Байланысты: Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
Жаттығуды орындау жылдамдығын өзгерту әдістемесі. Бұл әдістеменің ерекшелігі – жаттығуды орындау уақыты өзгеріссіз болады да, жаттығуды қайталап орындау саны ұлғайтады. Жаттығуды орындау жиілігі артқан кезде дем алу процесінің жұмысыда артады. Әр жаттығу сайын, біртіндеп орындау жылдамдығын арттыру, тыныс алу жүйесінің шынығып жақсаруына ықпал етеді. Жаттығулар үзіліс пен және қайталау әдістемелері бойынша орындалса тиімді болып келеді.
«Үзілісті әдістемені» қолдану кезіндегі шыдамдылық қабілет орындалатын жаттығу арасындағы демалуға бөлінетін үзілістің уақытын біртіндеп қысқарту арқылы іске асырылады.Осы әдістемені балуандар күресі кезінде де қолданып әр белдесудің арасындағы демалуға берілетін уақытты қысқарту арқылы балуандардың шыдамдылығын арттыруға болады. Осылай жасау жарыс кезінде, бір күнде болатын бірнеше белдесуге төтеп беретіндей балуан шыдамдылығын көтеруге көмектеседі. Жаттығуды қайталай орындаудың, жаттығуды бөліп орындаудан айырмашылығы демалуға кететін уақыт пен, орындалған жұмыстың екпінін азайту арқылы іске асырылады. Мысалы, 6-10 минут аралығында орындалатын түрлері бірдей жаттығуларды орындау, оның екпінін өзгерту арқылы және демалуға кететін уақытты қысқарта беруге бағытталады. Осылай болған жағдайда денеге түсетін жүктеме арта береді де, адамның тыныс алу жүйесінің осы жүктемелерге төзе бастауын қалыптастырады.