ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттік жастар саясаты және оны іске асыру тақырыбында
зерттелген дипломдық жұмысымды қорытындылай келе «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы және «Қазақстан
2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар
саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында қойылған мақсат-
міндеттердің басым бӛлігінің жүзеге асқандығын кӛруге болады. Жастар
жылында ӛскелең ұрпақты қолдау үшін кӛптеген жұмыс атқарылды. Жастар
жылы аясындағы жобаларды іске асыру кезінде нақты жұмыстар
жүргізілгендігін атап кӛрсетуге болады. Мемлекеттік органдар Жастар
саясатын жүзеге асару барысында бірнеше маңызды бағыттар бойынша
жұмыстар жүргізді.
- «7-20-25», «Жас Отбасы», «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында
еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру туралы шешім
қабылданды. Сонымен қатар 29-жасқа дейінгі жастарға жалға пәтер беру
бағдарламасы аясында жас отбасылардың басым бӛлігі пәтерге ие болған.
Жалға берілген пәтер құны- 15 мың теңге;
- «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы
«Жас кәсіпкер» бағыты бойынша 5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас
кәсіпкер атанған. Алдағы үш жыл ішінде олардың саны 30 мыңға дейін
кӛбеймек;
-10 мың жас бизнесмен шағын несиенің арқасында ӛз ӛндірісін кеңейтті;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылды ӛркендетуге үлес
қосқысы келетін жастарға 6 мыңнан астам жәрдемақы, баспана алу үшін 4
мыңға жуық несие бӛлінді;
- «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында құрылыс отрядтары
жанданып, 2 мыңдай студент жұмыспен қамтылды;
-"Жас кәсіпкер" және "Жас маман" жобалары "Еңбек" мемлекеттік
бағдарламасына енгізіліп, қажетті қаржы бӛлінді;
-Президенттік кадр резерві жасақталды;
-Университет спартакиадаларының қозғалысы қайта жаңғырды;
-Ұлттық спорт түрлерін қолдау және жас жазушылардың Әдебиет
академиясын ашу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Жастар саясатының негізгі мақсаты жастарға керек жаңа мүмкіндіктерге
жол ашу еді. Осы қажеттіліктерді ескере отырып, мемлекет үш жылға Жол
картасы жоспарын құрылды. Осы уақытқа дейін атқарылған шаралардың басын
қосатын алдағы бес жылда жұмыс істейтін мемлекеттік бағдарламалар
әзірленіп жатыр.
Дипломдық жұмысты орындау барысында тұжырымдаманың басты
мақсатын, яғни жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді
одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының
тиімді моделін қалыптастыру бойынша атқарылған іс- шаралар толық қаралды.
Оның ішінде қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, салауатты
ӛмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастар
82
бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет
қалыптастыру,жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау,
жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жастарды мәдени
құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін
ӛздігінен дамытуын ынталандыру, жастар ортасында моральдық-рухани
сабақтастықты қамтамасыз ету, мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-
зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
міндеттері қаралып, зерттелді. Сонымен қатар мемлекеттік жастар
Қысқасы, бұл жұмыста Жастар саясатының теориялық негізі жастар
саясатының негізгі бағыттары бойынша барлық қағидалар талданды.
Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша елімізде
атқарылып жатқан іс- шаралар кӛрсеткіштер мен ағымдағы жағдайлар
талданды. Жастар саясатының жергілікті жерлерде жүзеге асу деңгейін зерттеу
мақсатында «Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі» ММ мемлекеттік
жастар саясатын дамытуды жүзеге асыруы мен ағымдағы жағдайын талданды.
Сонымен қатар «Жезқазған Бизнес және кӛлік колледжді» ЖМ жастар
саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің шешілу
деңгейі де дипломдық жұмыс барысында талданды.
Жастар саясаты - ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Жастар саясаты
жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы
әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға,
жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын
қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар
саясатының басты мақсаттарының бірі - еліміздің әлеуметтік, экономикалық,
мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу.
«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға
жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар ӛмірдегі ӛзінің жеке табысын іздей
отырып, жақындары, ӛз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар
болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», - деген Н.Назарбаевтың үмітін
жастар әрқашан ақтар.
|