді дейді.
Бесінші деңгейде жер бетіндегі миллиондаған адамдардың қабылдауына қиын соғатын өлім туралы мағлұмат беру және оны түсіндіру үшін арнайы медитация курстарын пайдалану керектігін айтады.
Қазіргі таңда Ошоның ілімдері әмбебап. Ол мистикадан бастап, адам үнемі ізденісте болған барлық сұрақтарға жауап тапқан. Ошоның кітаптары қағаз бетіне жазылмаған. Олар аудио- видеожазбаларда жазылып, дүние жүзі таңдаушыларына ауызша әңгімелеу әдісі ретінде қолданған. Ошо есімі революционер сөзімен қатар жүргеніне қатамастан, оның қазіргі заманға лайықты «Белсенді медитациялары» бүкіл әлемдегі адамдарға стрестен шығып медитация күйіне өтуге ықпал жасаған. Ошоның бұл дүниеде жоқ болуына қарамастан, оның есімі ел есінде мәңгілікке қалған. Бүгінде Үндістанның Пуна қаласында Ошоның халықаралық коммунасы құрылған. Ол жер қазір жаңа рухани лабораторияға айналды. Бұл орталыққа мыңдаған адамдар медитациядан семинарлар, терапиялар, шығармашылық қабілеттері мен өз тәнін түсіну үшін келеді. Ошо коммунасы университетінде 10 факультет ашылған. Онда:
Ошо шипалық өнердің халықаралық академиясы
Ошо медитациялық академиясы
Махаббат пен саналылық академиясы
Ошо мистицизм мектебі
Тибеттік пульстік диагностикалар мен шипалық институттар
Ошоның трансформация орталығы
Ошо медитациялық клубы ашылған.
Бұдан медитацияның адам өміріне өте маңызды екенін байқаймыз.
1.3 Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы
Алғашқы психика туралы ұғым анимамен (лат.«анима»-рух, жан)-байланысты. Ол барлық тіршілік иелерінде жан бар деп қарастырған. Уақыт өте келе ежелгі философиялық ілімдерде психикалық аспектілерді идеализм немесе материализм тұрғысынан анықтай бастағандықтан, ежелгі материалист- философтар Демокрит, Лукреций, Эпикур адам жанын шар тәрізді майда және қозғалыссыз атомдардан құралады деп тұжырымдаған. Ал ежелгі грек идеалист философы Платон (б.э,д, 427-347жж.) жан мәңгілік, ол тән мен жан бір-бірімен тығыз байланысады. Өзінің жаратылысынан жан -тәнді басқарады деген. Ұлы философ Аристотель «Жан туралы» трактатында психология ілімінің өзіндік ерекшелігі бар саласы ретінде қарастырып, алғаш рет жан мен тәннің бөлінбейтіндігі туралы ой қозғаған.
Психологиялық ілімнің дамуының жаңа кезеңі VIIғ. бастау алғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының көмегімен тәжірибелік –эксперименталдық әдістер арқылы адам санасының заңдылықтарын зерттеу қолға алынған. Ол кезеңде ойлай алу мен сезіну қабілетін сана деп қарастырғандықтан, психология сана туралы ғылым ретінде дами түскен.Ал өз пікірінде Р.Декарт (1596-1650) адам жаны мен тәнінің арасында өзгешеліктер бар деген қорытындыға келген. Сонымен қоса тән де қозғалыс жасай алатынын айтқан. Ол заманда мұндай көзқарастар қарама-қарсы дуалисттік ілімдер көкейкесті мәселелер туындатқан. Адамдарды тәндік (физиологиялық) және психикалық (ішкі сезімдік) процестер қалай байланысатындығы туралы сұрақтар қатты мазалаған. Өз өмір сүру барысында Декарт механикалық модель негізінде құлықты түсіндіретін теорияны жасап шығарған. Ол құлықтың детерминистік концепциясын сыртқы физикалық әсерден ағзаға қимылдық заңдылық арқылы жауап қайтаратын зерттеген. Сол себептен «жан» ұғымы «ақыл», кейінірек «сана» ұғымына ауысқан. Тән мен жанды қайта байланыстыруға Голландия философы Спиноза (1632-1677) әрекет жасады. Ал неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) Декарттың қалыптастырған психика мен сананың теңдігіне қарсы шығып, санасыздық психика ұғымын енгізді.
Психология өзіндік ғылым ретінде I ғ. 60-шы жылдары бөлінгендіктен, ол арнайы ғылыми зерттеу мекемелері мен психикалық лабораториялардың жоғары оқу орындарында кафедралардың, психологиялық құбылыстарын эксперименттік тұрғыда зерттеген. Бірінші нұсқалы эксперименттік психологияны неміс ғалымы В.Вундт(1832-1920) Лейбцигте ашқан.
Функционалисттік бағыт.
Американ психологы У.Джеймс адамның сана қызметі мен оның қызметінің рөлін зерттеуге аса мән берген. Ол адам санасының түрлі жағдайларға үйренуі мен жаңа әрекетті игерудің гипотезасын жасаған. Жалпы функционалисттер үшін психология сана қызметін зерттейтін ғылым. Олар интроспекция, тапсырманы орындау уақытын пайдалану әдісін қолданған.
Ресей психологиясының тарихында Г.И.Челпанов (1862-1936) үлкен рөл алады. Оның басты үлесі Ресейде психологиялық институтты (1912) құруында. Психологиядағы эксперименталды бағыттағы объективтік әдістерді зерттеуде В.М.Бехтерев (1857-1927) зор ықпал жасады. Ал И.П.Павлов еңбектері ағза бөлшектерінің шартты –рефлекторлық байланысын зерттеуге бағытталады. Оның еңбектері психолоиялық іс-әрекеттердің физиологиялық негіздерін түсінуге бағытталды.
Бихевиористтік бағыт.
Американ психологы Уотсон 1913 жылы психология объективті эксперименталды әдістерді зерттегенде ғана ғылым ретінде аталынуы құқылы деген. Сондықтан ол әрбір жағдайға сәйкес келетін құлықты анықтайды және оны объективті белгілейді. Бихевиористтік бағытты ұстайтындар үшін психология мінез-құлық туралы ғылым, ал санамен байланысты ұғымдарды психологиядан алып тастау керектігін айтады.
Гештальт психология.
Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен К.Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың психология ғылымына қосқан үлесі психологиялық бейне ұғымын өңдеу мен психологиялық құбылыстарға жүйелі ықпал етуінде.
ғ. басында психология ғылымында психоанализ немесе Фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психологияға қажетті тақырыптарды: санасыз мотивация, психиканың қорғаныс механизмдері, сексуалдылықтың рөлі, балалық шақтағы психологиялық жарақаттың ересек шақтағы мінез-құлқына әсер етуі т.б. енгізді.
Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және Э.Фромм. Бұлардың барлығы Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер).
Психологияның аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері –Дж. Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.[50,46]
Гуманисттік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Гуманисттік бағыт көрнекі өкілдерінің бірі Абрахаам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясының есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Ч.Дарвиннің теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та күшті хайуанаттар өмір сүруге бейімді деген Ч.Дарвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкті адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адамның өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. Сырқаттың өзі де адамның осы мүмкіншіліктерінен дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр. Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашудың (самоактуализация) мәні не? Маслоу пікірінше, бұл тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманисттік қажеттіліктерді іске асыруда белсенділік көрсету.
Маслоу бірінен -біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1. Физиологиялық қажеттіліктер. 2. Қорғаныс қажеттіліктері. 3. Қорек тағамдық қажеттіліктер, осылардың бәрінен жоғары –адамгершілік қажетсінулер, яғни 4. шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.
Трансперсоналды психология адамды рухани ғарыштық тіршілік иесі ретінде және әлеммен, ғарышпен, адамзатпен тікелей қатыстығын қарастырады. Сонымен қоса ақпараттық ғарыштық алаңға кіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол адамның санасыз психикамен байланысты болатынын, оған адамзаттың «санасыз ұжымының» ғарыштық ақпараттық «әлемдік санасымен» байланысты болатынын жатқызуға болады.
Кеңестік дәуірдегі психология өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамытты. Психология пәнін материалисттік тұрғыдан түсінудің негізгі үлкен идеялық –теориялық күрес барысында қаланып, әдістері белгіленді. Аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.А.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запарожье, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Смирнов, Д.Н.Узнадзе және басқалар болды. Бүгінгі таңда Ресей мемлекетінде психологияның сан түрлі саласында қызмет ететін ғалымдардың саны шексіз.Әсіресе эзотерикалық ілімдерді, парапсихологияны,трансперсоналды психологияны зерттеуде жаңа ғылыми ақпараттарды ашуда. Солардың ішіндегі шығу тегі эзотерикадан бастау алған ежелден бері келе жатқан психологиялық техникалардың бірі гипнозды айтуымызға болады. Бүгінде оның түрлі әдіс-тәсілдерін мына психотерапевттер қолдануда: Е.Н.Довбня, Ф.Е.Рыбаков, В.Н.Коротко, П.П.Подъяпольский, А.И.Яроцкий, А.Ф.Лазурский, Ю.В.Каннабих, В.М.Нарбут, Ф.Д.Неткачев, В.А.Гиляровский, М.П.Кутанин, М.В.Стрельчук, Д.В.Кандыба т.б. Жалпы гипноздың кең тараған жерлері ретінде Батыс Еуропа мен Американы мысалға келтіре аламыз. Ал Шығыс елдері болса, ежелден келе жатқан медитациялық әдістерді пайдаланады. Ендігі кезекте Америкалық гипноздың қалай дамығанына көшейік.
Адамзат тарыхында көп жылдар бойы күмәнді әрекетке қызығушылық танытқан гипнозды зерттеген ғалымдардың мансапқа(карьера)жетуіне кедергі жасады. 1875 жылы Францияда Месмердің талабын зерттеу үшін арнайы жиналған корольдік комиссия қорытындысы Месмердің жақсы атағының күл талқанын шығарды. Гипноз және гипнозға қатысты құбылыстарды зерттеуге бел буған Шарконы құрметтеушілердің көпшілігі осы кезден бастап онымен қатынастарын тоқтатты. Керемет мінездеме алған доктор Джеймс Эсдэйлге (1847) гипнозды хирургияда қолданғаны үшін қызметтік өсуіне тиым салынды. [18,337]
Зигмунд Фрейд гипнозды зерттеу процесінде кездескен көптеген кедергілер мен қиындықтардың нәтижесінде гипнозды зерттеуден бас тартты. Оның шәкірті К.Г.Юнг гипнозға қызығушылығын жоғалтты. Өйткені ол бұл құбылысты қадағалай алмағандықтан, оның әсерін түсіне алмады. Осы салаға қатысты жазылған және мұра етіп қалдырылған Джеймс, Жане т.б.гипноз туралы еңбектері ғалымдардың арасында сенімге ие бола алмады.Себебі ол медициналық ғылым мен тәжірибелік парадигмалық негіздеріне сәйкес келмеді. 20-шы жылдары гипнозды зерттеуді шындап ізденуді және оның теориялық оқытудың әйгілі маманы болып Кларк Л.Халл(1933) саналды. 1923 жылдардың соңында Висконсинаның түлектеріне гипноз саласындағы өзіндік жетістіктерінің қыр-сырын көрсету үшін, Халл Эриксонға гипноздан семинар өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Халл гипноздың әсер ету әдістерін бірыңғай стандартқа сәйкестендіріп келтіруге ұмтылған болса, ал Эриксон оған ұмтылыс көрсетпеді. Қайткенде де олардың өзара қарым-қатынасы жалғасын таппады. Эриксонның ерекше қабілетті адам жөніндегі даңқы кеңінен тарады. Ол Мендота мемлекеттік емханасының медициналық қызметкерлерімен психологтарына гипноздан сеанс өткізуге шақырылды.
Мильтон Эриксон 1901 жылғы желтоқсан айының 5-і күні Невада штатына қарасты алтын іздеушілер елді мекенінде дүниеге келді. Эриксонның ерте балалық шағы өте ауыр өтті. Оның есту қабілеті бұзылған және толық түсті көру қабілеті зақымдалған. Оның есту қабілетінің бұзылғаны соншалықты ән айтуды айқай-шу ретінде қабылдады. 17 жасында Эриксон полиомиелитпен ауырып, соның әсерінен жартылай сал (паралич) болып қалды. Оған өмір бойы төсек тартады деген болжам жасаған. Бірақ ол он жылдық үздіксіз жаттығулардың нәтижесінде, жүру қабілетін қалпына келтірді. Осындай өмірлік тәжірибесі оның байқағыш қабілетін ерекше дамытты. Ол вербалды емес белгілерді, ым-ишараларды, дене қимыл белгілерін тез қабылдап, дұрыс талдай алатын деңгейге жетті. Эриксон өзінің дарындылық қабілетінің арқасында дұрыс диагноз қоюды дамытты және науқастарды жоспарлы түрде емдеу жолдарын жетілдірді. Висконсина университетінде дипломын қорғаған Эриксон Колорадодағы медициналық университетінің колледжіне түсіп, 1928 жылы медицина ғылымының докторы атағын алды. Интернатурадан кейін ол алғашында Колорадодағы психиатриялық емханасында Роуд-Айлендегі мемлекеттік емханасында, содан соң Ворчестердегі (Массачусетс) штатындағы мемлекеттік емханасында жұмыс істеді.Ворчестерде Эриксон өзінің тәжірибелік және клиникалық зерттеулерін жалғастыра отырып, немесе психиатрияның түйінді мәселелері жөнінде көптеген қызықты мақалалар жариялады. 1934 жылы Мичиган штатына қарасты Вейн аумағындағы Элоизедегі орталық әскери госпитальға ғылыми зерттеулер жөніндегі директор қызметіне шақырылып, психиатрия жөнінде дәріс берді. 1948 жылдың шілде айында ол 46 жасында бірнеше жылдық ауру мен аллергиядан кейін, ол университеттік мансапты қойып, Аризона штатына қатысты Фениксте жеке тәжірибемен айналысты.Сонымен қатар Мичиган мемлекеттік университетімен Вейн мемлекеттңк университетінің аколледжінде қызмет атқарды. 1953 жылы52 жасында Эриксонның полиомиелит дерті қайталанды. Ол өмір бойы мүгедек арбасына тәуелді болды. Бірақ жоғарыдағы аталынған қиыншылықтарға қарамастан, Эриксонның гипнозға деген қызығушылығы жойылмады. Қайтыс болғанға дейінгі соңғы 28 жылдар аралығында ол жұмысқа деген белсенділігін жоғалтпай, шығармашылық ізденістермен қатар лекциялар оқыды, түрлі кеңес беріп емдеді. Тәжірибелік зерттеулер жүргізіп психотерапиямен көбірек айналысты. Эриксон гипноз арқылы танымдық процестердегі өзгерістерге сонымен қатар елестетушілік (галлюцинация) түстерді көрудің себептерін анықтады. Өзінің зерттеулерінде ол гипноздың әсеріне баға беру барысында көпшілікке танымал Ишихараның түстік соқырлық тестін қолданды. Бұл тестте зерттеушілерге бірнеше топ әртүрлі түстік дақтармен бейнеленген сандар ұсынады. Сандарды дұрыс оқып шығу үшін адамға дұрыс түстік көру қабілеті қажет. Ишихараның стандарттық тестінде 3 деген сан қызыл түспен бейнеленген. Қызыл түске деген соқырлықты сендіру арқылы қызықты жайттарды анықтады. Осыған байланысты зерттелушіге қолындағы саусақтардың санын санап беруін ұсынған кезде, олар 3 деп атап бере алмады және қызыл түсті сезінбеді, көрмеді.
Эриксон өзінің клиникалық зерттеулерінің барысында гипноз арқылы таңдамалы жартылай немесе толық саңыраулыққа (глухота) сендіру мүмкіндігін көрсетті. Гипноз арқылы саңыраулыққа сендіру үшін ол өз тәжірибелерінде классикалық шартты рефлекстер әдісін қолданды. Баршамызға мәлім электр тоқтың әсерінен адамның бұлшықеттері жиырылады. Сондықтан ол электр тоқтың орнын дыбысты қоңыраумен алмастырады. Өзінің зерттеулерінде зерттеушілерге гипноз арқылы саңыраулыққа сендіріп, қоңырау шалған кезде шартты рефлекстер тежелініп, бұлшықеттердің жиырылуы байқалмайды. Зерттелушілердің есту қабілетін қалпына келтірілгеннен кейін, олардың тітіркену қабілеті орнына келетінін байқауға болады. Гипноз тәсілдерін қолдану арқылы физиологиялық процестердің өзгеруін байқаған ол тәжірибелік зерттеулер барысында сілекей шығару реакциясын қоздыру немесе тежеу, созылмалы конфеттерге теңдестіруге сендіру, қолдарын ыстық немесе салқын суға батыруға сендіру арқылы қолдың температурасын жоғарылатуға немесе төмендетуге болатынын дәлелдеп көрсетті. Өзінің өмірінде түрлі аурулардан қатты қиналған ол гипнотерапияға үлкен жауапкершілікпен талдау жасады. Сондықтан ол ауруды сезінбеуге сендіру мен реттеуге бағытталған көптеген әдіс –тәсілдерді жетілдірді. Өзінің гипноздық тәсілдерін қолдану арқылы уақытты қысқарту және ұзарту арқылы емделушілердің іскерлік қабілетін арттыруға негізделген тәжірибелер жүргізді. Мысалы: зерттелушілерге 10 минут аралығында қаптағы мұз кәмпиттерін (леденцы) санын есептеу тапсырмасы берілді. Әдеттегі есептеу жылдамдығы минутына 59 мұз кәмпиті болса, гипноздың әсерінде болған бір адам 10 секунд аралығында 401 мұз кәмпитін есептеп шыққан. 1933жылы Эриксон әйгілі антрополог Эдвард Сепираның семинарында күнделікті психопатологиялық әдістерін гипноз арқылы қолданылуын көрсетті. Мысалы: бір ер азаматқа гипноз арқылы неміс ұлт өкілдерінің ерлері өздерінен екі дюймнан жоғары әйелдерге үйленетіндігі жөнінде сендірілді. Гипноз ұйқысынан тұрған соң оның көзқарасының, сенімін өзгертуге бағытталып қолданылған барлық айла-тәсілдер нәтижесіз аяқталды. Ол көпшілікті неміс ұлт өкілдерінің ерлері өздерінен биік әйелдерге үйленетіндігін дәлелдемек болды. Тек қана гипноз арқылы зерттелінушіні қайтадан өз сенімінен бас тартуын сендірді.
Американдық гипноздық емдеу техникалары. М. Эриксонның әдістері.
М.Эриксонның пікірінше гипнозға берілмейтін адамдар болмайды. Кейбір гипнозшылар барлығына бір ғана шаблонды әдісті қолданады. Себебі олар гипноздың басқа тәсілдері мен техникасын меңгермеген. Эриксонның тәжірибелерінде әр түрлі әдістер мен комбинацияларды теру арқылы және емделушілердің жеке ерекшелігіне сәйкес тиісті әдіс қолданған.
1. Ауызша икемдеу және жүргізу –вербалды қозғалыс пен емделушінің вегетативтік реакциясын бақылау.
2. Вербалдық емес икемдеу және жүргізу гипнозшы мен гипнотиктің –тынысын синхронизациялауы, сөз бен тыныс ырғағын, қозғалысын сәйкестендіру содан соң гипнотикті сирек ырғаққа ауыстырады.
3. Жүйелі түрде сенсорлы –репрезентативтік жүйені қондыру (« сіз сезесіз», «сіз менің даусымды жақсы естесіз»т.с.с.).
4. Алдыңғы транстық жағдайын еске түсіру жаңадан кәдімгі қалпымен кездесетін транстық хал - жайын еске түсіріп жасау және бекіту(мысалы жағажайдағы дем алыс кезіндегі, көлікте жүрген кезде т.с.с.).
5.«Якорь» әдісінде гипноздың бірінші сеансында транстық жағдайындағы санасы мен шартты түрде қалыптасқан сыртқы себепшімен байланысты. Кейінірек себепшіге еске түсіру жеткілікті болады (мұнда бір дыбыс, орындыққа жайғастыру, емделуші денесінің белгілі бір жеріне қолмен жанап өту т.с.с.).Трансқа нысаналау .
6. Кәдімгі трансқа ену кезеңінде байқалатын реакцияларды баяндау.
7. Тетікті нысаналау- гипноздалушыға- қолдарын өз денесінің алдына созып, ақырын қолын түсіруін трансқа енумен байланыстырады.
8. Шаблонды ажырату – автоматтандырылған іс-әрекетіне жүргізілген мақсатты үзіліс шоктық транс жағдайына алып келеді.
9. Ақпараттық шамадан тыс жүктеу әдісі. Оның негізі адамның бір сәттегі саналы түрде 7+ - 2бірліктен артық ақпарат қабылдай алмайды. Шамадан тыс жүктеу кезінде транстық жағдай пайда болады.
10. Бір уақыттағы ретсіздік жүктеу сенсорлы презентативтік жүйесі (мысалы: адамға жүйелі түрде 343 –тен 7 санға дейін алуды немесе бір бейнені елестетуді ұсынады.) Гипнозшының тиянақты тапсырмасын орындалуының келесі нұсқасы. Жылдам ырғақта бір-біріне қарама-қарсы нұсқауларды орындау.
Милтон Эриксон гипноз барысында нысаналы түрде ауызша арбауды пайдаланған.
Себепті пресубпозициялық -күдікті тудырмайтын алдын ала болатын реакцияны болжап, баяндау. Мысалы: «Қолыңызды түсіргіңіз келмес пе екен. Сонда сіз транстық күйге ене бастайсыз».
Пресубпозицияны жалған талдау: «мүмкін сіз таң қаларсыз, денеңіздің қай бөлігі бірінші болып босайды. Оң жағы ма, әлде сол жағы ма».
Бос жіберілген пресубпозицияның шарттары: «сіз денеңізді босаңтуыңызға болады».
Тізбектелген бұйрықтар : «сіз әлде де транстың зор мәніне көзіңізді жұмғыңыз келеді ме». Тізбектелген бұйрықтарды интонациямен үзіліспен, дене қимылымен белгілеуге болады.
Негативті бұйрықтар: «әсерлі дене сезіміне толығымен еніп кетуге талпынбаңыз».
Сөйлесу жорамалдары: «көзіңізді жұма аласыз ба» дәл осыған сәйкес «иә» немесе « жоқ» деген сұрақтарға негізделген.
Синтаксистік бұлдырлық: «жақын арада сіз толығымен өзіңізге ыңғайлы жайда отырғаныңызды сезінесіз, менің дауысымның дыбысын естисіз, терең трансқа енуге икемделіңіз». Гипнотик арбаушының бұлыңғыр синтаксистік сөздерін естиді саналы түрде қабылдап, трансқа енеді.
Семантикалық бұлдырлық- 4-ші тармақта тікелей мағынада қолданған «көзіңізді жабыңыз» сөздің астарлы аталуы. «Гипноз күйіндегі адам жаңа тәжірибемен білім алуды қажет етеді. Олар оны өмірлік қиындықтардан шығу жолдарын табуға пайдалану үшін үйренгісі келеді. Ол сіздің қолыңыздан келеді». Эриксон мақсатты түрде осындай ауызша сөздерді трансқа икемдеу үшін пайдаланады.
Мөлдір метафоралар- гипноздалушыға қажетті реакциясы жансыз денелер мен заттарға, басқа адамдарға айтылған нәрсені соған арналған деп қабылдауы. Мысалы: «сіз ұстап отырған кітабыңыз оқырмандардың Эриксон гипнозының негізгі қағидаларын үйреніп алуға ұмтылғандарға түсіністікпен қарайды».
Жазбаша мөлдір метафоралардың қорытындысын тырнақшаға алу: «сіз трансқа икемдеу әдістемесін үйреніп болмайынша, гипнозбен айналыса алмайсыз» осы сөзді оқығандар гипнозды сәтті игере алады, алайда гипноздың көптеген қыр –сырлары оған беймәлім болып қалады.
Сонымен біз М.Эриксонның қолданған әдістерінде тек қана қарапайым, өз пікірін басқаға жүктемеуге арналған, баршаға белгілі ауызша психологияляқ гипноз элементтерінің техникасын пайдаланғанын көреміз.Сондықтан Эриксонның гипноздағы тәсілі орыстардың психотехниктері мен салыстырғанда мүлдем адамның эмоциялық жайын ескермейді. Гипнозшы қалыптаспаған бұлыңғыр сөздерге бейімделген. Эриксон гипнотикалық трансты емдік фактор екендігіне сеніп, емделушінің өзін-өзі емдеудің психофизиологиялық механизмі екеніне күмән келтірмеген. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін гипнотерапевттің көмегі қажет. Ол қатаң гипнозға қарағанда қарапайым емдік сөздер қолданады. Эриксон өз сөзінде: «әр адам дәлірек айтсақ оның миы өзінің түйінді мәселелерін шешу жолдарын біледі, керек десеңіз шешімін білмегеннің өзінде де» адамның ішкі психикалық және физиологиялық ресурстарына байланысты болдады деген.
Эриксон жиі «ресурстар қазынасы » әдісін пайдаланған. Сіз есікті ашасыз, сіздің алдыңызда кең бөлме тұр, мұқият қараңыз, бөлмеде сізге қажетті заттар немесе адамдар болуы мүмкін. Олардың сіз қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмегі тиіп қалуы ықтимал. Мұқият болыңыз және есіңізде сақтаңыз. Сізге не пайдалы болуы мүмкін. Бұл бөлмеде қанша уақыт қажет болса да қалыңыз. Ал егер сіз жеткілікті білім мен тәжірибе жинақтасаңыз оң қолыңызды асықпай көтеріп белгі беріңіз.
Келесі Эриксонның қолданған әдістерінің бірі «уақытқа саяхат» немесе «хрустальды шарлар». Бұл әдістердің негізі төмендегідей :адамнан «бейне жетістігін елестетуге сұранады содан соң оны гипнотикалық трансқа енгізеді. Доға тәрізді орналысқан жеті хрустальды шарларды және өз мақсатына жеткісі келген талапкердің өзін орталық шарға елестетуін ұсынады. Содан соң гипнотикпен бірте-бірте, шардан –шарға оң жаққа жылжу барысында қойылған мақсатқа жету жолындағы орын алған кері тартпа оқиғаларды еске түсіреді. Бірінші төрт бейнесін салыстырудан кейін гипнотикке ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айқындаған соң сол жақтағы ең шеткі шардағы жетістік бейнесінде өзін қойып, алтыншы шарда қойылған мақсатқа қалай жеткендігін, ал жетінші шарда мақсатқа жету жолындағы жасалған іс-әрекетін елестетуі. Бір шардан екінші шарға қадамдап көшу тек қана алдын ала гипнотикпен келісілген белгілер (басын изеу, қолын көтеру т.с.с.) немесе орындалғандығы жөніндегі нұсқаулары арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс гипнотикке төмендегі ұсыныспен аяқталады. 7 шарды кемпірқосақпен немесе алтын лентамен бір-бірін қосу және транс кезінде сезілген нәрселерді санасынан алып тастап, ұмытуды ұсынады.
1
7
6
5
«Маятник немесе сағат тілі» әдісі.
Бұл әдіс негативтіктен, позитивті синтезге ауысуына көмектеседі. Мысалы: өз іс-әрекетіне сенімсіз адамға сезім. Дыбыс және белгілермен байланысты екі тізім құрастыруды ұсынады. Бірінші тізімде сәтті орындалған іс-әрекет барысындағы уайымы, екіншісінде іс-әрекетті орындай алмауы барысындағы сәтсіздіктен кейінгі уайымы. Гипнозшы денесін сәл еңкейтіп бірінші тізімін адамның сол жағынан оқиды. Содан соң екінші тізімдегі сөздерді сәл еңкейіп оң жағанан оқиды. Үшінші қадам тура отырып кез келген ретте екі тізімдердегі сөздерді оқиды.
Жұмыс барысында М.Эриксон өзінің емделушісіне әртүрлі әңгімелер айтып, кірістірілген хабарламалар мен бұйрықтарды қолданған. Кейбір жерлерін дауыстың ырғағымен қолдың қимылымен белгілеген. Эриксон 1980 жылдың 25-ші наурызында жұқпалы аурудан қайтыс болды. Оның теориялық ізденістерін шәкірттері жалғастырды. 1988 жылдың шілде айында Эриксонға және оның мектебіне арнайы шыққан журнал басылып шықты. Оның көптеген еңбектері мен мақалалары жарияланды. Доктор Зайгтың Эриксон психотерапиясы жөніндегі екі томдық еңбегі жарық көрді. Эриксонның түсінігі бойынша гипнотикалық транс –бұл психиканың әр түрлі өзгерістер мен жаңа білімді қабылдауға бейімделу кезеңі. Психотерапевт өзін емделушіден жоғары қоймайды. Өзіне бағындырмайды. Емделуші өзі-өзін бақылау қасиетін сақтайды. Ол адамның транстық жағдайда санасыз түрде оқуға бейім болатындығын атап көрсетті. Эриксон әр түрлі техникаларды қолданудан гөрі жеке адамға ерекше мән берді. Трансты ол екі адамның арасындағы өзара тең қатынас деп есептеген. Ешкімді ешкім басқармайды. Сіздер естіген шығарсыздар адамды ұйқыдан айыру, тамақтың, судың, дәрумендердің физикалық қозғалыстардың жетіспеушілігі неге әкеліп соғатындығын, транстың қажеттілігін біз түсінбейміз. Бірақ біздің санамыз транс кезінде ішкі психикамызды қайта құрып қажетті іс- әрекетке бейімдеп өзгертеді. Трансқа ену қабілетімізді қайта қалыптастырып, біз өмірдің әр түрлі өзгерістеріне бейімділігімізді қалыптастырып, өтпелі кезеңнен жаңа кезеңге оп-оңай өтеміз. Трансқа ену барысында біз ежелгі емдеу дүниесіне қосыламыз. Эриксоннан гипноз не екенін түсіндіріп беруін сұранған кезде ол: «гипноз бейнелерді тасымалдау » деп жауап берген. Бейнелер біздің өмірімізді басқарады. Карл Прибрам әйгілі ғалым нейропсихолог «Бейнелер жетістігі »деген терминді енгізді. Адам психикасы терең бейнелер жетістіктері арқылы өзін қайта құрып, адам өмірінің жаңа бағыттарын айқындайтындығын дәлелдеді.Бұл ережеге сәйкес терең бейнелер өзінің тұрақтылығымен ерекшелінеді. Д.Н.Узнадзе бұны құрылым деп атады. Олар екі жағдайды өзгертуі мүмкін.
1-сі адамның релаксация кезінде қимылсыз отырып өзінің ішкі дүниесіне үңілу.
2-сі бұл бейнелерді өзгерту үшін ритмикалық қозғалыстарды қолдану кезінде (билеу, жүру, жүгіру) стресс кезінде адамның көңілі солғын, бұлшықеттеры босаңсиды, тыныс ырғағы өзгереді, тарығады, қысқа мерзімге тоқтап қалуы да мүмкін.Адамның миына оттегі де, аз мөлшерде жеткілксіз беріледі. Осы кезеңде адамдар жаңа бір бейнелердің жетістіктеріне мұқтаж болады. Жаңа армандар мен мақсаттарға сәйкес өз өмірлерін бағыттауға адам физиологиясы бұл бейнелерді құруды мүмкінсіз етеді. Адамның санасы стресстің қиыншылықтарын жеңілдетуге тырысады. Ол жаңадан шеңберлерді жасау төңірегінен шыға алмай, жаңадан қиындық жағдайларын туындатады. Адамды белгілі бір траекториямен ұшырылған ракетамен салыстыруға болады. Ол өзіне «маған не қажет?» деген сұрақ қоюға қабілетсіз болады. Сондықтан транстың бір мақсаты адамға физиологиялық жағдай жасау арқылы адамды стрестен шығару үшін жаңа бейнелерді қалыптастырады, өз өмірін басқа бағытқа бейімдейді. Адам транс кезінде өзімен өзі түйінді мәселесі жөнінде пікірлеседі. Бұл түйінді мәселені шешу барысында ол бір диалогты қайталай береді. Бірақ белгілі бір кезеңде адамның санасы өзінің ішкі ресурстары мен тәжірибесіне үңіліп, өз көңілін шектеулі алаңмен «түйінді мәселелер» жүйесін тарылтады. Осы түйінді мәселені шешу үшін сіз осы жоғарыда аталынған тұйық шеңберге қосылып, оның шешімін табу жолдарын өзіңіздің емделушіңізбен бірге іздейсіз. Әр адам өзінің қажеттілік тәуелсіздігін сақтағысы келеді. Сіз басқа адамның ішкі дүниесіне оның түйінді мәселеріне қосылдыңыз. Емделушімен бірге үйлесімді қызмет барысында сіз оның санасын, көңілін оның ішкі дүниелік тәжірибесіне үңіліп оның санасын ішкі ресурстарға жетелейсіз. Сіз ешқандай нұсқау ұсынбайсыз. Милтон Эриксон өз әріптестеріне қарым-қатынас формуласын шығарды, ол : «Қосылыңыз, бекітіліңіз, жүргізіңіз» . Сіз кез келген аданың сырттқы әрекетіне қосыла аласыз ол үшін сіз өз даусыңыздың ырғағын әріптестің тыныс ырғағы мен сәйкестендірсеңіз болды. Сөзіңіздің ырғағын өзгертсеңіз, әріптесіңіз де соған ереді. Дәл сол сияқты өзіңіздің қолқимылдарыңызды әріптестің тыныс ырғағымен сәйкестендіруге болады. Келесі әдістің бірі -вербалдылық әріптесіңіздің қазіргі кездегі уайымына қатысты оған қосылу. Мысалы: «Сіз маған қараған кезде күлімсірейсіз, сіз мен сөйлеген кезде менің даусымды естисіз » бірте-бірте ауысу адамды бір күй жағдайдан өзгерген жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Адамның дүниені танып білудің 5 тәсілі бар. Біз көреміз, сеземіз, естиміз, иіскейміз, дәмін татып көреміз. Осы жолдар арқылы алынған, кодталған ақпараттарды миымызда бейне, дыбыс, сезім, иіс, дәм ретінде сақталуы репрезентативтік жүйе деп аталынады. Егер сіз адаммен сөйлесіп, оны түсіне білсеңіз оның репрезентативтік жүйесін пайдаланып,оның тілін тапсаңыз сіз оның сенім жолын табасыз. Әріптесіңіздің көңіл-күйін, уайымын, анықтасаңыз оның репрезентативтік жүйесін ойлау қабілетінің түрін білсеңіз сіз оған «енуге болатын кілтін» таба аласыз. Әдетте ол «кілттер» санадан тыс қабылдау шеңберінде орналасады. Бұл белгілер немесе «енуге болатын кілттер» таңдап алынған сөздерді іске қосады. (предикаттар), көз қимылдары (каттерн), және тыныс паттерні терісінің түрі, бұлшықеттерінің босаңсуы, сөздің ырғағы. Осы «кілттер» адамның қалай ойланатынын және қандай реттілікте репрезентативтік жүйені қолданатынын көрсетеді. Бұл жүйе басқалардан гөрі жиі адамның артығырақ көретін репрезентативтік жүйесі деп аталынады. Сондықтан бір адамдар анық бейнелер мен суреттерді бейнелейді. Ондай адамдарды визуалист деп атайды. Басқа біреулер өзі-өзіне іштей түсінік беріп, басқаларды тыңдағанды жақсы көреді. Оларды аудиалист деп атайды. Ал өзінің іс-әрекеттерін көп жағдайда өзінің ішкі сезімімен байланыстыратындарды кинестетиктер деп атайды. Өз зейініңізді адамның таңдаған предикаттарына сәйкес сіз ақпарат жинайсыз алдыңызда отырған адам ол визуалист, аудиалист немесе кинестетик па. Визуалисттер өз сөздерінде төмендегі предикаттарды пайдаланады «мен сізді не мазалап тұрғанын көремін. Мен оны көз алдыма елестете аламай тұрмын». Аудиалисттер төмендегі предикаттарды қолданады: «Бұл дұрыс айтылған, сіз мені мұқият тыңдап, қызметке шыңдап кірісуге көңіл аударыңыз». Кинестетиктердің қолданатын предикаттары «менің жаныма ауыр тиюде», «қазіргі уақытта салықты аяқтан басқа дейін сыпырып алады», «тәтті естеліктер жағымды сезімдер ұялатады» т.б.
Өмірінің соңғы жылдарында Милтон Эриксон өзінің тәжірибесінде өзгеріс процестерін жеңілдету үшін ежелгі билік тарихын пайдаланды. Тарихтарды айту, оқыту мен емдеудің негізгі тәсіліне айналды. Біз бір нәрсе туралы әңгіме айтқан кезде тыңдаушылар өздерінің естерінде тарихи батырлардың бастарынан өткізген уайымдарымен сәйкес кезеңдерді іздей бастайды. Осы феноменді Эриксон әртүрлі психикалық механизмдерді белсендендіру арқылы қажетті жерге кіруге рұқсат алды.Эриксонның түсінігі бойынша адамға тікелей оның түйінді мәселесі жөнінде айтудың қажеті жоқ деп есептеді. Мысалы: егер адам бір нәрсені естен шығарса, Эриксон әдеттегідей естен шығарған адамдар жайында тарихтарды айтып, өзінің есімдерін естен шығарған, үйінде бір заттарды естен шығарып қалдырған немесе жұмысқа қажетті заттарды естен шығарғандарды, өздері уәделесіп кездесулерді естен шығарғандар жайында айтатан. Осыған сәйкес келетін тарихи оқиғалар естен шығарған психикалық механизмдердің белсенділігін арттыруын қажет етті. Арнайы тәсілдерді қолдану барысында әңгімеңізге әзілді, қайғыны, шиеленушілікті қосыңыз. Бірақ әңгіменің соңында қорытынды жасамаңыз. Қорытындыны тыңдаушының өзі жасасын. Немесе: «осыдан қорытынды шығарыңыз»- деп әңгімеңізді аяқтаңыз. Өзіңіздің әңгімеңізге қосалқы сенім элементтерін қосыңыз. Психотерапевтикалық тарихтар 60 минуттық ұзақтыққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар әңгімеңізге 3 модальдық сезімдерді (визуальдық, аудиальдық және кинестетикалықты) қосыңыз. Психикалық механизмдерді белсендіруге Эриксон үлкен мән берген. Адамның әртүрлі жағдайына байланысты соған бейімделіп өзгеретін адамның үйренуге деген қабілетін арттырады. Мысалы: «баланың алғашқы әріптерді үйренуі туралы тарихы. Бала мен үлкен адамның компьютерде жұмыс істеуді үйренуі». Эриксон қисық-қыңырлық іс әрекеттерді таңдауларды құттықтап өзінің терапевтикалық айла-тәсілі ретінде қолданды. Мысалы: Егер емделуші мен бұны істемеймін, маған оның қажеті жоқ десе, Эриксон оның пікірімен келісіп, қажет болған жағдайда орындамауын талап ету арқылы түйінді жағдайды қалыптастырып, серіктестікте жұмыс істеуге шақырған.
Медицина ғылымының докторы жаңашыл, тапқыр зерттеуші Мильтон Эриксонның пікірлері гипноз жайындағы қазіргі кезеңге сәйкес көзқарастарды қалыптастырып, дүниежүзілік психотерапевттердің тәжірибелік қызметіне үлкен із қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |