Байланысты: Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
Дене тәрбиесі мұғалімінің рөлі мен маңызы.Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі әте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен педагогикалық шеберлік - дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын міндетті талаптар осылар.
Мектепте сьшыптан тыс спорт жұмыстарын әдістемелі жағынан дұрыс және қызғылықты етіп ұйымдастыра алатын кәсіби білікті дене тәрбиесінің маман мұғалімі жұмыс істеуі қажет. Арнаулы білімі жоқ, бірақ өзін жұмыста жақсы көрсете білген дене тәрбиесінің мұғалімін білім жетілдіру курсына жіберу немесе сырттай дене тәрбиесінен білім алу үшін оқып алуына мүмкіндік жасау керек. Ұжым секцияларындағы оқыту ісіне өзге ұйымдардан оқытушыларды (спорт шеберлерін, ерікті спорт қоғамдарынан жаттықтырушыларды, әскери бөлімдерден нұсқаушыларды және т. б.) жұмысқа тартқан жағдайда оқушылармен жұмыс жүргізуге лайықты, яғни балалармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибесі бар адамдарды іріктеп алу керек. Секциядағы жаттықтырушылық жұмысқа адамдар тек директордың рұқсатымен ғана қабылданады.
Дене тәрбиесінің мұғалімі директордың алдында мектептегі дене тәрбиесінің барлық бөлімдері үшін, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстар үшін де жауап береді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін барлық адамдар өздерінің жасаған барлық құжаттарын бекітіп отыратын дене тәрбиесінің мұғаліміне тікелей бағынады.