Сурет 13 AES-256 шифрының коды
Төменде программа шығарған жәтиже көрсетілген (14 – сурет):
Сурет 14 Программа нәтижесі
Жоғарыда PyCryptodome кітапханасын қолданып, текстті AES-256 блоктық алгоритмімен шифрлайтын код жазылған. Мұндағы тақырыптың ұзындығы 16 байтты құрайды. Ал шифрланған текст GCM-шифрлануының шығыс ақпараты ретінде алынған, аралық шифрланған текстке аутентификацияланған тегтің (MAC) қосылуымен қалыптасады (13 - сурет).
2.3 GMP кітапханасын орнату және қолдану
[2.2.1] бөлімде GMP кітапханасына түсініктеме және сипаттама көрсетілген болатын. Енді осы бөлімде GMP кітапханасын орнатуды және оның қолданылуын қарастырып кетемін [12].
GMP кітапханасы арифметикамен жұмыс жасауға арналған тегін кітапхана. Бұл кітапханасын Mathematica, Maple және т.б. символдық есептеулерді қолданатын жүйелер қолданады.
GMP кітапханасын Windows операциялық жүйесіне орнату. Ол үшін Dev-C++ және MSYS қолданамыз. Әрі қарай MSYS файлын жүктеп, оны С:/ дискісіне орнатамыз. Сонда С:/ дискісіне GMP папкасын көшіреміз (15 - сурет)
Сурет 15 GMP, және msys папкілерін С дискісіне көшіру
Кейін MSYS жүйесін администратор атынан ашып, онда GMP-ның кітапханаларын орналастыру үшін келесі командалар орындалады:
cd c:/gmp
./configure –prefix=/c/code/gmp502c/ --enable-cxx
make
make check
make install
--enable-cxx - C++ тіліне қосымша libgmpxx қосымша кітапханасын жүктеуге мүмкіндік береді (бастапқа файл gmpxx.h). Ал make бұл .c файлдары бар скрипттерді қабылдайтын программа. Скрипттерді қабылдағаннан кейін оларды біріктіру үшін бірінші компиляторды, кейін компановщикті шақырады. GMP келесідей файлдардан жинақталады:
Басты файлдар:
gmp.h (C);
gmpxx.h (C++).
Кітапханалар:
libgmp.a (C);
libgmpxx.a (C++).
GMP-мен жұмыс жасағанда компиляция қателерін алдын-алу үшін, файлдың кітапханаларын жоғары орналастырып, проектінің настройкаларында көрсетіледі. Қосымша, версияларды исходниктерден қолданғандықтан, кітапханалар мен басты файлдарды іздеу үшін олардың орналасқан файлдарын келесідей көрсету керек:
GMP кітапханасының дұрыс орнатылғанын тексеру үшін келесі кодты компиляцияға жібереміз (16 - сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |