Дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру



бет4/5
Дата16.07.2022
өлшемі95,64 Kb.
#147519
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Syrt 1179 y sayasat

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін
ұйымдастыру

18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып табылады.
19. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
21. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың, сондай-ақ жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған персоналды, қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет