Байланысты: Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
2. 1000 м, 2000 м, 3000 м жүгіру, 1,5 милиге (2400м) жүгіру Шымырлық қасиетті дамытуға ықпал ететін сынамалар.
Жүгіру стадионның жүгіру алаңында немесе мәресі мен сөресі белгіленген тегіс жене жүгіру қашықтығы мұқият өлшенген жерде өткізіледі. Жоғары старт алып жүгіруге бір мерзімде 10-12 адам қатыса алады. Төрешілер алқасы сөрені дұрыс жүгіріп өтуді ерекше қадағалайды. Егер кажет болған жағдайда желе жүруге көшуге рұқсат беріледі. Бірақ оқушыларға сөрені барынша тез жүгіріп өту нұсқауы беріледі.
Мәредегі уақыт дәлдігі 1 сек. дейінгі секунд өлшеушімен өлшенеді. Жаттығу тәсілі — үздіксіз жүгірудің барлық түрлерін орындау.
Стадион жағдайында 400-600 м жүгіру 1,5-2,0 мин. аралығымен екі рет қайталанады.
Қиылысты жерде, орманда, құмда және басқа да жағдайлы жерлерде жүгіру.
Сөренің жартысын жүгіру, жүгіру ырғағын өзгертіп, барлық жолды жүгіріп өту. „Жеңіл атлетика" оқулығында егжей-тегжейлі мәліметтер берілген.