1.1 Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы телемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы телемдерін тағайындаушы органға беріледі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды ресімделуіне көмек көрсетуге міндетті.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әдеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайьшдаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.
Ұлы Oтан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақсган Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мелшерін қоспағанда, 1998жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мелшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.Ортaлықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.
Зeйнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс
Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорга төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірінші жөне екінші топтардагы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедек-тігі мерзімсіз болып белгіленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
2005 жылгы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және
(немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты түрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тартіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тартіппен аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міңдетті зейнетақы жарналары қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он проценті мөлшеріңце белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайы-нғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен аспауға тиіс. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақының он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен жоғары болмауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудыңтәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салымшы-жеке тулғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енпзеді. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тулғалар болуы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы телемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшін жауапкершілік: Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндіріп алады немесе оларды агенттер әрбір кешіктірілген күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуга тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаган жағдайда салық органдары міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердің банктегі шоттарынан өндіріп алуға құқылы.Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агентке жіберілетін хабарлама негізінде жүргізіледі.
Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салықо рганының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.Клиентке қойылатын талаптардың барін қанағаттандыру үшін банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жагдайда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Салық органдарының шешімі бойынша, егер агент міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін табыс етпесе және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агент-тердің банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен орындаута міндетті.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарған салық органы жояды.
Агенттің 6анк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агенттің қолма-қол ақшасынан өндіріп алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың: жасы елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетакы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда; егер мугедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің; Қазақстан Рвспубликасынан тыс жерлерге тұрақгы тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
елу бес жасқа толған адамдардың;
мүгедектердің;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін
немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Реслубликасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың қуқығы пайда болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне: елу жасқа толған; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңцарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
Алушыға Орталыктан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы телемдерінің мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, кесте бойынаша төленетін зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшері мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейін есептеледі. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақгалған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақгардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы анну-итеті бойынша Қазақстан Республикасының заңцарында кезделген тәртіппен сақтан-дыру ұйымына аударуға;
қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін телеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығы-старды өтеуге.
Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегені үшін он бес еселенген айлық есептік керсеткіш шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолы төлем жасайды.
Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасатын зейнетақы шарты:
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.
Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі: Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің салымшы мен алушының алдындағы міндеттемелері бойынша өз мүлкімен ғана жауапты болады; Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді; Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді; Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталган зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктің кінәсінен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейін ескере отырып, өз капиталы есебінен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне дейін қалпына келтіруге міндетті; Жинақталған эейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктіруге кінәлі заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде есімпұл төлеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |