Дипломатиялық жұмыста агреман дегеніміз не және оның сұрау процесін атаңыз
Дипломатиялық қатынастардың қалыптасуыжәне өкілдікті құру мемлекеттердің өзара келісімімен жүзеге асырылады. Дипломатты тағайындау процедурасы және дипломатиялық өкілдік қабылдау аккредиттеу(яғни сенім білдіру) деп аталады. Агреман сұрау және оған жауап конфиденциальды түрде тек жазбаша түрде ғана емес сонымен қатар ауызша түрде де жүргізіледі. Агреманды сұрауға жауап өте ұзақ уақытқа дейін берілмесе ол келіспеушілік деп қабылданады. Агреманды сұрау туралы еске салуға болмайды. Бұл жағдайда агреман басқа тұлғаға сұралады, яғни ұсынылған «кандидатураның» орнына басқа «кандидатура» ұсынылады. Екінші мәрте ұсынылған «кандидатураға» қабылдаушы мемлекет «Агреман» берсе, онда ол дипломатиялық өкілдік басшысы атағына жіберуші мемлекеттің президентінің бұйрығымен тағайындалады. Агреман алған тұлға персона грат(жағымды тұлға), ал агреман ала алмаған тұлға персона нон грат, яғни қаланбаған адам деп есептеледі. Сыртқы Істер Министрі жанына аккредитациялатын 3-сынып өкілдер(сенімді өкіл классы) үшін де дәл осындай процесс жүреді. Бірақ оған сенім грамотасы емес СІМ тарапынан сенім хаты беріліп, қабылдаушы елдің СІМ-нен агреман сұралады. Қабылдаушы елдің СІМ-нен қажетті келісімді (агреман) алған Ісіне сенім білдірілген тұлға Сенім хатты өзі тиесілі мекен-жайына апарады. Ешқандай ресмилік болмайды. Уақытша ісіне сенім білдірілгендерді тағайындау туралы хат канцеляриялық түрде жібереді. Агреман әртүрлі жағдайды түрліше сұралады. Мысалға, егер дипломатиялық өкілдіктің басшысы мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін бірінші рет тағайындалса онда екі келіскен жақтың дипломатиялық өкілдік арқылы агреман сұрау үшінші елде жасалады. Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктің бір дипломатиялық басшысын екіншісімен ауыстырғанда агреман оның кетер алдын ізбасарымен немесе істе уақытша сенім білдірілген адамымен жасалады. Яғни бұрынғы елші кеткеннен кейін. Бұл жағдайда ұсынылып отырған адамның жасы, білімі, отбасы жағдайы, қызмет орны туралы қысқаша мәлімет беріледі. Аккредитациялаушы елде елшінің тағайындалғаны туралы (мемлекет басшысының бұйрығы) арнайы акт шығарылады. Бұл туралы баспасөзде хабарланады. Агреман алған
тұлғаға ел президенті сенім грамотасын береді. Сенім грамотасын алған тұлға (өкілдік басшысы) агреманды алып, арнайы тағайындалған елге келеді. Сенім грамотасы (фр. Lettre de creance «сенім» етістігінен туындаған) – дипломатиялық құжат. Ол заңдық статуспен бекітілген ресми куәлік. Мемлекет басшысының өкілетті елшіні ресми түрде дипломатиялық агент ретінде статусын (класы) және қызметтік атауы(рангісі) куәландырады. Дипломатиялық ранг немесе класс дипломатиялық корпустағы өзге дипломаттар арасында үлкендігін анықтауға септігін тигізеді. Сенім грамотасы аккредитациялаушы мемлекет басшысының қабылдаушы елдің басшысына жеке хаты түрінде құрастырылады. Яғни хат, алушы тараптың конституциялық титулына нақты сәйкес толтырылып, өкілді қабылдауға өтініш айтылады: «Ол нені айтып нені істесе де, барлығына сену» керектігі аккредитациялаушы мемлекет басшысы атынан жазылады. Сенім грамотасында көбіне жіберіп отырған жақтың «екі ел арасындағы достық қатынасты одан әрі нығайу» тілегі көрсетіледі.
Екінші дәрежелі дипломатиялық өкілдікті кім басқарады және себебін анықтама беріңіз
Қазақстан Республикасында дипломатиялық қызметкелерге берілетін дипломатиялық рангілерді сипаттап жазыңыз
Төтенше және Өкілетті Елші, I және II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді. Жоғарыда санамаланған дипломатиялық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қатысудың тиімділігін және Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қатысудың тиімділігін ескере отырып енгізеді. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі лауазымында кемінде екі жыл дипломатиялық қызмет өтілі бар дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымындағы дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісінен, департамент директорынан, Қазақстан Республикасының сенімді өкілінен, Қазақстан Республикасының бас консулынан төмен емес лауазымды атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.Басқа дипломатиялық дәрежелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері немесе құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.
Сыртқы саяси мақсатқа жетуде мемлекеттің қолданбайтын дипломатия түрін түсіндіріңіз
Танудың да шарттар мен жағдайларға байланысты түрлері бар. Де-факто - танудың толық сипаты емес. Бар болу фактіні жоққа шығаруға мүмкіндігі жоқ мемлекеттер, басқа ел үкіметі олармен дипломатиялық қатынастарды орнатпайды, бірақ сол уақытта іскер қатынастарға түсіп, сауда байланыстарды дамытады. Бұндай тану түрі танушы мемлекеттің жаңадан пайда болған мемлекеттің өмір сүру қабілеттігіне күмәнмен қарайтынын және бұны дипломатиялық қарым-қатынас орнатпай тек кейбір байланыс түрлерімен(сауда, саяси және экономикалық) шектеліп қалумен көрсетеді.
5) бір мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің өзінің аппараты(яғни өзінің дипломатиялық корпусы) арқылы басқа елде өкілеттік жасауын қалай атайды? Себебін түсіндіріңіз
кумуляция деп, бір дипломаттың бірнеше елді -өзінің елін және өзге де елдерді- үшінші мемлекетте өкілдік етуін атайды. Бұл бір мемлекеттің өзінің құрылымы(аппараты) арқылы халықаралық уәкілдігі. Бұндай қарым-қатынасты мемлекеттер арасындағы дипломатиялық байланыстың «айтарлықтай жақсы дәрежеде еместігін көрсетеді» деп тұжырымдауға болады. Мысалға, АҚШ КСРО-ны танымастан бұрын онымен дипломатиялық қарым-қатынасты Түркияның Москвадағы елшілігі арқылы 30-жылдарға дейін жүргізіп отырған. Әрине, Түрік елшілігі АҚШ-тың елшілік функциясын қоса атқарған жоқ, бұл жерде АҚШ Түрік елшілігін КСРОмен қарым-қатынасты жүргізу үшін пайдаланғанын атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |